"Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы" 2004 жылғы 27 сәуірдегі № 470 және "Астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" 2007 жылғы 5 қыркүйектегі № 769 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 ақпандағы № 213 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 31.10.2015 жылғы № 870 Қаулысына сәйкес
"Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 сәуірдегі № 470 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 243-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларын құру, олардың жұмыс істеу мен таратылу және астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу ережесінде:
"қатысушы - астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, Қормен қатысу шартын жасасқан және қолданылатын астық қабылдау кәсіпорны;";
"2) астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясының және астық қабылдау кәсіпорнын жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы тұрғысында қарап тексеру актісінің болуы;";
"14. Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысқысы келетін астық қабылдау кәсіпорны осы Ереженің 13-тармағында көзделген талаптарға астық қабылдау кәсіпорнының сәйкестігін растайтын мынадай құжаттарды қоса беріп, Қорға жазбаша өтініш береді:
1) астық қабылдау кәсіпорнын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
2) астық қабылдау кәсіпорны жарғысының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
3) құрылтайшылар құрамы туралы құрылтай шартынан үзінді (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірме немесе қорға өтініш берген күнге дейін бір ай бұрын тіркеуші берген құнды қағаздарды ұстаушылар тізілімінің жүйесіндегі құнды қағаздарды ұстаушылардың жеке шотынан үзіндінің түпнұсқасы;
4) астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
5) астық қабылдау кәсіпорнының жаңа өнім астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан тексеру актісінің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
6) астық қоймасына (элеватор, астық қабылдау пункті) меншік құқығын және үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша оған салынған ауыртпалықтың жоқ екенін растайтын жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу органының заңнамада белгіленген үлгі бойынша анықтамалары;
7) соңғы қаржылық жылға қаржылық есептілікті құрайтын құжаттардың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмелері, сондай-ақ бар болған кезде соңғы есептік кезеңге аралық қаржылық есептіліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмелері;
8) астық қабылдау кәсіпорнының өткен қаржылық жылға жылдық қаржылық есептілігінің дұрыстығын растайтын аудиторлық қорытындының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі (егер өтініш ағымдағы жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде берілген жағдайда, соңғы қаржылық жылдың алдындағы қаржылық жылға аудиторлық қорытындының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі ұсынылады);
9) астық қабылдау кәсіпорының өтініш берілген күннің алдындағы он екі ай ішінде астық қолхаттарын ұстаушылар алдындағы төлем мерзімі өткен берешегінің және олар берген астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін сотпен жауапқа тарту туралы, астық қабылдау кәсіпорнының басшысы мен бас бухгалтері қол қойған және астық қабылдау кәсіпорнының мөрімен расталған хабарландыру хаты;
10) астық қабылдау кәсіпорнының өтініш берілген күннің алдындағы үш айдан астам мерзімде банкі алдында төлем мерзімі өткен берешегінің болмауы туралы бірінші басшының немесе қол қою құқығы бар тұлғаның және бас бухгалтердің қолы қойылған, банкінің мөрі бар банкі анықтамасының түпнұсқасы (егер астық қабылдау кәсіпорны екінші деңгейдегі бірнеше банкінің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болған жағдайда, бұл анықтама осындай банкілердің әрқайсысынан ұсынылады);
11) өтініш берілген күннің алдындағы үш айдан астам мерзім аралығында астық қабылдау кәсіпорнының салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мен жинақтаушы зейнетақы қорларына аударымдарды төлеу бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы туралы бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылған, осы салық органының мөрімен расталған тиісті салық органының белгіленген үлгідегі анықтамасының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) кепілдіктерін алу және астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді өтеу ережесінде:
"қатысушы - астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, Қормен қатысу шартын жасасқан және қолданылатын астық қабылдау кәсіпорны;";
"3) астық қолхатының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі немесе кепілдік куәлігінің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі (астық қолхатының кепілдік куәлігін ұстаушы өтінген жағдайда);";
"17. Астық қолхатын ұстаушының астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қатысушының алдында берешегі болған жағдайларда кепілдік төлемінен көрсетілген қызметтер үшін қатысушының алдындағы берешектің сомасы шегеріледі.";
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
күшін жойды ҚР Үкіметінің 20.12.2012 № 1635 Қаулысымен (08.02.2012 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
2. Осы қаулы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 ақпандағы № 213 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қыркүйектегі № 769 қаулысымен бекітілген
Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Біліктілік талаптарының күшін жойды ҚР Үкіметінің 20.12.2012 № 1635 Қаулысымен (08.02.2012 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |