Toggle Dropdown
205
Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудiң жекелеген мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136 қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 29.04.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағында болуын құқықтық реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Toggle Dropdown
1. Қоса берiлiп отырған Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуiнiң және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртiбi (бұдан әрi - Тәртiп) бекiтiлсiн.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі, Сыртқы iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегі агенттiгі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсiм бойынша заңдарда белгіленген тәртiппен 2000 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзiмде:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасы Yкiметінiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныс енгізсiн;
Toggle Dropdown
2) осы қаулымен бекiтiлген Тәртiптiң ережелерiн iске асыру мақсатында нормативтi құқықтық актілердi әзiрлеудi, келiсудi және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркеудi қамтамасыз етсiн.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгі осы қаулының 2-тармағының iске асырылуына жәрдем көрсетсiн.
Toggle Dropdown
4. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
Toggle Dropdown
1) "Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1993 жылғы 10 наурыздағы N 186 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1993 ж., N 7, 87-құжат);
Toggle Dropdown
2) "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 10 наурыздағы N 186 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 30 желтоқсандағы N 1367 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1998 ж., N 50, 465-құжат).
Toggle Dropdown
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап бiр ай мерзiм өткен соң күшіне енеді.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 28 қаңтардағы
N 136 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
3
Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібі
Toggle Dropdown
1
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Тәртіп Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Халықтың көші-қоны туралы », «Босқындар туралы», «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және: z1100000477 Қараңыз
Toggle Dropdown
1) шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуінің және Қазақстан Республикасынан кетуінің;
Toggle Dropdown
2) шетелдіктердің Қазақстан Республикасында уақытша болуы және тұрақты тұруы құқығына арналған құжаттарды ресімдеудің;
Toggle Dropdown
3) шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүруінің және транзиттік өтуінің;
Toggle Dropdown
4) шетелдіктердің болуы мерзімдерін ұзартудың және қысқартудың, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасынан кетірудің тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Тәртіптің күші, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады.
Toggle Dropdown
3. Шетелдіктерді Қазақстан Республикасына шақырған қабылдаушы жеке және заңды тұлғалар шетелдіктерге Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Тәртіпте көзделген құқықтар мен міндеттерді уақытылы түсіндіруді, шетелдіктерге қатысты белгіленген құқықтық нормалардың орындалуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында болуы, елдің аумағы бойынша жүріп-тұруы құқығына арналған және оларға белгіленген болудың мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасынан кетуіне арналған құжаттардың уақытылы ресімделуі үшін заңдарда белгіленген жауаптылықта болады.
Toggle Dropdown
Шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының лауазымды тұлғалары мен азаматтарының осы Тәртiптiң талаптарын сақтауын бақылауды ұлттық қауiпсiздiк органдарымен өзара iс-қимылда iшкi iстер органдары жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
2. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуi және Қазақстан Республикасынан кетуi
Toggle Dropdown
4. Шетелдік, егер Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасындағы құқықтық жағдайын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және/немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше тәртiп белгiленбесе, Қазақстан Республикасының визасы болған жағдайда, төлқұжаты немесе оны алмастыратын құжаттар (бұдан әрi - төлқұжат) бойынша мемлекеттiк шекарадағы халықаралық және жолаушы қатынастары үшiн ашық өткiзу пункттерi арқылы Қазақстан Республикасына келедi және Қазақстан Республикасынан кетедi.
Toggle Dropdown
Визаның қолданылу мерзiмi шетелдік паспортының қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн кемiнде 6 ай бұрын аяқталуы тиiс.
Toggle Dropdown
1
5. Шетелдіктерге Қазақстан Республикасына келiп кетуге визаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері (бұдан әрі - шетелдегі мекемелер) мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің консулдық пункттерi, ал ондайлар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының уәкiлеттiк берiлген органдары бередi.
