Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136 және 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1185 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы N 688 Қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 18 қыркүйектен бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 01.09.2023 жылғы № 758 Қаулысына сәйкес
Редакция 21.01.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 21.01.2012 № 148 Қаулысымен (10.08.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
2) "Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шет ел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1185 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 44, 485-құжат):
тақырыбындағы және бүкіл мәтін бойынша "шет ел азаматтарының",«"шет ел азаматтары" деген сөздер тиісінше "шетелдіктердің", "шетелдіктер" деген сөздермен ауыстырылсын;
кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 заң күші бар Жарлығына" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шет ел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау ережесінде:
тақырыбындағы және бүкіл мәтін бойынша "шетел азаматтарының", "Шет ел азаматтары" деген сөздер тиісінше "шетелдіктердің", "Шетелдіктер" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 заң күші бар Жарлығына" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.01.2012 № 148 Қаулысымен (10.08.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |