• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбір мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096 қаулысы

Редакция 06.04.2005 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi туралы ереже бекiтiлсiн.  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 06.04.2005. № 310 қаулысымен. (25.06.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Мыналар қайта ұйымдастырылсын: 
1) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi болып; 
2) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi болып;  
3) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдары болып; 
4) қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - облыстық орман және биоресурстар жөнiндегi аумақтық басқармалары және Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi - облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттiк бақылау аумақтық басқармалары оларды Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармаларына қосу жолымен.  
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.11.2002. № 1216 қаулысымен, 22.11.2002. № 1239 қаулысымен. (07.10.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
3.   Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 06.04.2005. № 310 қаулысымен. (25.06.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
4.   Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 01.04.2003. № 314 қаулысымен. (29.12.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiмде осы қаулыны iске асыру жөнiнде тиiстi шаралар қабылдасын.
6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
 2002 жылғы 7 қазандағы
 N 1096 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы  
  министрлiгі туралы  
  ереже   Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Ереженің күшін жойды ҚР Үкіметінің 06.04.2005. № 310 қаулысымен. (25.06.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
 2002 жылғы 7 қазандағы
 N 1096 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің  
  күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң тізбесi 
1. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 16 қарашадағы N 1731  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 498-құжат).
2. "Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 наурыздағы N 394  қаулысының  3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 12, 129-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 16 қарашадағы N 1731 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 2 мамырдағы N 584  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 16, 207-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 22 қыркүйектегi N 1222  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізiлген өзгерiстер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 33, 431-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң қызметiне байланысты жекелеген мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 28 маусымдағы N 704  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне енгiзілген өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 20, 215-құжат).
6. "Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық және мелиоративтiк техниканың есебiн жүргiзу, оны мемлекеттiк тiркеу және техникалық жай-күйiн тексеру мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 30 шiлдедегi N 846  қаулысының  1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 25, 266-құжат).
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2002 жылғы 7 қазандағы
 N 1096 қаулысына
 қосымша
Қосымшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 22.11.2002. № 1239 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінiң мемлекеттік мекемелерi - облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармалары болып қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - облыстық орман және биоресурстар жөнiндегi аумақтық басқармаларының және Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi - облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттiк бақылау аумақтық басқармаларының  
  ТIЗБЕСI 
__________________________________________________________________ 
    Қайта ұйымдастырылатын      |  Қазақстан Республикасы Ауыл 
 мемлекеттiк мекемелердiң атауы |   шаруашылығы министрлiгiнiң 
                                |       Орман және аңшылық 
