• Мое избранное
Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 14

Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 Қаулысы

Редакция 29.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 7) тармақшасына және 58-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.02.2024 жылғы № 80 Қаулысына сәйкес (26.09.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған:
1) Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидалары;
2) Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 21 қаңтардағы
№ 148 қаулысымен
бекітілген
  • 8
Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2012 жылғы № 1787 Қаулысымен  (21.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.02.2014 жылғы № 54 Қаулысымен (28.03.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.04.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.02.2014 жылғы № 133 Қаулысымен (04.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.05.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.06.2014 жылғы № 639 Қаулысымен (24.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.07.2015 жылға дейін әрекет етеді)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.06.2015 жылғы № 483 Қаулысымен (11.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 31.12.2017 жылға дейін әрекет етеді)
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 07.04.2016 жылғы № 190 Қаулысына сәйкес (26.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.04.2016 жылы № 70 (28798) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Жалпы ережелер
1. Осы Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы», «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» заңдарына сәйкес әзірленді және көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.12.2016 жылғы № 838 Қаулысына сәйкес (07.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.02.2024 жылғы № 80 Қаулысына сәйкес (26.09.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидалардың нормаларын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.
3. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында болу мерзімдерін қысқарту және оларды Қазақстан Республикасынан шығару Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңдарында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда осы Қағидаларда қамтылғаннан өзге қағидалар белгіленген болса, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібі
5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және/немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше тәртіп белгіленбесе, Қазақстан Республикасының визалары болған кезде көшіп келушілер халықаралық және жолаушы қатынастары үшін ашық Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттері арқылы паспорттары немесе оларды алмастыратын құжаттары (бұдан әрі – паспорттар) бойынша Қазақстан Республикасына келеді және Қазақстан Республикасынан кетеді.
Визаның қолданылу мерзімі көшіп келуші паспортының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш ай бұрын аяқталады.
6. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында болуының рұқсат етілген мерзімі:
6-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.12.2017 жылғы № 814 Қаулысына сәйкес (07.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.06.2020 жылғы № 342 Қаулысына сәйкес (17.04.2020ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 20.06.2020 жылдан бастап)
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.07.2022 жылғы № 464 Қаулысымен (04.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.12.2022 жылғы № 1146 Қаулысына сәйкес (10.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 27.01.2023 жылдан бастап)
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.02.2024 жылғы № 80 Қаулысына сәйкес (26.09.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасына виза алуды талап етпейтін тәртіппен келген көшіп келушілер үшін – егер Қазақстан Республикасының тиісті тараппен жасалған келісімінде өзгеше тәртіп белгіленбесе немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі өзгеше тәртіп белгілемесе, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күн, күнтізбелік жүз сексен күннен тұратын әр кезең ішінде жиынтығында күнтізбелік тоқсан күн өткен соң;
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерінің азаматтары үшін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн, күнтізбелік жүз сексен күннен тұратын әр кезең ішінде жиынтығында күнтізбелік тоқсан күн өткен соң;
Қазақстан Республикасына кіруге арналған визаның негізінде келген көшіп келушілер үшін – визаның мерзімі өткен соң;
болудың өзге мерзімдері айқындалатын, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар бар мемлекеттердің азаматтары үшін – осы шарттарда көрсетілген мерзімдер өткен соң;
уақытша тұруға рұқсат ресімдеген көшіп келушілер үшін – осы рұқсаттың қолданылу мерзімі өткен соң;
бұған дейін Қазақстан Республикасында болу мерзімін бұзуға жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған көшіп келушілер үшін – әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім шығарылғаннан кейін күнтізбелік он бес күн өткен соң;
қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталған көшіп келушілер үшін – сот шешімінің негізінде олар елден шығарып жіберілген жағдайларды қоспағанда, жазасын өтегеннен немесе жазадан босатылғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң;
Қазақстан Республикасында тұрақты тұрған және шет елге тұрақты тұруға Қазақстан Республикасынан шығуға арналған құжаттарды ресімдеген көшіп келушілер үшін – құжаттар ресімделгеннен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң;
қылмыстық-процестік заңнамада белгіленген тәртіппен өздеріне қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс деп танылатын іс-әрекеттер жасалғаны туралы хабарлаған көшіп келушілер үшін – өтініш Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес қаралғаннан кейін күнтізбелік отыз өткен соң;
Қазақстан Республикасы соттарының үкімдері бойынша қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға шартты түрде сотталған, сондай-ақ шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған көшіп келушілер үшін – тағайындалған жазаның мерзімі не жазаның өтелмеген бөлігі аяқталғаннан кейін күнтізбелік он бес күн өткен соң аяқталады;
қылмыстық-процестік заңнамада белгіленген тәртіппен осындай қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша жәбірленушілер немесе куәгерлер деп танылған көшіп келушілер үшін – болу мерзімі қылмыстық істі тергеу үшін қажетті, бірақ күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын кезеңге ұзартылады;
айрықша жағдайларда (әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде және дүлей апаттың немесе ірі ауқымды аварияның (апаттың) нақты қауіп төндіруіне байланысты төтенше жағдай енгізілген, сондай-ақ көліктің жұмыс кестесі бұзылған кезде) – болу мерзімі шығуды ұйымдастыру үшін қажетті, бірақ күнтізбелік отыз күннен аспайтын кезеңге ұзартылады.
