• Мое избранное
Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 9

Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 Қаулысы

Редакция 01.01.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
  • 1
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.01.2021 жылғы № 6 Қаулысына сәйкес (01.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
1. Қоса беріліп отырған: 
  • 1
1) 1-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттері және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері орынбасарларының шекті саны;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 11.07.2018 жылғы № 420 Қаулысына сәйкес (04.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 01.08.2019 жылғы № 565 Қаулысына сәйкес (11.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)
2) 2-қосымшаға сәйкес кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң аппараттары штат санының лимиті бекiтiлсiн.
2. Әкімдерге штаттық кестелерді бекіткен кезде осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары санының нормативін пайдалану ұсынылсын.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.03.2008 жылғы № 276 Қаулысымен (30.07.2007 ж. редакцияны қараңыз)
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері:
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.07.2018 жылғы № 420 Қаулысымен (04.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 01.08.2019 жылғы № 565 Қаулысына сәйкес (11.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)
  • 1
1) жергiлiктi бюджеттерде бар қаражат шегiнде, жұмыс iстейтiн қызметкерлер үшін заңнамада белгіленген кепiлдiктердi қамтамасыз ете отырып, осы қаулыға 1-қосымшада белгiленген штат санының лимиттерi шегiнде әкiмдер аппараттары мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атқарушы органдарының штаттық кестелерiн бекiтсiн;
2) осы қаулыға 2-қосымшада белгіленген штат санының лимиттерiн сақтай отырып, жергiлiктi бюджеттерде бар қаражат шегiнде, жұмыс істейтін қызметкерлер үшiн заңнамада белгіленген кепілдiктердi қамтамасыз ете отырып, осы қаулыға 1-қосымшада белгiленген штат санының лимиттері шегiнде айқындалған әкімдер аппараттары мен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының және қалалардағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң аппараттары штат санының лимиттерiн бекiтсiн және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілiктi атқарушы органдарына жеткiзсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
  • 1
4. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және қалада аудандары бар облыстық маңызы бар қалалардың әкiмдерi қаладағы аудандардың әкiмдерi орынбасарларының шектi санын белгілесiн.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 11.07.2018 жылғы № 420 Қаулысына сәйкес (04.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 01.08.2019 жылғы № 565 Қаулысына сәйкес (11.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)
5. Аудан әкiмдерi аудандық маңызы бар қалалардың әкiмдерi орынбасарларының шектi санын белгілесiн.
6. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерінің күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
  • 2
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2004 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1324 қаулысына
1-қосымша
1-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.11.2012 жылғы № 1436 Қаулыcымен (29.06.2012 ж. редакцияны қараңыз)
1-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.04.2013 жылғы № 411 Қаулыcымен (12.11.2012 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізу тәртібін 6-тармақтан қараңыз)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.01.2020 жылғы № 6 Қаулыcына сәйкес (01.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттері және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері орынбасарларының шекті саны
Шекті сан өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.07.2014 жылғы № 826 Қаулысымен (29.04.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Шекті сан өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2014 жылғы № 1397 Қаулысымен (24.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
Шекті сан өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.02.2015 жылғы № 63 Қаулысымен (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2015 жылдан бастап)
Шекті сан өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.11.2015 жылғы № 931 Қаулысымен (16.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Шекті сан өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.04.2016 жылғы № 198 Қаулысымен (20.11.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Шекті сан өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.10.2016 жылғы № 638 Қаулысымен (08.04.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Шекті сан өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.12.2016 жылғы № 782 Қаулысымен (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Шекті сан өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 25 Қаулысымен (08.12.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Шекті сан өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.04.2018 жылғы № 165 Қаулысымен (30.01.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Шекті сан өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.07.2018 жылғы № 420 Қаулысымен (04.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Шекті саны жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 01.08.2019 жылғы № 565 Қаулысына сәйкес (11.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)

Өңірлер

Барлығы, штат саны* (бірлік)

Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері орынбасарларының саны (бірлік)

1

2

3

Ақмола

3332

5

Ақтөбе

2544

5

Алматы

4084

5

Атырау

1625

5

Шығыс Қазақстан

4104

5

Жамбыл

2711

5

Батыс Қазақстан

2357

5

Қарағанды

3586

5

Қостанай

3585

5

Қызылорда

1964

5

Маңғыстау

1279

5

Павлодар

2874

5

Солтүстік Қазақстан

2742

5

Түркістан

3991

5

Алматы қаласы

1470

5

Нұр-Сұлтан қаласы

934

6

Шымкент қаласы

717

5

ЖИЫНЫ

43899

86

Халқының саны 400000 адамнан аз облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 3 бірліктен аспауы тиіс. Халқының саны 400000 адамнан астам облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 4 бірліктен аспауы тиіс. Халқының саны 800000 адамнан артық облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 5 бірліктен аспауы тиіс.
Халқының саны 250000 адамнан аз аудандардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 3 бірліктен аспауы тиіс. Халқының саны 250000 адамнан астам аудандардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 5 бірліктен аспауы тиіс.
* Саны облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша мемлекеттік қызметшiлердiң штат санын ескере отырып көрсетілген және әкiмдер аппараттарының және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, Қарағанды, Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларындағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшiлерi санын қамтиды.
  • 1
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2004 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1324 қаулысына
2-қосымша
2-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.05.2010 жылғы № 496 Қаулысымен (07.04.2010 ж. редакцияны қараңыз)
2-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.04.2013 жылғы № 411 Қаулыcымен (12.11.2012 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізу тәртібін 6-тармақтан қараңыз)
Кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары штат санының лимитi
Әкімшілiк-аумақтық бiрлiк халқының саны (мың адам) Әкiмдер аппараттарының штат саны (бiрлiк) Оның iшiнде әкiмдердiң орынбасарлары (бiрлiк)
Кент, ауыл, ауылдық округ    
1,5-ға дейiн 3-5  
1,5-нан 3-ке дейiн 5-7  
3-тен 5-ке дейiн 7-8  
5-тен 10-ға дейiн 8-10 1
10-нан 20-ға дейiн 10-15 1
20-дан 40-қа дейiн 15-18 2
40-тан астам 18-20 2
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2004 жылғы 15 желтоқсандағы
 N 1324 қаулысына
 3-қосымша
3-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.03.2008 жылғы № 276 Қаулысымен (30.07.2007 ж. редакцияны қараңыз)
Жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары санының нормативі
Құрылымдық бөлімшелердің басшылары орынбасарларының лауазымдары енгізіледі:
бөлім бастығының орынбасары            бөлімде (бастықты қоса 
                                       алғанда) кемінде 7 бірлік 
                                       болғанда;
Басқарма бастығының орынбасары         басқармада (бастықты қоса 
                                       алғанда) кемінде 15 бірлік 
                                       болғанда. Басқарма бастығы 
                                       орынбасарының шекті саны 3 
                                       бірліктен аспауы тиіс.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2004 жылғы 15 желтоқсандағы
 N 1324 қаулысына
 4-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшi жойылған кейбiр шешімдерінің тiзбесi
1. "Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана), аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдерінің аппараттары штат санының лимиттері және облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi орынбасарларының шектi саны туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 шiлдедегi N 985 қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 шілдедегi N 985 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 5 наурыздағы N 275 қаулысы.
3. "Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тәртiптiк кеңестерінің кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 13 желтоқсандағы N 1311 қаулысының 2-тармағы.
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 шілдедегi N 985 және 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 115 қаулысы.
5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 шілдедегi N 985 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 наурыздағы N 246 қаулысы.
6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 шілдедегi N 985 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 25 шілдедегi N 747 қаулысы.
7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 шілдедегі N 985 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 6 тамыздағы N 784 қаулысы.
8. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 21 шілдедегi N 985 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 желтоқсандағы N 1292 қаулысы.