Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, бағалы қағаздарды ұстаушыларының тізілім жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтерін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы N 185 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 9 қыркүйек Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5777 болып енгізілді
Toggle Dropdown
Редакция 16.07.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Осы қаулының 1-тармағының жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма бесіншіден бастап жиырма сегізінші аралығындағы абзацтардың, 2-тармағының сегізінші, тоғызыншы, он үшіншіден бастап он алтыншы аралығындағы абзацтардың, 3-тармағының жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма жетіншіден бастап отызыншы аралығындағы абзацтардың қолданысы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін таралады.
Toggle Dropdown
5. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) 2009 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде "Жинақтаушы зейнетақы қорларының және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының есептілігін қалыптастыруды автоматтандыру" автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесін жетілдіруді қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
6. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
Toggle Dropdown
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
Toggle Dropdown
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
Toggle Dropdown
7. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Toggle Dropdown
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.