Осы тармақтың жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші абзацтарында көрсетілген көшіп келушілерге ішкі істер органдары осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес хабарлама береді, көшіп келуші оның мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасынан шығады.
Осы тармақтың екінші, үшінші, бесінші абзацтарында көрсетілген көшіп келушілер Қазақстан Республикасына келген кезде оларға рұқсат етілген болу мерзімін есептеу нақты кірген күннен бастап күнтізбелік жүз сексен күнді есептеп шығару арқылы жүзеге асырылады.
Он алтыншы абзацтың қолданысы Қырғыз Республикасының азаматтары үшін 2024 жылғы 2 қыркүйектен бастап 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін тоқтатыла тұрды ҚР Үкіметінің 16.07.2024 жылғы № 562 Қаулысына сәйкес
  • 1

Егер көшіп келуші келген кезде өзіне рұқсат етілген болу мерзімінен артық болғаны анықталса, «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 1) тармақшасының негізінде кіргізуден бас тарту туралы шешім қабылданады.
Осы тармақтың екінші, үшінші, бесінші абзацтарында көрсетілген көшіп келушілер Қазақстан Республикасының аумағында болған кезде рұқсат етілген болу мерзімін есептеу бақылау күнінен (көшіп келушінің Қазақстан Республикасының аумағында болуының заңдылығын айқындау қажет болатын күн) бастап күнтізбелік жүз сексен күнді кері шегеру арқылы жүзеге асырылады.
Осы тармақтың екінші, үшінші, бесінші абзацтарында көрсетілген көшіп келушілер Қазақстан Республикасынан шыққан кезде оларға рұқсат етілген болу мерзімін есептеу нақты кететін күнінен бастап күнтізбелік жүз сексен күнді кері шегеру арқылы жүзеге асырылады.
Болу мерзімін есептеудің осындай тәртібі осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген көшіп келушілер үшін қолданылады.
Осы тармақтың екінші және үшінші абзацтарында көзделген күнтізбелік жүз сексен күннен тұратын әр кезең ішінде жиынтығында күнтізбелік тоқсан күн болуға қатысты талаптар мына көшіп келушілерге қолданылмайды:
белгіленген тәртіппен уақытша тұруға рұқсат алғандар;
бас декларацияда (ұшу тапсырмасында) жазба болса, әуе кемелері экипаждарының мүшелері;
кеме рөлінде немесе одан үзінді көшірмеде жазба болса, теңіз және өзен кемелері экипаждарының мүшелері;
әрбір рейске бекітілетін қалыптастыру парақтары бойынша поездардағы, рефрижераторлық және локомативтік бригадалардың мүшелері;
халықаралық қатынаста жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жүк көлік құралдарының (тіркемені қоса алғанда, рұқсат етілген жалпы салмағы 6 тоннадан асатын немесе тіркемені қоса алғанда, рұқсат етілген пайдалы жүктеме 3,5 тоннадан асатын) жүргізушілері, жолаушыларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүріп өтетін автобус жүргізушілері (жүргізушінің орнын қоспағанда, отыратын орындары 12-ден асатын);
Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары беретін қызметтік, іссапар куәліктері (нұсқамалары) болса, үкіметаралық фельдъегерлік байланыс қызметкерлері;
егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, қызметтік, іссапар куәліктері (нұсқамалары) болса, күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды айдауылмен алып жүруді жүзеге асыратын құқық қорғау органдарының қызметкерлері;
мемлекеттердің ресми мемлекеттік және үкіметтік делегацияларының мүшелері және олармен бірге жүретін адамдар;
қызметтік куәліктері (ұйымдардың басшылығы (жергілікті атқарушы орган) куәландырған атаулы тізімдер) болса, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан трансшекаралық құрылыстарға қызмет көрсететін қызметкерлер;
Қазақстан Республикасынан жалға алынған аумақтардағы персоналға және тұрғындарға қатысы бар адамдар (уақытша немесе тұрақты тіркелгенін растайтын құжаты болса).
