Toggle Dropdown
2
Степногор қаласында биотехнологиялық өндiрiстi дамыту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 наурыздағы N 277 қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
"Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шiлдедегi Заңына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығының 16-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 10 мамырдағы N 617 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының инновациялық даму бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса берiлiп отырған Степногор қаласындағы "Прогресс" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгiнiң техника паркi ашық акционерлiк қоғамында биотехнологиялық өндiрiстi қалыптастырудың және дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
Toggle Dropdown
2. "Фармацевтикалық биотехнология институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен "Фармацевтикалық биотехнология институты" ашық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - 1-Қоғам) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Toggle Dropdown
3. "Ақмола мемлекеттiк медицина академиясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны медициналық-биологиялық факультетiнiң базасында жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен "Биотехнология жөнiндегi бiлiм беру орталығы" ашық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - 2-Қоғам) құрылсын.
Toggle Dropdown
4. Жарғылық капиталына мемлекеттiң кемiнде 51% мөлшерiнде қатысуымен "Прогресс" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгiнiң техника паркi" ашық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - 3-Қоғам) құрылсын.
Toggle Dropdown
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:
Toggle Dropdown
1) 1-Қоғам, 2-Қоғам және 3-Қоғам жарлықтарын бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн;
Toggle Dropdown
2) 3-Қоғам жарғылық капиталын:
Toggle Dropdown
1-Қоғам, 2-Қоғам және "Биомедпрепарат" ашық акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн беру;
Toggle Dropdown
осы қаулыға қосымшада көрсетiлген ұйымдардың тиiстi үлестерiн беру мақсатында қажеттi iс-шараларды жүргiзу жолымен қалыптастыруды қамтамасыз етсiн;
Toggle Dropdown
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Toggle Dropdown
6. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Бағдарламаны iске асыруға Ғылым қоры қаражатынан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң 2003 жылы 150 000 000 (бip жүз елу миллион) теңге бөлуiн қамтамасыз етсiн.
Toggle Dropdown
7. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
Toggle Dropdown
8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрi
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 20 наурыздағы
N 277 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Степногор қаласындағы "Прогресс" ғылыми-өндірістік бірлестігінің техника паркі" ашық акционерлік қоғамында биотехнологиялық өндірісті қалыптастырудың және дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы
Toggle Dropdown
Астана, 2003 ж.
Toggle Dropdown
1. Бағдарламаның паспорты
Toggle Dropdown
Атауы - Степногор қаласындағы "Прогресс" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгiнiң техника паркi" ашық акционерлiк қоғамында биотехнологиялық өндiрiстi қалыптастырудың және дамытудың
Toggle Dropdown
2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы
Toggle Dropdown
Негiзгi әзiрлеушi - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi
Toggle Dropdown
Әзiрлеу үшін - "Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан негiздеме Республикасының 2002 жылғы 3 шiлдедегi Заңы, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы
Toggle Dropdown
10 мамырдағы N 617 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының инновациялық даму бағдарламасы, Қазақстан Республикасы
Toggle Dropdown
Үкiметiнiң 2001 жылғы 26 маусымдағы N 871 қаулысымен бекiтiлген 2001-2005 жылдарға арналған "Қазақстан Республикасында биотехнологиялық өнiм өндiрудi ғылыми-
Toggle Dropdown
техникалық қамтамасыз ету және ұйымдастыру" республикалық ғылыми-техникалық бағдарлама, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы
Toggle Dropdown
12 шiлдедегi N 1059 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-техникалық саясатының тұжырымдамасы.
Toggle Dropdown
Iске асыру - 2003 - 2005 жылдар мерзiмдерi
Toggle Dropdown
Бағдарламаның - Денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және мақсаты өнеркәсiп үшiн биотехнологиялық өнiм
Toggle Dropdown
(антибиотиктер, амин қышқылдары, ферменттер, клейковина, этанол, инсектицидтер) шығаруды ұйымдастыру
Toggle Dropdown
Қаржыландыру - республикалық бюджет көздерi
Toggle Dropdown
Күтiлетiн - ғылыми дәлелденген жаңа параметрлер және нәтижелер жасалған экологиялық таза әрi импорт алмастыру технологияларды бейiмдеу негiзiнде медициналық және ветеринарлық дәрiлiк препараттардың, жемшөп және азық қоспаларының, өсiмдiктер мен жануарларды қорғаудың микробиологиялық құралдары өндiрiсi, соның iшiнде: медицина үшiн имозимаза мен эритромициндi, ветеринарлық мақсатта тилозин мен монензиндi өндiру;
Toggle Dropdown
тазартылған фермент - глюкаваморин мен амилосубтилин өндiрiсi; микробты жәндiкжойылғыштар - лепидоцид, битоксибациллин, бактоларвицид өндipici; икемдi үлгi бойынша витамин қоспалары, премикстер, жемшөп концентраттары және белок-витамин-минерал қоспалары кiретiн жемшөп қоспалары өндiрiсi.