Toggle Dropdown
6. Шетелдіктерге Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасынан кетiп, қайта келуге визаларды Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, сондай-ақ ол уәкiлеттiк берген аумақтық iшкi iстер органдары бередi.
Toggle Dropdown
Төлқұжаты Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнде және оның өкiлдiктерiнде тiркелген шетелдіктерге визалар берудi осы ұйымдар жүргiзедi.
Toggle Dropdown
7. Қабылдаушы ұйымдардың өтiнiшi бойынша шетелдіктерге Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге бiрнеше мәртелiк виза берiлуi мүмкiн.
Toggle Dropdown
8. Қазақстан Республикасының визаларын беру үшiн: .
Toggle Dropdown
1) халықаралық ұйымдардың, шет мемлекеттер өкiлдiктерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттiк ұйымдарының заңдарда белгiленген тәртiппен ресiмделген жазбаша өтiнiштерi;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасына жеке iстерi бойынша, жеке тұлғалардың шақыруы бойынша iскерлiк мақсаттармен немесе тұрақты тұруға келетiн шетелдіктер үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге iшкi iстер органдарының рұқсаты;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгілейтін тәртіпке сәйкес шетелдіктерді Қазақстан Республикасына шақыру үшін заңды немесе жеке тұлғалардың заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделген жазбаша өтініштері;
Toggle Dropdown
4) өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi өкiлеттi органның өңiрлiк қаржы орталығында қызметiн жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының аумағына келетiн шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы өтiнiшi негiз болып табылады.
Toggle Dropdown
9. Визалар берудiң негiздемесi шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу мақсаттарына сәйкес келуi тиiс. Қазақстан Республикасына жеке тұлғалардың шақыруы бойынша, яғни жеке iстерi бойынша келген, сондай-ақ iскерлiк мақсатпен, оқуға, емделуге және турист ретiнде келген шетелдіктер Қазақстан Республикасының аумағында жұмысқа орналаспайды, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, визада көрсетiлген келу мақсатымен байланысты емес өзге де қызметпен айналыса алмайды.
Toggle Dropdown
Eгep Қазақстан Республикасының Үкiметi мен шетелдiк инвесторлар арасында рұқсат берудiң белгiленген тәртiбi қолданысқа енгiзiлгенге дейiн жасалған шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдiк жұмыс күшiн лицензиясыз тартуға (әкелуге), сондай-ақ Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдiктердiң тиiстi рұқсатсыз еңбек қызметiн жүзеге асыруына тыйым салынады.
Toggle Dropdown
Еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн (жұмысқа) Қазақстан Республикасына келуге визаны тек Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерi ғана, олар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының арнайы уәкiлеттi өкiлдерi бередi.
Toggle Dropdown
10. Визалардың санаттарын, дүркінділігін, оларды берудiң тәртібін, сондай-ақ олардың қолданылу мерзiмдерiн қысқарту мен ұзарту үшін негіздемені Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі айқындайды.
Toggle Dropdown
1
11. Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген негіздер бойынша шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуiне және Қазақстан Республикасынан кетуiне тыйым салынуы мүмкiн.
Toggle Dropdown
11-1. Қазақстан Республикасына келу кезiнде 16 жасқа толған әрбiр шетелдікке көшi-қон карточкасы беріледi.
Toggle Dropdown
Көшi-қон карточкалары Қазақстан Республикасынан кету кезiнде тапсырылуы тиiс.
Toggle Dropdown
Көшi-қон карточкалары:
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының дипломаттық, қызметтiк және инвесторлық визасы бар адамдарға;
Toggle Dropdown
әуе, теңiз және өзен кемелерi экипаждарының мүшелерiне;
Toggle Dropdown
поезд, оның iшiнде рефрижератор, локомотив бригадаларының жұмыскерлерiне және темiр жол көлiгiмен тасымалданатын жүктердi бiрге алып жүретiн адамдарға;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетiн поездардың жолаушыларына;
Toggle Dropdown
халықаралық автотасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiне берiлмейдi.
Toggle Dropdown
11-2. Оралмандарды, пана іздеген адамдарды, босқындарды Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында туған немесе бұрын азаматы болған адамдарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, әрбір шетелдік Қазақстан Республикасына келуі кезінде болу және кету үшін:
Toggle Dropdown
ол тұрақты тұратын мемлекеттің аумағындағы ең жақын әуежайға дейін "Экономикалық" сынып бойынша кемінде авиабилеттің құны мөлшерінде;
Toggle Dropdown
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен ол тұрақты тұратын мемлекеттің аумағындағы ең жақын станцияға дейін кемінде темір жол (купелі вагон) немесе автомобиль көлігіне, билеттің құны мөлшерінде;
Toggle Dropdown
болатын әр күніне кемінде екі есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қажетті қаражатының бар екендігін растайтын мәліметтерді ұсынуы тиіс.
Toggle Dropdown
Қаражатының бар екендігі туралы банктің анықтамасы төлем қабілеттілігін растайтын құжат бола алады;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасында болуы және одан шығуы үшін төлем қабілеттілігін растауды тексеруді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
3
3. Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдіктерді тiркеу
Toggle Dropdown
12. Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдіктердің өздерiмен бiрге осы Тәртiпте белгiленген ретпен тiркелген төлқұжаты болуы және оларды уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың талап етуi бойынша көрсетуге мiндеттi.
Toggle Dropdown
Шетелдік төлқұжатын жоғалтқаны туралы тез арада, азаматтың өтiнiшi бойынша ол туралы анықтама беретiн, iшкi iстер органына хабарлауы қажет.
Toggle Dropdown
Пана іздеген адамдар, сондай-ақ босқындар Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен алынған пана іздеген адамның куәлігін немесе босқын куәлігін өзімен алып жүруге және оларды уәкілетті мемлекеттік органдардың талап етуі бойынша көрсетуге міндетті.
Toggle Dropdown
13. Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өткен күннен бастап бес күнтiзбелiк күн iшiнде өзiнiң тұрақты немесе уақытша тұратын жерi бойынша тiркелуге мiндеттi. Шетелдіктерді тiркеу жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Пана іздеген адамдарды және босқындарды тіркеу Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделеді.
Toggle Dropdown
14. Қазақстан Республикасында шетелдіктердің төлқұжаттарын тiркеудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Ішкi iстер министрлiгi айқындайды.
Toggle Dropdown
15. Тiркеу шетелдiктің ұлттық паспорты мен визасының қолданылу мерзiмiнен аспайтын кезеңге ресiмделедi.
Toggle Dropdown
Тіркеу шетелдіктердің жеке өтініш беруі не шетелдіктерді қабылдайтын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасымен келудiң және болудың визасыз тәртiбi туралы халықаралық шарттары бар елдерден Қазақстан Республикасына келген азаматтарды тiркеу отыз тәуліктен, ал Кеден одағына мүше мемлекеттердің азаматтары үшін тоқсан тәуліктен аспайтын мерзімге жүргізіледі және кейіннен дәл осындай мерзімдерге ұзартылады.
Toggle Dropdown
Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға заңда белгiленген тәртiппен ресiмделген рұқсаты бар шетелдіктерді, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін тiркеу осы рұқсаттың қолданылу мерзiмiне ресiмделедi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының оқу орындарында оқитын шетелдіктерді, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін тiркеу бiр оқу жылына ресiмделедi.
Toggle Dropdown
Заңда белгіленген тәртіппен өздеріне қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс болып танылатын әрекет жасалғаны туралы хабарлаған шетелдіктерді тіркеу Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес арызды қарау үшін қажетті мерзімге ресімделеді. Егер арыз бойынша қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылданса, тіркеу қылмыстық істі тергеу үшін қажетті мерзімге ұзартылады.