7. Егер Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында және/немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында уақытша болатын көшіп келушілер жергілікті атқарушы орган берген тиісті рұқсаттарсыз еңбек қызметін жүзеге асыруға жіберілмейді.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.03.2022 жылғы № 111 Қаулысына сәйкес (17.03.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 21.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуіне және Қазақстан Республикасынан кетуіне Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамалық актілерінде белгіленген негіздер бойынша тыйым салынады.
9. Көшіп келушілерді есепке алуды ішкі істер органдары қабылдаушы тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен түсетін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпараты негізінде жүзеге асырады.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.06.2020 жылғы № 342 Қаулысына сәйкес (17.04.2020ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 20.06.2020 жылдан бастап)
Қабылдаушы тұлғалар өздеріне келетін көшіп келушілер туралы ішкі істер органдарына олар келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.
Көшіп келушілерді есепке алу жеке басты куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады.
10. Уақытша тұруға рұқсат:
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.12.2017 жылғы № 814 Қаулысымен (07.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.06.2020 жылғы № 342 Қаулысына сәйкес (17.04.2020ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 20.06.2020 жылдан бастап)
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.03.2021 жылғы № 140 Қаулысымен (22.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.10.2022 жылғы № 807 Қаулысына сәйкес (07.07.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 24.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) отбасын біріктіру мақсатында өздеріне көшіп келушілер келген жеке тұлғалардың;
2) көшіп келушімен заңнамада белгіленген тәртіппен еңбек шартын жасасқан жеке және заңды тұлғалардың;
3) көшіп келушілерді күндізгі оқу нысанына қабылдаған, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, оның ішінде білім алушылармен алмасудың және дайындық курстарынан өтудің ұйымдастырылған бағдарламалары бойынша іске асыратын білім беру ұйымдарының;
4) көшіп келушілер стационарлық емдеуде жатқан денсаулық сақтау ұйымдарының;
5) көшіп келушілер заңнамада белгіленген тәртіппен миссионерлік қызметті жүзеге асыратын діни ұйымдардың;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілер (бизнес-көшіп келушілер) бойынша – жергілікті атқарушы органдардың өтініштері негізінде ресімделеді.
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.02.2024 жылғы № 80 Қаулысына сәйкес (26.09.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Уақытша тұруға рұқсат көшіп келушінің ұлттық паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын кезеңге ресімделеді.
Уақытша тұруға рұқсат КҚП АЖ-да ресімделіп, көшіп келушінің уақытша тұруына рұқсат беріледі, кейіннен ақпарат «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – «Бүркіт» БАЖ) беріледі.
Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен өздеріне қатысты ресімделген шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаты бар көшіп келушілерге еңбекші көшіп келушіге рұқсат, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат осы рұқсат қолданылатын мерзімге ресімделеді.
Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген рұқсаттарды алу талап етілмейтін көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді, бірақ ол еңбек шартының немесе жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі азаматтық-құқықтық шарттың қолданылу мерзімінен аспауға тиіс.
Қазақстан Республикасына қызметін «Астана» халықаралық қаржы орталығында (бұдан әрі – АХҚО) жүзеге асыру мақсатында келудің және болудың визасыз тәртібі туралы ратификацияланған халықаралық шарттар бар елдерден келген көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді, бірақ ол еңбек шартының немесе жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі азаматтық-құқықтық шарттың қолданылу мерзімінен аспауға тиіс.
Келудің және болудың визасыз тәртібі туралы ратификацияланған халықаралық шарттар бар мемлекеттерден келген АХҚО инвестициялық резиденттеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат АХҚО әкімшілігінің өтінішхаты бойынша жыл сайын, бірақ бес жылдан асырмай ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді. Бұл ретте АХҚО инвестициялық резидентінің отбасы мүшелерінің уақытша тұруға рұқсатының қолданылу мерзімі АХҚО инвестициялық резидентінің уақытша тұруға рұқсатының қолданылу мерзімінен аспауға тиіс.
Білім алу, кәсіптік даярлық және (немесе) тағылымдамадан өту мақсатында келген көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат бір жылға ресімделеді, бірақ оқу, оқу практикасының немесе тағылымдаманың мерзімінен аспауға тиіс.
Қазақстан Республикасына отбасымен қосылу мақсатында келген көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат шақырушы тұлғалардың өтінішхаты бойынша «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімге ресімделеді.
Медициналық мекемелерде стационарлық емделуде жатқан көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат денсаулық сақтау ұйымының өтінішхаты (медициналық анықтамасы) бойынша емделуге қажетті кезеңге ресімделеді.
Пана іздеген адамдарды және босқындарды есепке алу Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделеді.
Қазақстан Республикасымен келудің және болудың визасыз тәртібі туралы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар жасасқан мемлекеттерден келген бизнес-көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат жергілікті атқарушы органның өтінішхаты бойынша жыл сайын, бірақ үш жылдан асырмай ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді.
Заңнамада белгіленген тәртіппен миссионерлік қызметті жүзеге асыратын көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат Қазақстан Республикасында тіркелген діни ұйымдардың өтінішхаттары бойынша өтінішхатта көрсетілген, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге ресімделеді.
Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат жергілікті атқарушы органның өтінішхаты бойынша үш айдан аспайтын мерзімге ұзарту мүмкіндігімен алты айға ресімделеді.
Мыналар:
Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының визасымен келген;
дипломатиялық немесе қызметтік паспорты бар;
16 жасқа толмаған көшіп келушілер уақытша тұруға рұқсат алудан босатылады.
Көшіп келуші Қазақстан Республикасында уақытша тұратын жерін ауыстырған кезде қабылдаушы тұлға үш жұмыс күні ішінде бұл туралы ішкі істер органдарын хабардар етеді.
11. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат үшін ішкі істер органдарына жүгінген көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат өтінішхатты қарау үшін қажетті, бірақ күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын кезеңге ресімделеді.
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.06.2020 жылғы № 342 Қаулысына сәйкес (17.04.2020ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 20.06.2020 жылдан бастап)
12. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
12-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 02.06.2020 жылғы № 342 Қаулысына сәйкес (17.04.2020ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 20.06.2020 жылдан бастап)
13. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келетін көшіп келушілер мынадай санаттарға бөлінеді:
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.10.2020 жылғы № 691 Қаулысына сәйкес (02.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.11.2020 жылдан бастап)
1) мыналар:
экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген;
Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілер тартатын, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде келген шетелдік жұмыскерлер – көшіп келушілер;
2) бизнес-көшіп келушілер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілер;
3) маусымдық шетелдік жұмыскерлер – халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша бекітетін кәсіптер тізбесіне сәйкес климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір кезең (маусым) ішінде атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілер бір жылдан аспайтын мерзімге жұмысқа тартатын көшіп келушілер;
4) еңбекші көшіп келушілер – еңбекші көшіп келушіге берілетін рұқсат негізінде жұмыс беруші – жеке тұлғаларда үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) мақсатында Қазақстан Республикасына үй жұмыскерлері ретінде келген көшіп келушілер.
14. Егер Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында және/немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдік жұмыс күшін тарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасында уақытша болатын көшіп келушілердің еңбек қызметін жүзеге асыруы жергілікті атқарушы органның рұқсаты негізінде халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін квота шегінде жүзеге асырылады.
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.10.2020 жылғы № 691 Қаулысына сәйкес (02.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.11.2020 жылдан бастап)
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.03.2022 жылғы № 111 Қаулысына сәйкес (17.03.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 21.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15. Бизнес-көшіп келушілер «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген міндеттерді орындамаған жағдайда ішкі істер органдары жергілікті атқарушы органдардың өтінішхаты негізінде бизнес-көшіп келушілердің болу мерзімін олардың ерікті түрде кетуі үшін қажетті мерзімге қысқарту туралы шешім қабылдайды.