Toggle Dropdown
Микробиологиялық препараттарды, этанолды ферменттеу кезiнде құнарлы орталардың көмiрсутегi бөлiгi ретiнде қолданылатын құрғақ тауар клейковинаны, 39 % крахмалдық сұйықты,
Toggle Dropdown
14 % крахмалдық қоспаны ала отырып астықты кешендi қайта өңдеу. Отандық субстанциялары негiзiнде медицинаға деген фитопрепараттарды және басқа да дәрiлiк заттарды таблетка түрiнде шығару.
Toggle Dropdown
2. Кіріспе
Toggle Dropdown
Биотехнология биологиялық және техникалық ғылымдар, генетикалық және клеткалық инженерия саласындағы қазiргi заманғы жетiстiктердiң негiзiнде белгiлi бiр мақсатта жасалған тiрi жүйелердiң (алдымен микроорганизмдердiң) әлеуеттi мүмкiндiктерiн өндiрiстiк-технологиялық, экологиялық және әлеуметтiк-экономикалық проблемаларды шешу негiзiнде адамдардың тұрмыс деңгейiн арттыруға алдағы перспективаға әрi стратегиялық жоспарға да барынша пайдалануға мүмкiндiк беретiн ғылыми-техникалық прогрестiң басым бағыттарының бiрi болып табылады.
Toggle Dropdown
БҰҰ сарапшыларының қорытындысы бойынша биотехнология XXI ғасырда адамзаттың барлық қызмет саласында, бiрiншi кезекте, азық-түлiк, медициналық препараттарды алуда, ауыл шаруашылығында, экологияда, энергетикада дамуын айқындап отырады.
Toggle Dropdown
Қазақстанда халықты медициналық, ауыл шаруашылық және өнеркәсiптiк мақсаттағы биопрепараттармен қамтамасыз етуде жеткiлiктi түрде күрделi ахуал қалыптасты. Бұрын Республикада халық шаруашылығының дәрiлiк препараттарда, биологиялық активтi заттарда, өсiмдiктердi қорғау құралдарында, тағам және жемшөп қоспаларында қажеттiлiгiн бұрынғы KCPO микробиология өнеркәсiбi қамтамасыз еткен.
Toggle Dropdown
90-жылдар iшiнде ТМД елдерi экономикасын реформалау жағдайында микробиологиялық өнiмдердi өндiруге және биотехнология ғылымын дамытуға бөлiнетiн шығындар күрт қысқарды. Сонымен қатар ТМД елдерiнде, оның iшiнде Қазақстанда да, КСРО-да биотехнологияның қарқынды дамуы кезiнде құрылған едәуiр ғылыми және технологиялық әлеует осы уақытқа дейiн жинақталған және сақталған. Өндiрiстiк кешен, технологиялық желiлер, жоғары бiлiктi инженерлiк-техникалық персонал бұрынғы "Прогресс" ӨБ-де сақталған.
Toggle Dropdown
Бұрынғы "Прогресс" ӨБ-нiң ғылыми-өндiрiстiк базасын жедел және тиiмдi дамыту үшiн Қазақстанның бәсекеге қабiлеттi, таза экологиялық, жоғары тиiмдi және энергия үнемдейтiн технологиялардың, тағам мен жемшөп қоспаларының, ветеринариялық және медициналық препараттардың, өсiмдiктердi қорғау мен дезинсектанттардың микробиологиялық заттарының биотехнологиялық өндiрiсiн құруға бағытталған ТМД елдерiнiң "Биотехнологияның дамуы" мемлекетаралық инновациялық ғылыми-техникалық бағдарламасына қатысуы қажет.
Toggle Dropdown
Осы Бағдарлама бұрынғы жылдардың ғылыми-техникалық әзiрлемелерi негiзiнде жасалды және бұрынғы "Прогресс" ӨБ және "Биомедпрепарат" ААҚ базасында биотехнологиялық өндiрiстi дамытуға бағытталған. Оны әзiрлеудiң негiздемелерi мыналар болып табылады:
Toggle Dropdown
"Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шiлдедегi Заңы;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 10 мамырдағы N 617 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының инновациялық даму бағдарламасы;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 26 маусымдағы N 871 қаулысымен бекiтiлген 2001-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында биотехнологиялық өнiм өндiрудi ғылыми-техникалық қамтамасыз ету және ұйымдастыру" республикалық ғылыми-техникалық бағдарламасы;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 12 шiлдедегi N 1059 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-техникалық саясатының тұжырымдамасы.
Toggle Dropdown
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау