• Мое избранное
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің кейбір мәселелері

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң кейбiр мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 шілдедегі N 714 қаулысы

Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы" 2003 жылғы 13 маусымдағы N 1107 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi құрылсын.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі балық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi құрылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Балқаш-Алакөл балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегі бассейндiк басқармасы" және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Зайсан-Ертiс балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы" мемлекеттiк мекемелерi Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы  министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң "Балқаш - Алакөл облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегі бассейндiк басқармасы" және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң "Зайсан-Ертiс облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы" мемлекеттiк мекемелерi болып қайта аталып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Орал-Каспий облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы", "Балқаш-Алакөл балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы" және "Зайсан-Ертiс балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы" мемлекеттiк мекемелерi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі Балық шаруашылығы комитетiнiң қарамағына берiлсiн.
4. Қоса берiлiп отырған: 
1)  
2)  
2-1)  
3)  
4) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.   Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.05.2004. № 517 қаулысымен, 1),2),2-1),3)-тармақшалардың күшін жойды - 06.04.2005. № 310 қаулысымен. (18.07.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп, тиiстi қажеттi материалдық- техникалық құралдарды және өзге де мүлiктi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетiне берудi қамтамасыз етсiн.
6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2003 жылғы 18 шілдедегі
 N 714 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің құрылатын аумақтық органдарының тізбесі Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2003 жылғы 18 шілдедегі
 N 714 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi туралы Ереже Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Ереженің күшін жойды ҚР Үкіметінің 06.04.2005. № 310 қаулысымен. (07.09.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2003 жылғы 18 шілдедегі
 N 714 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің құрылымы Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2003 жылғы 18 шілдедегі
 N 714 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2003 жылғы 18 шілдедегі
 N 714 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (06.04.2005 ж. редакцияны қараңыз)
2.   Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 06.04.2005. № 310 қаулысымен. (07.09.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
3.   Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 06.04.2005. № 310 қаулысымен. (07.09.2004 жылғы редакцияны қараңыз)