15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.02.2024 жылғы № 80 Қаулысына сәйкес (26.09.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16. Егер Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында және/немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, маусымдық шетелдік жұмыскерлер, гуманитарлық себептер бойынша келетін көшіп келушілер жалпы негізде уақытша тұруға рұқсат ресімдейді.
16-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.10.2020 жылғы № 691 Қаулысына сәйкес (02.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.11.2020 жылдан бастап)
3. Жекелеген шетел мемлекеттері азаматтарының Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібі
17. Егер Қазақстан Республикасында болу кезеңі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезден бастап күнтізбелік отыз күннен аспаса, Аустралия Одағының, Америка Құрама Штаттарының, Аустрия Республикасының, Бахрейн Корольдігінің, Бельгия Корольдігінің, Болгария Республикасының, Біріккен Араб Әмірліктерінің, Ватикан Қасиетті Тағының, Вьетнам Социалистік Республикасының, Германия Федеративтік Республикасының, Грек Республикасының, Дания Корольдігінің, Жаңа Зеландияның, Жапонияның, Израиль Мемлекетінің, Ирландия Республикасының, Исландия Республикасының, Испания Корольдігінің, Индонезия Республикасының, Италия Республикасының, Канаданың, Қатар Мемлекетінің, Кипр Республикасының, Колумбия Республикасының, Корея Республикасының, Кувейт Мемлекетінің, Латвия Республикасының, Литва Республикасының, Лихтенштейн Князьдігінің, Люксембург Ұлы Герцогтігінің, Мажарстанның, Малайзияның, Мальта Республикасының, Мексика Құрама Штаттарының, Монако Князьдігінің, Нидерланд Корольдігінің, Норвегия Корольдігінің, Оман Сұлтандығының, Польша Республикасының, Португалия Республикасының, Румынияның, Сауд Арабиясы Корольдігінің, Сингапур Республикасының, Словак Республикасының, Словения Республикасының, Таиланд Корольдігінің, Түркия Республикасының, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің, Филиппиндер Республикасының, Финляндия Республикасының, Француз Республикасының, Хорватия Республикасының, Чех Республикасының, Чили Республикасының, Швейцария Конфедерациясының, Швеция Корольдігінің және Эстония Республикасының азаматтары күнтізбелік жүз сексен күннен тұратын әр кезең ішінде жиынтығында күнтізбелік тоқсан күн визасыз Қазақстан Республикасына келеді және Қазақстан Республикасынан кетеді.
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.12.2016 жылғы № 838 Қаулысына сәйкес (07.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.09.2019 жылғы № 693 Қаулысына сәйкес (29.12.2018 ж. рндакцияны қараңыз) (өзгерту 30.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.06.2020 жылғы № 342 Қаулысына сәйкес (17.04.2020ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 20.06.2020 жылдан бастап)
17-тармақтың қолданылуы 31.12.2021 жылғы сағат 23:59 дейін тоқтатыла тұрды ҚР Үкіметінің 17.04.2020 жылғы № 220 Қаулысына сәйкес
17-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.07.2022 жылғы № 464 Қаулысымен (04.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Егер Қазақстан Республикасында болу кезеңі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезден бастап күнтізбелік он төрт күннен аспаса, Иран Ислам Республикасының, Қытай Халық Республикасының және Үндістан Республикасының азаматтары күнтізбелік жүз сексен күннен тұратын әр кезең ішінде жиынтығында күнтізбелік қырық екі күн визасыз Қазақстан Республикасына келеді және Қазақстан Республикасынан кетеді.
18. Осы Қағидалардың 17-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттердің азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында іскерлік мақсатпен болуын күнтізбелік отыз күннен артық ұзарту туралы өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзіммен «іскерлік» санатындағы бірмәртелік визаларды беруді жүзеге асырады.
18-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.12.2016 жылғы № 838 Қаулысына сәйкес (07.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
18-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 07.07.2022 жылғы № 464 Қаулысына сәйкес (04.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
19. Осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген мемлекеттер азаматтарының инвестор мәртебесін дәлелдейтін инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның өтінішхаты болған кезде, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары күнтізбелік тоқсан күнге дейінгі мерзімге «инвесторлық» санатындағы бірмәртелік визаларды беруді жүзеге асырады.
19-1. Осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген мемлекеттер азаматтарының АХҚО инвестициялық резиденті мәртебесін растайтын АХҚО әкімшілігінің өтінішхаты болған кезде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары бес жылға дейінгі мерзіммен «инвестор» санатындағы визаларды беруді, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімін ұзартуды жүзеге асырады.
3-тарау 19-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 17.03.2021 жылғы № 140 Қаулысына сәйкес (өзгерту 05.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
20. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекші көшіп келушілері және олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасына визасыз келеді, сондай-ақ осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген рұқсат берілген болу мерзімі ішінде Қазақстан Республикасында визасыз болады және кетеді.
20-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.10.2020 жылғы № 691 Қаулысына сәйкес (02.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.11.2020 жылдан бастап)
21. Қазақстан Республикасы соттарының үкімдері бойынша бас бостандығынан айыруға сотталған шетелдіктер Қазақстан Республикасында визасыз және уақытша тұруға рұқсатсыз болады.
21-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.06.2020 жылғы № 342 Қаулысына сәйкес (17.04.2020ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 20.06.2020 жылдан бастап)
4. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп-тұруы және транзитпен жол жүруі және олардың Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын жер таңдауы
22. Көшіп келушілер Қазақстан Республикасының шетелдіктердің баруы үшін ашық аумағы бойынша еркін жүріп-тұра алады және Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес тұрғылықты жерді таңдай алады. Жүріп-тұру мен тұрғылықты тұратын жерді таңдаудағы шектеулерді Қазақстан Республикасының Үкіметі «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-тармағының 7) тармақшасына сәйкес белгілейді.
23. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасы арқылы жүріп-тұруы, сондай-ақ олардың шетелдіктер үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) бару тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі айқындайды.
24. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуі және Қазақстан Республикасынан кетуі үшін Қазақстан Республикасының транзиттік визалары ресімделеді.
25. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жол жүруіне, оларда үшінші елге кіру үшін жарамды құжаттар (визалар) болған жағдайда, бес тәуліктен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі.
26. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы визасыз келу туралы келісім бар өздерінің азаматтығы мемлекеттерінің елдеріне транзитпен өтетін шетелдіктер Қазақстан Республикасының транзиттік визасын ресімдейді.
26-1. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Қағидалар 26-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 07.06.2017 жылғы № 348 Қаулысына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 09.06.2017 жылдан бастап және 12.09.2017 жылғы сағат 23:59 дейін әрекет етеді)
26-1-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.12.2017 жылғы № 814 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.12.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
26-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.04.2018 жылғы № 175 Қаулысына сәйкес (06.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
26-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2018 жылғы № 915 Қаулысына сәйкес (06.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)
26-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.12.2019 жылғы № 1028 Қаулысына сәйкес (28.09.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
26-1-тармағының қолданылуы 31.12.2020 жылғы сағат 23:59 дейін тоқтатыла тұрды ҚР Үкіметінің 27.01.2020 жылғы № 10 Қаулысына сәйкес
26-1-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 07.07.2022 жылғы № 464 Қаулысымен (04.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
27. Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған не көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында одан әрі болуының негіздері болмаған жағдайларда, олардың Қазақстан Республикасында болу мерзімі қысқартылады.
27-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.06.2020 жылғы № 342 Қаулысына сәйкес (17.04.2020ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 20.06.2020 жылдан бастап)
Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзған көшіп келушілер, яғни тұру құқығына құжаттарсыз тұрып жатқан немесе жарамсыз құжаттар бойынша тұрып жатқан, өздеріне белгіленген болу мерзімі өткеннен кейін шығудан жалтарған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жол жүру қағидаларын сақтамайтын көшіп келушілер Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңдарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартуға жатады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде ескерту, айыппұл түріндегі жазаға әкеп соғатын көші-қон заңнамасын бұзу анықталған және шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам құқық бұзушылық фактісін мойындаған жағдайларда шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам елден ішкі істер органдары не Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі шығарған процестік шешім негізінде елден тыс жерге шығады.
28. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында болу мерзімін қысқарту туралы шешімдерді ішкі істер органдары қабылдайды.
29. Сот шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды шығарып жіберу туралы шешім шығарған кезде оларды шығарып жіберуді ұйымдастыру үшін қажетті, бірақ отыз тәуліктен аспайтын мерзімге ұстап алуға және ішкі істер органдарының арнаулы мекемелерінде ұстауға жол беріледі.
