• Мое избранное
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының қазақстандық бөлігі туралы
Внимание! Документ утратил силу с 15.03.2006 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi мемлекетаралық комиссиясының қазақстандық бөлiгi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 қыркүйектегі N 952 қаулысы

Редакция 22.06.2005 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған мыналар бекiтiлсiн: 
1) Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi мемлекетаралық комиссиясы қазақстандық бөлiгiнiң құрамы; 
2) Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлiгi туралы ереже.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 
1) "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi мемлекетаралық комиссиясының ұлттық бөлiгiн жасақтау туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 17 қазандағы N 1541  қаулысы; 
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 17 қазандағы N 1541 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1437  қаулысы; 
3) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi комитетiн тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 20 мамырдағы N 467  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырудың 2-тармағы.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2003 жылғы 18 қыркүйектегі
 N 952 қаулысымен
 бекiтiлген
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi мемлекетаралық комиссиясы қазақстандық бөлiгiнiң Құрамы
Кравченко              - Қазақстан Республикасының Индустрия және   Иван Михайлович          сауда бiрiншi вице-министрi, тең төраға
Бөлегенов              - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер 
Ерғали Бөлегенұлы        министрлiгi Тәуелсiз Мемлекеттер 
                  Достастығы iстерi департаментiнiң                            директоры, жауапты хатшы
Поспелов               - Қазақстан Республикасы Қорғаныс 
Николай Николаевич       министрiнiң орынбасары, тең төрағаның                            орынбасары
Коржова                - Қазақстан Республикасының Экономика 
Наталья Артемовна        және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi 
құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.06.2004. № 642, 22.06.2005. № 614 қаулыларымен. (18.09.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2003 жылғы 18 қыркүйектегі
 N 952 қаулысымен
 бекiтiлген
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегі мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлiгі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi мемлекетаралық комиссияның (бұдан әрi - Комиссия) қазақстандық бөлiгi Комиссияда қазақстандық  Тарапты  бiлдiретiн  консультативтiк-кеңесу органы болып табылады.
2. Комиссияның қазақстандық бөлiгi өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Yкiметiнiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2. Комиссияның қазақстандық бөлiгінiң негізгі мiндеттері
3. Комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң негізгі мiндеттерi: 
1) Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдарымен және Комиссияның ұлттық бөлiктерiмен бiрлесiп, қару-жарақ пен әскери техниканы жасау, өндiру, жөндеу, жаңғырту және пайдалану саласында Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрi - ТМД) шеңберiнде көп жақты және екi жақты әскери-экономикалық ынтымақтастық мәселелерi жөнiнде ұсыныстарды қарау және әзiрлеу; Комиссияның қарауына ұсыну үшiн тиiстi ұсыныстарды дайындау; 
2) Комиссияның шешiмдерi мен ұсынымдарын орындау жөнiнде мемлекеттiк органдармен өзара іс-қимыл жасау болып табылады.
3. Комиссияның негізгі функциялары
4. Комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң негiзгi функциялары: 
1) мемлекеттік органдардың және Комиссияның ұлттық бөлiктерiнiң ұсыныстарын қарау, ұсынымдар әзiрлеу және Қазақстан Республикасының Yкiметiне баяндау үшiн Қазақстан Республикасының ТМД-ға қатысушы мемлекеттермен мына мәселелер бойынша көп жақты және екi жақты әскери-экономикалық ынтымақтастығын сипаттайтын материалдарды дайындауды ұйымдастыру: 
әскери-экономикалық ынтымақтастық мәселелерiн реттеу саласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң нормативтiк-құқықтық базасын жақындастыру ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде қару-жарақ пен әскери техниканы әзiрлеу, өндiру, жаңарту және жөндеу саласындағы басты бағыттарды айқындау; 
қорғаныс өнеркәсiбi саласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң экономикалық және ғылыми-техникалық саясатын келiсу; 
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң қорғаныс қабiлетi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында әскери-техникалық мүлiктерi, жинақтауыш бұйымдарды, шикiзаттарды, материалдарды кооперацияланған өндiру; 
қару-жарақ пен әскери техника, жинақтауыш бұйымдар мен қосалқы бөлшектер өндiрiсiн мамандандыру және кооперациялау; 
қару-жарақ пен әскери техниканы, сондай-ақ олардың өндiрiсiне арналған технологиялық жабдықтарды стандарттау және бiрiздендiру; 
қару-жарақ пен әскери техника саласында ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды бiрлесiп өткiзу жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау; 
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң тиiстi ұйымдарымен әскери техниканың жекеленген бұйымдарын бiрлесiп өндiрудi жоспарлау және ұйымдастыру; 
жұмылдыру қуатын сақтау және дамыту жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу; 
әскери мақсаттағы өнiмдер өндiрiсi саласындағы жетiстiктердi жалпы мақсаттағы өнiмдер өндiрiсiнде қолдану; 
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң қорғаныс министрлiктерiнiң арасында қару-жарақ пен әскери техниканы жеткiзгенi және жөндегенi үшiн өзара есеп айрысу мен даулы мәселелердi реттеу жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу; 
2) қорғаныс өнеркәсiбi саласында әскери-экономикалық ынтымақтастық мәселелерi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 
3) өз жұмысының ұйымдық және рәсiмдiк мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдау; 
4) өз құзыретi шегiнде екi жақты және көп жақты келiсiмдердiң, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң қорғаныс өнеркәсiбi саласындағы экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастығы бойынша басқа да нормативтiк құжаттардың жобаларын дайындау және iске асыру; 
5) Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдарымен және ұйымдарымен, сондай-ақ әскери-экономикалық ынтымақтастықтың негiзгi мiндеттерiн шешуге қатысатын ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң атқарушы билiк органдарымен өзара iс-қимыл жасау.
4. Комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң қызметiн қамтамасыз ету
5. Өзiнiң негiзгi функцияларын орындау үшiн Комиссияның қазақстандық бөлiгi Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары мен ұйымдары өкілдерiнен әскери-экономикалық ынтымақтастық саласындағы нақты мәселелер мен жобаларды пысықтау үшiн тұрақты немесе уақытша негiзде жұмыс топтарын құруға және олардың қызмет тәртiбiн айқындауға құқығы бар.
6. Комиссияның қазақстандық бөлiгi тең төраға, тең төрағаның орынбасары, жауапты хатшы, оның мүшелерi құрамында құралады және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтіледi.
7. Комиссияның қазақстандық бөлiгiнің тең төрағасы: 
1) Комиссияның қазақстандық бөлiгінің жұмысын үйлестiредi; 
2) бiрлескен жобаларды iске асыруға ықпал жасайды; 
3) Комиссияның кезектi отырысы алдында халықаралық әскери-экономикалық ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындау, күн тәртiбi мен хаттама жобаларын келiсу мақсатында Комиссияның қазақстандық бөлiгiнің мәжiлiсiн өткiзедi; 
4) Комиссия мәжiлiсiнiң қорытындылары туралы есеп беру ақпаратын Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi; 
5) ағымдағы жылғы желтоқсанда Комиссияның қызметi туралы есеп беру ақпаратын және оның қызметiн жандандыру жөнiндегi ұсынысты Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне бередi. 
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.06.2005. № 614 қаулыларымен. (14.06.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
8. Комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң және оның жұмыс топтарының қызметiн ұйымдық-әдiстемелiк қамтамасыз етудi Комиссияның қазақстандық бөлігінің жауапты хатшысы жүзеге асырады.
9. Комиссияның қазақстандық бөлігінің жұмысы оның тең төрағасы бекiтетiн жоспарлар бойынша жүзеге асырылады.
10. Жұмыс жоспарына оларды дайындау мен қараудың тәртiбi және мерзiмдерi, материалдарды Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынудың мерзімдерi көрсетiле отырып, Комиссияның қазақстандық бөлiгінің қарауына жататын мәселелер енгiзiледі.
11. Комиссияның қазақстандық бөлiгiнің мәжiлiстерiн оның тең төрағасы, ал ол жоқ болған жағдайда тең төрағаның тапсыруы бойынша оның мүшелерiнің бiрi жүргiзедi. Комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң шешімдерi ашық дауысқа салумен қабылданады және егер олар үшiн Комиссияның қазақстандық бөлiгi мүшелерiнің жалпы санының басым бөлiгi дауыс берсе, қабылданған болып есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда тең төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып есептеледi. 
Комиссияның қазақстандық бөлiгi мәжiлiсiнiң өткiзiлуi нәтижесi бойынша мәжiлiске қатысқан оның мүшелерi қол қоятын хаттама жасалады және оны тең төраға бекітеді.