                                | шаруашылығы комитет мемлекеттік 
                                |       мекемелерiнiң атауы 
 __________________________________________________________________ 
Ақмола облыстық орман және        Ақмола облыстық орман және 
биоресурстар жөнiндегi            аңшылық шаруашылығының 
аумақтық басқармасы               аумақтық басқармасы 
Ақмола облыстық жануарлар 
және өсiмдiктер дүниесiн 
мемлекеттiк бақылау 
aумақтық басқармасы 
Ақтөбе облыстық орман және        Ақтөбе облыстық орман және 
биоресурстар жөнiндегi            аңшылық шаруашылығының 
аумақтық басқармасы               аумақтық басқармасы 
Ақтөбе облыстық жануарлар 
және өсiмдiктер дүниесiн 
мемлекеттiк бақылау 
аумақтық басқармасы 
Алматы облыстық орман және        Алматы облыстық орман және 
биоресурстар жөнiндегi            аңшылық шаруашылығының 
аумақтық басқармасы               аумақтық басқармасы 
Алматы облыстық жануарлар 
және өсiмдiктер дүниесiн 
мемлекеттiк бақылау 
аумақтық басқармасы 
Атырау облыстық орман және        Атырау облыстық орман және 
биоресурстар жөнiндегi            аңшылық шаруашылығының 
аумақтық басқармасы               аумақтық басқармасы 
Атырау облыстық жануарлар 
және өсiмдiктер дүниесiн 
мемлекеттiк бақылау 
аумақтық басқармасы 
Шығыс Қазақстан облыстық          Шығыс Қазақстан облыстық орман 
орман және биоресурстар           және аңшылық шаруашылығының 
жөнiндегi аумақтық басқармасы     аумақтық басқармасы 
Шығыс Қазақстан облыстық 
жануарлар және өсiмдiктер 
дүниесiн мемлекеттiк бақылау 
аумақтық басқармасы 
Жамбыл облыстық орман және        Жамбыл облыстық орман және 
биоресурстар жөнiндегi            аңшылық шаруашылығының 
аумақтық басқармасы               аумақтық басқармасы 
Жамбыл облыстық жануарлар 
және өсiмдiктер дүниесiн 
мемлекеттiк бақылау 
аумақтық басқармасы 
Батыс Қазақстан облыстық орман    Батыс Қазақстан облыстық орман 
және биоресурстар жөніндегі       және аңшылық шаруашылығының 
аумақтық басқармасы               аумақтық басқармасы 
Батыс Қазақстан облыстық 
жануарлар және өсiмдiктер 
дүниесiн мемлекеттiк бақылау 
аумақтық басқармасы 
Қарағанды облыстық орман және     Қарағанды облыстық орман және 
биоресурстар жөнiндегi аумақтық   аңшылық шаруашылығының 
басқармасы                        аумақтық басқармасы 
Қарағанды облыстық жануарлар 
және өсiмдiктер дүниесiн 
мемлекеттiк бақылау 
аумақтық басқармасы 
Қостанай облыстық орман           Қостанай облыстық орман және 
және биоресурстар жөнiндегi       аңшылық шаруашылығының 
аумақтық басқармасы               аумақтық басқармасы 
Қостанай облыстық жануарлар 
және өсiмдiктер дүниесiн 
мемлекеттiк бақылау 
аумақтық басқармасы 
Қызылорда облыстық орман және     Қызылорда облыстық орман және 
биоресурстар жөнiндегi аумақтық   аңшылық шаруашылығының 
басқармасы                        аумақтық басқармасы 
Қызылорда облыстық жануарлар 
және өсiмдiктер дүниесiн 
мемлекеттiк бақылау 
аумақтық басқармасы 
Маңғыстау облыстық орман және     Маңғыстау облыстық орман және 
биоресурстар жөнiндегi аумақтық   аңшылық шаруашылығының 
басқармасы                        аумақтық басқармасы 
Маңғыстау облыстық жануарлар 
және өсiмдiктер дүниесiн 
мемлекеттiк бақылау 
аумақтық басқармасы 
Павлодар облыстық орман және      Павлодар облыстық орман және 
биоресурстар жөнiндегi            аңшылық шаруашылығының 
аумақтық басқармасы               аумақтық басқармасы 
Павлодар облыстық жануарлар 
және өсiмдiктер дүниесiн 
мемлекеттiк бақылау 
аумақтық басқармасы 
Солтүстiк Қазақстан облыстық      Солтүстiк Қазақстан облыстық 
орман және биоресурстар           орман және аңшылық 
жөнiндегi аумақтық басқармасы     шаруашылығының аумақтық 
Солтүстiк Қазақстан облыстық      басқармасы 
жануарлар және өсiмдiктер 
дүниесiн мемлекеттiк бақылау 
аумақтық басқармасы 
Оңтүстiк Қазақстан облыстық 
орман және биоресурстар 
жөнiндегi аумақтық басқармасы 
Оңтүстiк Қазақстан облыстық       Оңтүстiк Қазақстан облыстық 
жануарлар және өсiмдiктер         орман және аңшылық 
дүниесiн мемлекеттiк бақылау      шаруашылығының аумақтық 
аумақтық басқармасы               басқармасы". 
 __________________________________________________________________