• Мое избранное
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі "Салааралық ақпарат ғылыми-техникалық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының кейбір мәселелері

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі "Салааралық ақпарат ғылыми-техникалық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнының кейбiр мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы N 921 Қаулысы

Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң "Салааралық ақпарат ғылыми-техникалық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрi - Орталық) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарамағына берiлсiн.
2. Орталықтың мемлекеттiк басқару органы болып Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен: 
1) Орталықтың жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге ұсынсын; 
2) Орталықты әдiлет органдарында мемлекеттiк қайта тiркеудi қамтамасыз етсiн; 
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2004 жылғы 31 тамыздағы
 N 921 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетін өзгерiстер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (26.11.2004 ж. редакцияны қараңыз)
2. "Қазақстан Республикасында жүргiзiлетiн, басталған, жалғастырылып жатқан және аяқталған жабық ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды мемлекеттiк тiркеудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 11 наурыздағы N 198  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 8, 51-құжат): 
тақырыбы мен мәтінінде "жабық ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстардың, "жабық ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстар", деген сөздер тиiсiнше "мемлекеттiк құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды", "мемлекеттiк құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстар" деген сөздермен ауыстырылсын; 
4-тармақтағы "жабық тақырып" деген сөздер "мемлекеттiк құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар тақырып" деген сөздермен ауыстырылсын; 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында басталған, жалғастырылып жатқан және аяқталған жабық ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды мемлекеттiк тiркеудiң тәртiбiнде: 
тақырыбы мен мәтінiнде: "жабық ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды", "жабық ҒЗТКЖ" деген сөздер тиiсiнше "мемлекеттiк құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды"; "құпиялы ҒЗТКжЖТЖ" деген сөздермен ауыстырылсын; 
"FЗТКЖ" деген аббревиатура "ҒЗТКжЖТЖ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын; 
3-тармақтағы: 
"ғылыми мекемеге" деген сөздер "қазыналық кәсiпорынға" деген сөздермен ауыстырылсын; 
"Салааралық" деген сөздің алдынан "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің" деген сөздермен толықтырылсын; 
11-тармақтағы "жабық тақырыптар" деген сөздер "мемлекеттiк құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар тақырыптар" деген сөздермен ауыстырылсын.
3.   Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.10.2004. № 1111 қаулысымен. (31.08.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
4.   Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 26.11.2004. № 1237 қаулысымен. (28.10.2004 жылғы редакцияны қараңыз)