29-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 17.03.2021 жылғы № 140 Қаулысына сәйкес (22.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
30. Көшіп келуші оны Қазақстан Республикасынан шығару туралы шешімге азаматтық процестік тәртіппен шағымдана алады.
31. Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланатын көшіп келушілердің болу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілігі туралы, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзімін қысқарту туралы мәселе дипломатиялық арналар арқылы шешіледі.
32. Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген көшіп келушілер Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну процесі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасының шегінен тыс өздерінің шыққан мемлекетіне (шетелдік азаматы болып табылатын елге) шығарып жіберілмейді, бұл кезде олар құқық қорғау органдарына жүгіну және олармен ынтымақтастық жасау туралы шешім қабылдайды.
4-тарау 32-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 10.10.2022 жылғы № 807 Қаулысына сәйкес (өзгерту 24.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 21 қаңтардағы
 № 143 қаулысымен
 бекітілген
Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қоны туралы " 2011 жылғы 22 шілдедегі, "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы " 1995 жылғы 19 маусымдағы заңдарына сәйкес әзірленді және мыналардың:
1) көші-қон бақылауын жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу тәртібін айқындайды.
2. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының лауазымды адамдары мен азаматтарының осы Қағидалардың талаптарын сақтауын бақылауды Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары (бұдан әрі - ішкі істер органдары) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен (бұдан әрі - ұлттық қауіпсіздік органдары) өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.
2. Көші-қон бақылауын жүзеге асыру
3. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу тәртібіне көші-қон бақылауын ішкі істер органдары жүзеге асырады.
4. Ішкі істер органдары көшіп келушілерді есепке алуды көшіп келушілер уақытша тұратын жерде, оның ішінде «Бүркіт» БАЖ-дан, «Бүркіт» БАЖ визалық-көші-қон порталынан (www.vmp.gov.kz), «e-Qonaq» ақпараттық жүйесінен (www.eqonaq.kz) және ҚР ІІМ ақпараттық жүйесінен мәліметтер алу арқылы жүргізеді.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2012 жылғы № 1787 Қаулысымен  (21.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.04.2016 жылғы № 190 Қаулысына сәйкес (26.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.04.2016 жылы № 70 (28798) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.12.2017 жылғы № 814 Қаулысына сәйкес (07.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.06.2020 жылғы № 342 Қаулысына сәйкес (17.04.2020ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 20.06.2020 жылдан бастап)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.03.2022 жылғы № 111 Қаулысына сәйкес (17.03.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 21.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының визасымен кіретін шетелдіктер Мемлекеттік шекараны кесіп өткенде шақыруды ресімдеген кезде шақырушы тарап көрсеткен мекенжай бойынша «Бүркіт» БАЖ арқылы автоматты түрде есепке алынады.
Көшіп келушіні қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар «Бүркіт» БАЖ визалық-көші-қон порталына ақпаратты www.vmp.gov.kz немесе egov.kz веб-сайттары арқылы дербес цифрлық электрондық қолтаңба арқылы енгізеді не хабарламаларды көші-қон қызметі бөлімшелеріне тікелей ұсынады немесе пошта арқылы жолдайды. Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың болуы туралы хабарламаларды «e-Qonaq» ақпараттық жүйесінің қолданушылары www.eqonaq.kz веб-сайты арқылы осы жүйемен де жолдай алады.
5. Көші-қон бақылауын жүзеге асыру барысында ішкі істер органдарының қызметкерлері:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.06.2020 жылғы № 342 Қаулысына сәйкес (17.04.2020ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 20.06.2020 жылдан бастап)
1) шетелдікте ұлттық паспортының, визасының не уақытша тұруға рұқсатының болуын, ал Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда – тұруға ықтиярхаттарының, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің болуын;
2) шетелдіктердің шетелге уақтылы кетуін немесе Қазақстан Республикасында болу мерзімін ұзартуын;
3) шетелдіктердің еркін жүруіне жабық жерлерде болуға рұқсатының болуын тексереді.
6. Ішкі істер органдарының қызметкерлері:
1) шетелдіктердің тұрғылықты немесе уақытша болатын жері бойынша;
2) шетелдіктердің жұмыс немесе оқу орны бойынша;
3) әуе, темір жол және көліктің басқа түрлерінде;
4) көшелер мен қоғамдық жерлерде бақылауды жүзеге асырады.
