Toggle Dropdown
Экономикалық саясат жөнiндегі кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы N 202 қаулысы
Редакция 15.08.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатын дамытудың қағидатты сипаттағы маңызды мәселелерi жөніндегі келісілген көзқарастар мен ұсынымдарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Экономикалық саясат жөнiндегi кеңес құрылсын.
1) Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің лауазымдық құрамы;
2) Экономикалық саясат жөнiндегi кеңес туралы ереже бекiтiлсiн.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнің кейбiр шешiмдерiнің күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 25 ақпандағы
№ 202 қаулысымен
бекітілген
Экономикалық саясат жөнiндегi кеңестiң лауазымдық құрамы
Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің лауазымдық құрамы
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнің
2003 жылғы 25 ақпандағы
N 202 қаулысымен
бекiтiлген
Экономикалық саясат жөнiндегi кеңес туралы ереже
1. Экономикалық саясат жөнiндегi кеңес (бұдан әрi - ЭCK) Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесші орган болып табылады, Қазақстан Республикасы әлеуметтiк-экономикалық саясатының негiзгi бағыттары, экономиканың орнықты дамуын қамтамасыз ететін стратегияны және оны іске асыру шараларын, тетіктерін айқындау жөніндегі ұсыныстарды қарайды.
2. ЭCK өз қызметiнде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және осы Ереженi басшылыққа алады.
3. ЭСК-тiң негiзгi мiндеттерi:
1) мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының негiзгi бағыттарын әзiрлеу және iске асыру жөнінде келiсілген тәсілдерді әзiрлеу;
2) экономиканы және әлеуметтiк саланы дамытудың орта және ұзақ мерзiмдi перспективаға арналған қағидатты маңызды мәселелерi, экономикадағы дағдарысты құбылыстардың туындауын болдырмау немесе олардың ықтимал терiс салдарын жұмсарту жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.
4. ЭCK қойылған мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта және ұзақ мерзiмдi перспективаға арналған негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзiрлейдi;
2) iшкi және сыртқы факторлардың әсерiнен туындаған ел экономикасындағы дағдарысты құбылыстардың туындау ықтималдығын талқылайды және оларды болдырмау бойынша барабар шаралар әзiрлейдi.
5. ЭCK-тің заңнамада белгiленген тәртiппен және өз құзыретi шегінде:
1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қарауына елдің әлеуметтiк-экономикалық дамуының неғұрлым өзекті мәселелерiн енгiзуге;
2) қаралатын мәселелер бойынша ұсынымдық сипаттағы тиiстi шешiмдер қабылдауға;
3) ЭСК құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өзге де органдардың мамандарын тартуға;
4) ЭСК жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
5. ЭСК-тің жұмысын ұйымдастыру
6. ЭСК лауазымдық құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. Бекітілген лауазымдық құрамның негізінде ЭСК-тің дербес құрамы ЭСК-тің хаттамалық шешімімен айқындалады.
7. ЭСК төрағасы оның қызметін басқарады, ЭСК-тің отырыстарына төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды. ЭСК төрағасы болмаған кезде оның функцияларын ЭСК төрағасының орынбасары орындайды.
8. ЭСК хатшысы ЭСК отырысы өткізілгеннен кейін хаттаманы ресімдейді. Хатшы ЭСК мүшесі болып табылмайды.
9. ЭСК-тің мүшелері отырыстарға алмастыру құқығынсыз қатысады.
10. ЭСК отырыстары қажеттілігіне қарай ай сайын, бiрақ оның мүшелерiнің кемiнде жартысы болған кезде кемінде тоқсанына бiр рет өткiзiледi.
11. ЭСК-тің жұмыс жоспарын тоқсан сайынғы негізде Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ ЭСК мүшелерінің ұсыныстары бойынша жұмыс органы қалыптастырады.
ЭСК-тің кезекті отырысының күн тәртібін ЭСК төрағасымен келісім бойынша жұмыс органы қалыптастырады.
12. ЭСК-тің отырысына материалдарды (хаттама жобасына ұсыныстар және ақпараттық-талдамалық материал) мүдделі мемлекеттік және өзге де органдар жұмыс органы айқындаған мерзімде жұмыс органына ұсынады. Материалдар уақтылы ұсынылмаған жағдайда, мәселе ЭСК отырысының күн тәртібінен алынып тасталуы мүмкін.
13. ЭСК отырысының күн тәртібі, хаттаманың жобасы және «қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар материалдарды қоспағанда, ЭСК отырысына материалдар оның мүшелеріне және шақырылғандарға электрондық түрде ғана «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильді кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы және/немесе ресми (қызметтік) электрондық мекенжайларға жіберіледі.
14. ЭСК-тiң шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға ЭСК мүшелерiнің жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру ЭСК отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдары мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, ЭСК-тiң төрағасы дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
ЭСК мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген ЭСК-тің есеп-хатына қоса берілуі тиіс.
ЭСК отырысын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтары негізінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға және хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, ЭСК-тің хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын ЭСК-тің мүшелеріне келісу үшін жібереді.
ЭСК-тің мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде келісу немесе себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
15. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі ЭСК-тің жұмыс органы болып табылады.
ЭСК-тiң жұмыс органы ЭСК жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде ЭСК отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар ЭСК отырысы өткізілгенге дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын хаттама жобасымен қоса ЭСК-тiң төрағасына және мүшелеріне жіберілуі тиіс.
16. Дауыс беру парақтарымен қоса, ЭСК материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды жұмыс органы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнің
2003 жылғы 25 ақпандағы
N 202 қаулысына
қосымша
Қазақстан Pecпубликасы Үкiметінің күші жойылған кейбiр шешімдерінің тiзбесi
1. "Экономикалық саясат жөнiндегi кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1998 жылғы 24 қарашадағы N 1192 қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 24 ақпандағы N 170 қаулысы.
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 22 қазандағы N 1585 қаулысы.
5. "Қазақстан Республикасы Yкіметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 29 қазандағы N 1624 қаулысы.
6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1942 қаулысы.
7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 6 қаңтардағы N 16 қаулысы.
8. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 26 мамырдағы N 801 қаулысы.
9. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 22 қаңтардағы N 101 қаулысы.
10. "Экономикалық саясат жөнiндегi кеңес туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 7 сәуiрдегi N 467 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 13, 164-құжат).
11. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 2 қыркүйектегi N 1133 қаулысы.
12. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 1559 қаулысы.
13. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 7 ақпандағы N 176 қаулысы.
14. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметiне байланысты жекелеген мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы N 704 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 20, 215-құжат).
15. "Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 8 шілдедегi N 732 қаулысы.
16. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 2 қазандағы N 1083 қаулысы.
17. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 2 қарашадағы N 1163 қаулысы.