Toggle Dropdown
Шетелдіктер Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес паспорттарды тiркеуден босатылуы мүмкін.
Toggle Dropdown
15-1. Оларға қатысты ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасалған шетелдіктерді тіркеуді, Қазақстан Республикасының визаларын беруді ресімдеу тәртібін, сондай-ақ олардың жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайда жеке басын анықтау рәсімін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп айқындайды.
Toggle Dropdown
16. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен оның өкiлдiктерiнде:
Toggle Dropdown
1) шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктер мен консулдық мекемелер басшыларының, дипломатиялық қызмет мүшелерiнiң, консулдық лауазым иелерiнiң, дипломатиялық өкiлдiктер мен консулдық мекемелердiң әкiмшiлiк-техникалық және қызмет көрсететiн қызметшiлерiнiң, әскери атташе аппараты мен сауда өкiлдiктерi қызметкерлерiнiң және олардың отбасы мүшелерiнiң, сондай-ақ егер қонақтар көрсетiлген өкiлдiктер мен мекемелердiң аумағында тұратын болса, шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктер мен консулдық мекемелер басшылары қонақтарының;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасына қызметтiк iс бойынша келген және дипломатиялық немесе қызметтiк төлқұжаты бар шетелдiк мемлекеттердiң Сыртқы iстер министрлiктерi қызметкерлерiнiң және олардың отбасы мүшелерінің;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасына қызметтiк iс бойынша келген халықаралық ұйымдардың лауазымды тұлғаларының, аталған ұйымдардың Қазақстан Республикасындағы өкiлдiктерi қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасында штаб-пәтерi бар халықаралық ұйымдардың жанындағы елдер өкiлдiктерiнiң халықаралық шарттарға сәйкес дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттi пайдаланатын қызметкерлерiнiң, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiнiң;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi тиiстi визалар беретiн шетелдiк ұйымдар-инвесторлар басшыларының немесе өзге де басшы қызметкерлерiнiң;
Toggle Dropdown
5) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң шақыруы бойынша келген адамдардың төлқұжаттары тiркеледi.
Toggle Dropdown
17. Iшкi iстер органдарында осы Тәртiптiң 15-тармағының алтыншы абзацында және 16-тармағында көрсетiлмеген шетелдіктердің паспорттары тiркеледi.
Toggle Dropdown
Iшкi iстер органдарымен келiсiм бойынша шетелдіктердің паспорттарын тiркеу Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерi, тіркеу құқығы берілген заңды тұлғалар арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде және заңды тұлғаларда шетелдіктердің паспорттарын тiркеу туралы ақпарат тiркелген күнiнен бастап бес тәулiк iшiнде iшкi iстер органдарына хабарланады.
Toggle Dropdown
3-1. Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын шетелдіктерді есептiк тiркеу
Toggle Dropdown
17-1. Дiни-ағартушылық қызмет (бұдан әрi - миссионерлiк қызмет) арқылы қандай да бiр дiн iлiмiн уағыздау және (немесе) таратумен айналысатын шетелдіктерді есептiк тiркеудi жергiлiктi атқарушы органдар жүргiзедi.
Toggle Dropdown
17-2. Есептiк тiркеу үшiн шетелдіктер төлқұжаты тiркелген сәттен бастап үш тәулiк iшiнде жергiліктi атқарушы органға мынадай құжаттар мен материалдарды:
Toggle Dropdown
1) дiни нанымға тиесiлiгiн, миссионерлiк қызметтiң аумағы мен мерзiмiн көрсете отырып, өтiнiштi;
Toggle Dropdown
2) миссионерлiк қызметтi жүзеге асыру құқығына дiни ұйым берген сенiмхаттың немесе өзге де құжаттың көшiрмесiн;
Toggle Dropdown
3) миссионер мүддесiн бiлдiретiн дiни ұйым өз елiнiң заңнамасына сәйкес ресми тiркелгендiгiн куәландыратын тiркеу туралы куәлiктiң немесе өзге де құжаттың көшiрмесiн;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасында тiркелген дiни ұйымның шақыруын;
Toggle Dropdown
5) миссионерлiк қызметке арналған әдебиеттi тыңдау, бейне материалдарын және (немесе) өзге де дiни мақсаттағы заттарды ұсынады.