7. Бақылау:
1) азаматтардың тұрғын үй-жайларын қарап шығу;
2) жатақханалар мен қонақ үйлерді және шетелдіктердің болуы ықтимал жерлерді тексеру;
3) пойыздарда жүру;
4) автокөлік құралдарын тексеру;
5) жедел-профилактикалық және арнайы іс-шаралар жүргізу;
6) қолданыстағы заңнамада көзделген басқа нысандар мен әдістерді пайдалану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
8. Қазақстан Республикасынан шығарып жіберу туралы сот шешімін орындау Қазақстан Республикасынан шығарылатын адамның «Бүркіт» БАЖ пайдаланылатын бақылаумен өз бетінше шығуы арқылы жүргізіледі.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 07.04.2016 жылғы № 190 Қаулысына сәйкес (26.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.04.2016 жылы № 70 (28798) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.06.2020 жылғы № 342 Қаулысына сәйкес (17.04.2020ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 20.06.2020 жылдан бастап)
Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды мәжбүрлі түрде шығарып жіберу шығарып жіберу туралы акт жасала отырып, сот шешімі бойынша біржақты тәртіппен не көрсетілген адам аумағына шығарылатын шет мемлекеттің билік өкіліне беру арқылы жүзеге асырылады.
Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды шығарып жіберу соттың шығарып жіберу туралы қаулысының (үкімінің) негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасынан шығарылатын адамдар үшін соттың шығарып жіберу туралы қаулысы визаны алмастыратын құжат және уақытша тұруға рұқсат болып табылады.
8-1. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Осы Қағидалар 8-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 22.10.2020 жылғы № 691 Қаулысына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.11.2020 жылдан бастап)
8-1-тармақ алып тасталды ҚР Үкіметінің 31.12.2022 жылғы № 1146 Қаулысына сәйкес (10.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 27.01.2023 жылдан бастап)
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу
9. Заңнаманы бұзған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алуды ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары электрондық форматта, сондай-ақ тиісті ақпараттық есепке алу құжаттарын толтыру арқылы жүргізеді.
10. Ішкі істер органдарының және ұлттық қауіпсіздік органдарының аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз өтуіне, Қазақстан Республикасында заңсыз болуына байланысты заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік және  қылмыстық жауапкершілікке тартылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алуды дербес жүргізеді.
11. Ішкі істер органдары мен ұлттық қауіпсіздік органдары "Бүркіт" БАЖ-ды заңнаманы бұзған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты ақпаратпен дереу толтырады.
12. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған шетелдіктердің саны және дербес деректері туралы мәліметтерді ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелері ай сайын ҚР ІІМ-ге ұсынады.
13. Бұрын Қазақстан Республикасынан шығарып жіберілген көшіп келушілердің «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес шығарып жіберу туралы сот шешімін орындаған күннен бастап бес жыл бойы Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салынады.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 07.04.2016 жылғы № 190 Қаулысына сәйкес (26.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.04.2016 жылы № 70 (28798) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.10.2020 жылғы № 691 Қаулысына сәйкес (02.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.11.2020 жылдан бастап)
Сот шешімін орындау негізінде ол заңды күшіне енгеннен кейін бастамашы орган «Бүркіт» БАЖ-ға бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынған адамдар туралы ақпаратты енгізеді.
14. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
14-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 22.10.2020 жылғы № 691 Қаулысына сәйкес (02.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.11.2020 жылдан бастап)
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 21 қаңтардағы
 № 148 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 4, 55-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 маусымдағы № 956 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 27, 320-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 мамырдағы № 595 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 16, 171-құжат).
4. "Көші-қонға бақылау жасауды күшейту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 241 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 10, 119-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі № 702 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 29, 702-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 тамыздағы № 881 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 30, 412-құжат).
7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 756 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 31, 399-құжат).
8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы № 725 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 28, 305-құжат).
9."Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі № 854 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 34, 366-құжат).
10. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 және 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылы 10 тамыздағы № 688 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 28, 323-құжат)
11. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 және 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 наурыздағы № 166 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы. 2010 ж., № 22-23, 169 құжат).
12. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 307 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 30, 228-құжат).
13. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 466 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 2011 ж., № 36, 432 құжат).