• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері
Внимание! Документ утратил силу с 24.08.2005 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 қарашадағы N 1220 қаулысы

Редакция 23.12.2003 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi N 996 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Мына қоса беріліп отырғандар бекiтiлсiн: 
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Сауда комитетi туралы ереже; 
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Шағын бизнесті қолдау жөнiндегi комитетi туралы ереже; 
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Инвестициялар жөнiндегi комитетi туралы ереже; 
4) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi туралы ереже; 
5)  
6) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi туралы ереже; 
7) Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi комитеттерінің құрылымдары; 
8)  
9) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi; 
10)  
11) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi.  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
10)-тармақша алынып тасталды ҚРҮ-нің 13.03.2003. № 244 қаулысымен
 5)-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 20 мамырдағы № 467 қаулысымен
 8)-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 18.09.2003. № 951 қаулысымен. (18.11.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Мыналар: 
Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Демпингке қарсы бақылау жөнiндегi комитетi оның мүлкi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң жаңадан құрылған Сауда комитетiне берiле отырып, таратылсын; 
Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитеті оның мүлкi Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiнiң жаңадан құрылған Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiне берiле отырып, таратылсын; 
Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнің Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетi оның мүлкi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнң жаңадан құрылған Қорғаныс өнеркәсiбi комитетiне берiле отырып, таратылсын; 
Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі комитетi оның мүлкi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнің жаңадан құрылған Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiне беріле отырып, таратылсын; 
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгінiң Инвестициялар жөнiндегi комитетi оның мүлкi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнің жаңадан құрылған Инвестициялар жөнiндегi комитетiне берiле отырып, таратылсын.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтыру мен өзгерiс енгiзілсiн: 
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде: 
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi" деген бөлiмде: 
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 48-1-жолмен толықтырылсын: 
"48-1 Қазақ сейсмикалық төзiмдi құрылыс      Алматы қаласы         және сәулет ғылыми-зерттеу және         жобалау-эксперименталдық институты         (Қаз СҚСҒЗИ)                                             "; 
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы 659 қаулысына: 
Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде: 
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнің Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi" деген бөлiмде: 
реттiк нөмiрi 264-жолдағы "Құрылысконсалтинг ЖАҚ" деген сөздер "Құрылысконсалтинг ААҚ" деген сөздермен ауыстырылсын. 
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күшi жойылды деп танылсын. 
5. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдасын. 
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі Қазақстан Республикасының     
 Yкiметiнiң           
 2002 жылғы 18 қарашадағы      
 N 1220 қаулысымен        
 бекітілген       
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитетi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Сауда комитетi (бұдан әрi - Комитет), Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң құзыретi шегінде заңнамаға сәйкес сауда қызметiн реттеу және демпингке қарсы, қорғау және өтемақы шараларын қолдану саласында арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы  мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Yкiметiнiң кесiмдерiне, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарында және банктерде шоттары болады. 
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. 
Комитеттің, егер оған заңнамаға сәйкес өкiлеттік берiлсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитеттiң штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
5. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 
473000, Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 37.
6. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Сауда комитетi" мемлекеттік мекемесi.
7. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
8. Комитеттi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. 
Комитетке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.