Toggle Dropdown
Көрсетілген құжаттарды ұсыну кезінде өтініш беруші белгіленген тәртіппен тіркелген төлқұжатын көрсетеді.
Toggle Dropdown
17-3. Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдіктерді есептік тіркеуді құжат берілген күнінен бастап жеті тәуліктен аспайтын мерзімде жергілікті атқарушы орган жүргізеді.
Toggle Dropdown
1
4. Шетелдіктерге Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаттар беру
Toggle Dropdown
18. Iшкi iстер органдары берген рұқсат, сондай-ақ тұруға ықтиярхат алған шетелдіктер Қазақстан Республикасында тұрақты тұратындар деп танылады.
Toggle Dropdown
19. Өзге заңдық негiздемедегi шетелдіктер Қазақстан Республикасына уақытша келген болып саналады. Қазақстан Республикасына уақытша келген, көшіп келушілер болып табылатын шетелдіктер өздерiн тұрақты тұруға қалдыру туралы өтiнiш жасай алады.
Toggle Dropdown
20. Шетелдіктерді Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдырудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi айқындайды.
Toggle Dropdown
21. Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаттар: шетелдік үшiн - Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адам үшiн - азаматтығы жоқ адамның куәлiгi болып табылады.
Toggle Dropdown
22. Шетелдіктер Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтiнiштi, осы Тәртiптiң 20-тармағына сәйкес белгiленген тәртiппен, уәкiлеттi органдарға бередi.
Toggle Dropdown
Шетелдіктер Қазақстан Республикасында тұру құқығына арналған қолда бар құжаттың қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы немесе жаңасын беру туралы өтiнiштi өздерiнiң тұратын жерi бойынша iшкi iстер органдарына, оның қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн екi айдан кешiктiрмей, ал ол жоғалған жағдайда - үш тәулiктен кешiктiрмей бередi.
Toggle Dropdown
23. Шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген негіздемелер бойынша мыналарға бас тартылуы мүмкiн.
Toggle Dropdown
Тұрақты тұру рұқсатын және азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн беруден бас тарту Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағымдалуы мүмкiн.
Toggle Dropdown
24. Шетелдіктер өз төлқұжаттарының қолданылу мерзiмi аяқталған күнiнен бастап 6 айдың iшiнде жаңа немесе ұзартылған құжаттарды көрсетпесе, iшкi iстер органдары оларға азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн бередi.
Toggle Dropdown
Азаматтығы жоқ адамның куәлiгi, егер оның иесi iшкi iстер органдарына жарамды төлқұжатын көрсетсе, ықтиярхатқа ауыстырылады.
Toggle Dropdown
25. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер, заңдарда Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн көзделген тәртіппен, тұрақты және уақытша тұратын жері бойынша тiркеуге жатады.
Toggle Dropdown
1
5. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп-тұруы мен транзиттiк өтуi және олардың Қазақстан Республикасында тұратын жердi таңдауы
Toggle Dropdown
26. Шетелдіктер Қазақстан Республикасының шетелдіктердің болуы үшiн ашық аумағы бойынша еркiн жүрiп-тұра және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпке сәйкес тұратын жердi таңдай алады. Жүрiп-тұру мен тұратын жердi таңдаудағы шектеулер, ол: мемлекеттiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, қоғамдық тәртiптi, халықтың денсаулығы мен өнегесiн сақтау, Қазақстан Республикасының азаматтары мен басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болғанда Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң немесе Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
Toggle Dropdown
27. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасы бойынша жүрiп-тұруының, сондай-ақ олардың шетелдіктер үшiн жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) баруының тәртiбiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен Iшкi iстер министрлiгi айқындайды.
Toggle Dropdown
28. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетiн шетелдiктердiң Қазақстан Республикасына келуi және Қазақстан Республикасынан кетуi үшiн Қазақстан Республикасының транзиттiк визасы ресiмделедi.
Toggle Dropdown
29. Шетелдiктердiң Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк өтуiне, оларда үшiншi елге кiру үшiн жарамды құжаттар (визалар) болған жағдайда, бес тәулiктен аспайтын мерзiмге рұқсат етіледi.
Toggle Dropdown
30. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы мемлекеттерге олардың азаматтығының визасыз келу туралы келiсiм бар елдерге транзитпен өтетiн шетелдiктерде Қазақстан Республикасының транзиттiк визасы болуы мiндеттi.
Toggle Dropdown
31. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарымен транзитпен өтетiн, оның iшiнде жүктердi автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiктер халықаралық автомобиль қатынасы үшiн ашық жолдар бойынша ғана жүредi.
Toggle Dropdown
32. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк өтуiнiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi айқындайды.
Toggle Dropdown
5-1. 2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарына қатысушылардың Қазақстан Республикасына келуі, тіркелуі, аккредиттелуі, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуі
Toggle Dropdown
6. Осы Тәртiптi бұзғаны үшiн жауаптылық. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуы мерзiмiн қысқарту және кетiру
Toggle Dropdown
33. Осы Тәртiптiң нормаларын бұзу заңдармен көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Toggle Dropdown
34. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуының мерзiмiн қысқарту және оларды Қазақстан Республикасынан кетiру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздемелер бойынша жүргiзiледi.
Toggle Dropdown
35. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуының мерзiмiн қысқарту туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iшкi iстер органдары немесе ұлттық қауiпсiздiк органдары қабылдайды.
Toggle Dropdown
36. Кетiру туралы шешiмдi сот қабылдайды. Бұл ретте шетелдіктерді кетiрудi ұйымдастыру үшiн қажетті мерзiмге ұстауға жол берiледi. Оларды ұстау iшкi iстер органдарының арнайы мекемелерiнде жүргізiледi.
Toggle Dropdown
Кетiру бойынша шығыстарды кетiрiлетiн шетелдіктер не шетелдiктi Қазақстан Республикасына шақырған ұйымдар немесе жеке адамдар, ал ерекше жағдайларда iшкi iстер органдары көтередi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына келу құқығынсыз келген адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету үшiн ол адамдарды әкелген көлiк ұйымы жауапты болып табылады.
Toggle Dropdown
37. Шетелдіктер заңдарда белгiленген тәртiппен өзiн Қазақстан Республикасынан кетiру және Қазақстан Республикасында болу мерзiмiн қысқарту туралы шешiмге шағымдануға құқылы.
Toggle Dropdown
38. Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық келiсiмдерiне сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланатын шетелдіктердің осы Тәртiптi бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында болу мерзiмiн қысқарту туралы мәселе дипломатиялық арналар бойынша шешiледi.
Toggle Dropdown
7. Халықаралық келiсiмдер
Toggle Dropdown
39. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық келiсiмдерiнде осы Тәртiпте қамтылғандардан өзгеше ережелер белгiленген болса, халықаралық келiсiмнiң ережесi қолданылады.
Toggle Dropdown
Шетелдіктердің Қазақстан
Республикасына келуінің және болуының,
сондай-ақ олардың Қазақстан
Республикасынан кетуінің тәртібіне
1-қосымша
Toggle Dropdown
Аккредиттеу картасының нысаны
Toggle Dropdown
Шетелдіктердің Қазақстан
Республикасына келуінің және болуының,
сондай-ақ олардың Қазақстан
Республикасынан кетуінің тәртібіне
2-қосымша
Toggle Dropdown
Сәйкестендіру картасының нысаны