Toggle Dropdown
3
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 13 қаңтардағы N 274 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қаңтардағы N 22 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 19.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
"Әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялар құру және олардың қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 13 қаңтардағы N 274 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Пилоттық жоба ретiнде оның жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "ӘКК ҰК" АҚ) құрылысын және Астана қаласы оның орналасатын жерi болып белгiленсiн.
Toggle Dropdown
2. "ӘКК ҰК" АҚ қызметiнiң негiзгi мәнi мемлекеттiк және жеке секторларды шоғырландыру, кластерлiк әдiс негiзiнде бiрыңғай экономикалық нарықты құру, инвестициялар мен инновациялар тарту үшiн қолайлы экономикалық орта қалыптастыру, өңiрлердi әлеуметтiк дамытуға бағытталған бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу, сондай-ақ пайдалы қазбаларды, оның iшiнде мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда, кең таралған пайда қазбаларды барлау, өндiру, қайта өңдеу жолымен Ақмола, Қарағанды облыстарын және Астана қаласын экономикалық дамытуға жәрдемдесу болып белгiленсiн.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
Toggle Dropdown
"ӘКК ҰК" АҚ акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне берсiн;
Toggle Dropdown
"ӘКК ҰК" АҚ-ны оның орналасуы үшiн ғимаратпен қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiмен бiрлесiп:
Toggle Dropdown
1) "ӘКК ҰК" АҚ-ның жарғылық капиталын республикалық бюджеттiң қаражатынан 2000000000 (екi миллиард) теңге мөлшерiнде қалыптастыруды;
Toggle Dropdown
2) "ӘКК ҰК" АҚ-ның жарғысын әзiрлеудi және бекiтудi;
Toggle Dropdown
3) "ӘКК ҰК" АҚ-ны Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi;
Toggle Dropdown
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
Toggle Dropdown
1
4. Осы қаулының 1, 3-тармақтарында көзделген iс-шараларды орындағаннан кейiн "ӘКК ҰК" АҚ-ға "Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" акционерлiк қоғамын қосу жолымен оны қайта ұйымдастырсын.
Toggle Dropdown
5. Қоса берiлiп отырған:
Toggle Dropdown
1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтырулар бекітілсін.
Toggle Dropdown
6. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, екi апта мерзiмде:
Toggle Dropdown
1) "ӘКК ҰК" АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандумның жобасын;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп, жоғарыда аталған Жарлыққа және осы қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
Toggle Dropdown
7. Ақмола және Қарағанды облыстарының, Астана қаласының әкiмдерi заңнамада белгіленген тәртiппен:
Toggle Dropdown
1) 2007 жылғы 20 қаңтарға дейiн коммуналдық меншiк объектiлерiн түгендеудi аяқтасын және олардың нәтижелерiн "ӘКК ҰК" АҚ-ның қарауына берсiн;
Toggle Dropdown
инвестициялық, инновациялық және өзге де жобаларды жүзеге асыру үшiн "ӘКК ҰК" АҚ-ға коммуналдық меншiк объектiлерiн берудi қамтамасыз етсiн;
Toggle Dropdown
2007 жылғы 20 қаңтарға дейiн:
Toggle Dropdown
инвестициялық, инновациялық және өзге де жобаларға қатысу үшiн жер учаскелерiн "ӘКК ҰК" АҚ-ға жеке меншiкке немесе жердi пайдалануға берудi;
Toggle Dropdown
"ӘКК ҰК" АҚ-ның концессиялардағы үлесi сияқты жер қойнауын пайдалану құқығымен пайдалы қазбаларды әзiрлеуге, өңiрлiк индустриялық және технологиялық парктердi ұйымдастыруға, шекара маңы ынтымақтастығы орталықтарына қатысуын;
Toggle Dropdown
жер учаскелерiнiң және ауыл шаруашылығы өндiрiсi ысырабының құнын инвестициялық, инновациялық және өзге де жобаларды iске асыру шеңберiнде "ӘКК ҰК" АҚ-ның үлесiне жатқызуды қамтамасыз етсiн;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiмен бiрлесiп, 2007 жылғы 1 сәуірге дейiнгi мерзiмде қордағы жердi, оның iшiнде арнайы жер қорының; құрылыстан бос елдi мекендердiң; астында пайдалы қазбалар бар; өңiрлiк индустриялық және технологиялық парктердi орналастыруға арналған; олардың алаңы мен шекарасын анықтай отырып, шекара маңы ынтымақтастығы орталықтарының жерiн түгендеудi аяқтасын және түгендеу нәтижелерiн "ӘКК ҰК" АҚ-ның қарауына берсiн.
Toggle Dropdown
8. Мүдделi мемлекеттiк органдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес берiлетiн активтердiң құнын инвестициялық, инновациялық және өзге де жобалардың шеңберiнде "ӘКК ҰК" АҚ-ның үлесiне жатқызуды қамтамасыз етсiн.
Toggle Dropdown
9. Осы қаулының 7-тармағы 1) тармақшасының нормалары мыналарға: мемлекеттiк жер пайдаланушыларға; жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу, бақ өсiру, саяжай және жеке тұрғын үй құрылысы, бау-бақша мен жеке ауланы ұстау үшiн; заттай гранттар ретiнде; еркiн экономикалық аймақтарға берiлетiн жер учаскелерiне қолданылмайды.
Toggle Dropdown
10. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi А.Е.Мусинге жүктелсiн.
Toggle Dropdown
11. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 15 қаңтардағы
N 22 қаулысымен
бекiтiлген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 15 қаңтардағы
N 22 қаулысымен
бекiтiлген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтырулар
Toggle Dropdown
1. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
Toggle Dropdown
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген акңияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
Toggle Dropdown
"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-85-жолмен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"21-85. "Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ".
Toggle Dropdown
2. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
Toggle Dropdown
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 237-26-жолмен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"237-26. "Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ.
Toggle Dropdown
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)