• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің мәселелері
Внимание! Документ утратил силу с 29.10.2004 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 3

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 қарашадағы N 1172 қаулысы

Редакция 14.10.2004 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы" 2003 жылғы 13 қыркүйектегi N 1189 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған: 
1) Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi туралы ереже; 
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекітiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Мәдениет комитетi функциялары мен өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiне берiле отырып, таратылсын.
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiне екi вице-министр болуға рұқсат етiлсiн. 
4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде: 
"Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" деген бөлімде: 
тақырыбында ", ақпарат және қоғамдық келiсiм" деген сөздер алынып тасталсын; 
реттiк нөмiрi 415-15 жолдағы "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Мәдениет комитетiнің" деген сөздер алынып тасталсын; 
реттiк нөмiрi 512-19-жол алынып тасталсын; 
2) "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлігінің Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 7 мамырдағы N 543  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 17, 184-құжат): 
тақырыбында және мәтінінде ", ақпарат және қоғамдық келiсiм" деген сөздер алынып тасталсын; 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегі комитетi туралы ережеде: 
тақырыбында және мәтінінде ", ақпарат және қоғамдық келiсім" деген сөздер алынып тасталсын; 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнің Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегi комитетінің қарауындағы ұйымдардың тiзбесінде: 
тақырыбында ", ақпарат және қоғамдық келiсiм" деген сөздер алынып тасталсын.
5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiнің күшi жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2003 жылғы 24 қарашадағы
 N 1172 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Pecпубликасының Мәдениет министрлiгi туралы ереже
1. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) мәдениет, жастар саясаты, тiлдердi дамыту, мұрағат iсi мен құжаттама саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, заңнамаға сәйкес мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға өкiлеттiк берiлген Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Министрлiктің мынадай ведомствосы бар: Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегi комитет.
2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнің кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбасы, белгiленген үлгідегi бланкiсi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық органдарында заңнамаға сәйкес шоттары болады. 
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. 
Егер заңнамаға сәйкес оған өкiлеттік берiлген болса, Министрлiк мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарабы болуға құқылы.
4. Министрлiк өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртіппен Министрдiң бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
5. Министрлік штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
6. Министрлiктiң заңды мекен-жайы: 
473000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 60.
7. Министрлiктің толық атауы - "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi" мемлекеттiк мекемесi.
8. Осы Ереже Министрлiктің құрылтай құжаты болып табылады.
9. Министрлiктің қызметiн қаржыландыру тек қана республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 
Министрлікке Министрліктің функциялары болып табылатын функцияларды орындау мәнiнде кәсiпкерлік субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 
Егер Министрлiкке кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.
2. Министрліктің негiзгі мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
10. Министрлiктің негiзгi міндеттері: 
1) ұлттық мәдениетті өркендету, сақтау, дамыту әрі тарату; 
2) Қазақстанның мәдени-рухани дамуының жетiстiктерi мен үлгiлерiн насихаттауға бағытталған мәдени акциялар жүргiзу; 
3) мемлекеттік және Қазақстанда бар басқа да тiлдердің қолданылуы мен одан әрi дамытылуының тұрақтылығын қамтамасыз ету; 
4) мемлекеттiк жастар саясатын жүзеге асыру; 
5) мемлекеттiк органдардың мәдениет, өнер, жастар саясаты, тiлдердi дамыту, мұрағат ісі мен басқаруды құжаттамалық қамтамасыз етудің мемлекеттiк жүйесiн және құжаттаманың бiрiздендірілген жүйелерiн дамыту саласындағы қызметiн үйлестiру болып табылады.
11. Министрлiк оған жүктелген мiндеттерге сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 
1) елдің дамуының ұзақ мерзiмдi басымдықтарына сәйкес мәдениет, өнер, тілдердi дамыту, сондай-ақ мемлекеттiк жастар саясаты саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырады; 
2) тарихи-мәдени мұраның сақталуын қамтамасыз етедi; 
3) тарихи, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау, жаңғырту, пайдалану мен насихаттау жөніндегі басшылықты жүзеге асырады, тарих пен мәдениет ескерткiштерiн археологиялық және жаңғырту жұмыстарын жүргiзуге арналған лицензиялар бередi; 
4) оның құзыретіне енетiн мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты кеңейтедi әрi тереңдетеді; 
5) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнаманы жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады; 
6) Тілдердi қолдану мен оларды дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын орындауды жүзеге асырады; 
7) Қазақстан Республикасындағы ономастикалық және терминологиялық жұмысты үйлестiредi; 
8) Министрлiктің құзыретіне енетiн мәселелер бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдар қызметiн үйлестiредi; 
9) мәдениет саласындағы өнімдер мен қызметтердiң отандық рыногын зерделеу, талдау және болжау жөнiнде жұмыс жүргiзедi; 
10) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру, сақтау, қамтамасыз ету әрi пайдалану жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады.
12. Негiзгi мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн Министрлiк заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарға құқылы: 
1) Министрлiк құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан ақпарат сұратуға; 
2) нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларын әзiрлеуге қатысуға, сондай-ақ өз құзыреті шегiндегi мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық кесімдер әзiрлеуге және бекiтуге; 
3) ұйымдар құру, қайта ұйымдастыру, тарату жөнiнде ұсыныстар енгiзуге; 
4) мәдени құндылықтардың заңсыз әкетiлуi мен оларға меншiк құқықтарын беруге кедергi келтiруге, сондай-ақ заңнамада белгiленген жағдайларда мәдениет саласындағы қызметтi шектеуге; 
5) мемлекеттік, ведомстволық, жеке мұрағаттардың мұрағат iсi жөніндегi заңнаманы сақтауын мемлекеттiк инспекциялауды жүргiзуге; 
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында оған жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
3. Министрлiктiң мүлкi
13. Министрлiктiң жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады. 
Министрлiктің мүлкi оған мемлекет берген мүлiк есебінен қалыптастырылады әрi негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Министрлiк теңгерiмінде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.
14. Министрлiкке бекiтiлген мүлік республикалық меншiкке жатады.
15. Министрлiктің оған бекiтiлген мүлiктi өз бетiмен иеліктен айыруға немесе өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. 
Министрлікке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайлар мен шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
4. Министрлiк қызметiн ұйымдастыру
16. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметiне тағайындайтын және қызметiнен босататын Министр басқарады. 
Министрдің Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметіне тағайындайтын және қызметiнен босататын екi вице-министр - орынбасарлары болады.
17. Министр Министрліктің жұмысын ұйымдастырады әрі басшылық жасайды және Министрлiкке жүктелген мiндеттердi орындауы мен өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап береді.
18. Осы мақсатта Министр: 
1) вице-министрлер мен Министрлiктің құрылымдық бөлiмшелері басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды; 
2) заңнамаға сәйкес әрі өз құзыреті шегiнде Министрлiк қызметкерлерi, ведомстволық бағыныстағы ұйымдар басшыларын қызметiне тағайындайды және қызметiнен босатады; 
3) мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдарда Министрлік атынан өкілдiк етедi; 
4) заңнамада белгiленген тәртіппен Министрлік қызметкерлерiне көтермелеу, материалдық көмек көрсету шараларын қолданады, және тәртіптік жаза қолданады; 
5) Министрлiктің құрылымдық бөлiмшелері туралы ережелердi бекiтедi; 
6) Министрлiк құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен оның штат санының лимитi шегiнде белгiлейдi; 
7) өз құзыретi шегінде бұйрықтар шығарады; 
8) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
19. Министрлiктiң Министрдің жанындағы консультативтiк- кеңесшi орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын Министр бекітедi.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
20. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметiнiң
 2003 жылғы 24 қарашадағы
 N 1172 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi
Театрлар
1. "Абай атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық опера және балет театры" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны 
2. "Күләш Байсейiтова атындағы Ұлттық опера және балет театры" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны 
3. "М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық драма театры" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны 
4. "М.Ю.Лермонтов атындағы Орыс мемлекеттiк академиялық драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 
5. "Ғ.Мүсiрепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театры" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны 
6. "Н.Сац атындағы Орыс мемлекеттiк академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театры" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны 
7. "Ұйғыр мемлекеттiк республикалық музыкалық комедия театры" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны 
8. "Корей мемлекеттік республикалық музыкалық комедия театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны 
9. "Республикалық немiс драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны 
10. "Мемлекеттiк қуыршақ театры" мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны
Концерттiк ұйымдар
11. "Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны 
12. "Қазақконцерт" мемлекеттiк гастрольдiк-концерттiк бiрлестiгi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны 
13. "Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық халық аспаптары оркестрi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны 
14. Қазақстан Республикасының "Салтанат" мемлекеттiк би ансамблi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны 
15. "Қазақстан Камератасы" классикалық музыка ансамблі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 
16. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны 
17. "Гүлдер" ансамблі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 
18. "Ақ жауын" мемлекеттiк камералық оркестрi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны
Мұражайлар
19. "Қазақстан Республикасының Президенттiк мәдени орталығы" мемлекеттiк мекемесi 
20.  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Жол алынып тасталды ҚР Үкіметінің 21.04.2004. № 445 қаулысымен. (24.11.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
21. "Алтын және қымбат металлдар мемлекеттiк мұражайы" мемлекеттiк мекемесi 
22. "Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны 
23. "Әбiлхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер мұражайы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны 
24. "Ықылас атындағы республикалық музыкалық халық аспаптары мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 
25. "Бiрегей тиектi музыкалық аспаптардың мемлекеттiк коллекциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны 
26. "Республикалық кiтап мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 
27. "Көркемсурет көрмелерінің дирекциясы" республикалық мемлекет қазыналық кәсіпорны 
28. "Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсiрепов атындағы мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражай кешенi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны
Кино
29. "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық компаниясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны
Тарихи-мәдени қорықтар
30. "Отырар мемлекеттiк археологиялық қорық-мұражайы" мемлекеттiк мекемесi 
31. "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғат қорық- мұражайы" мемлекеттік мекемесi 
32. "Әзiрет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" мемлекеттiк мекемесi 
33. "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттiк тарихи-мәдени және "Абай әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы" мемлекеттiк мекемесi 
34. "Көне Тараз ескерткiштерi" мемлекеттiк тарихи-мәдени қорық-мұражайы" мемлекеттiк мекемесi 
35. "Тамғалы" мемлекеттiк тарихи-мәдени және табиғат қорық-мұражайы" мемлекеттiк мекемесi 
36. "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны
Кiтапханалар
37. "Қазақстан Республикасының Ұлттық кiтапханасы" мемлекеттiк мекемесi 
38. "Жамбыл атындағы республикалық мемлекеттiк жасөспiрiмдер кiтапханасы" мемлекеттiк мекемесi 
39. "С.Бегалин атындағы республикалық мемлекеттік балалар кiтапханасы" мемлекеттік мекемесi 
40. "Зағип және нашар көретiн азаматтарға арналған республикалық кiтапхана" мемлекеттiк мекемесi 
40-1. Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кiтапханасы 
Мұрағат ұйымдары Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Бөлім және 41-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 21.04.2004. № 445 қаулысымен. (24.11.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
41. 
Өзге де ұйымдар
42. "Қазақстан Республикасында Мәдениет пен өнердi қолдау мемлекеттiк қоры" мемлекеттік мекемесi 
43. "Қазақ мәдениет пен өнертану ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны 
44. "Республикалық және халықаралық мәдени бағдарламалар дирекциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны 
45. "Мемлекеттiк тiлдi жеделдете оқыту республикалық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны 
46. "Материалдық мәдениет ескерткіштерінің ғылыми-зерттеу және жобалау институты" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны 
47. "Республикалық мемлекеттiк жөндеу-құрылыс және жаңғырту басқармасы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны 
48. "Республика сарайы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Тізім 40-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 23.04.2004. № 461, 20-жол алынып тасталды - 14.10.2004. № 1051 қаулысымен. (21.04.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2003 жылғы 24 қарашадағы
 N 1172 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күші жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Мәдениет комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 сәуiрдегi N 500  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 16, 164-құжат). 
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 2 тамыздағы N 1093  қаулысымен  бекiтiлген Үкiметтің кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 22-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 40, 343-құжат).
3. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейi" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 ақпандағы N 275  қаулысының  5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 9-10, 104-құжат).
4. "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Мәдениет комитетiнің жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 28 наурыздағы N 449  қаулысының  6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 17, 175-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешімдеріне толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 29 қыркүйектегi N 1477  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 41, 478-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсім министрлігінің жекелеген мемлекеттiк мекемелерiн қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 27 қазандағы N 1620  қаулысы  4-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 44-45, 527-құжат).
7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2000 жылғы 28 қазандағы N 1626  қаулысы  1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 44-45, 531-құжат).
8. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлігінің "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы" мемлекеттік мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 18 қаңтардағы N 67  қаулысы  5-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 3, 26-құжат).
9. "Маңғыстау мемлекеттiк тарихи-мәдени қорығын коммуналдық меншiкке беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 қарашадағы N 1479  қаулысы  3-тармағының 1) тармақшасы.
10. "Қазақ мемлекеттiк циркі" республикалық мемлекеттiк кәсіпорнын республикалық меншiктен Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 11 сәуірдегі N 417  қаулысы  4-тармағының 1) және 3) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 11, 106-құжат).
11. "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Мәдениет комитетiнің "Қазақстан Республикасының академиялық классикалық би ансамблі" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 23 қаңтардағы N 84 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 3, 41-құжат).
12. "Көркемсурет көрмелерi мен аукциондар дирекциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 3 шiлдедегi N 651  қаулысының  2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 28, 270-құжат).
13. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 29 сәуiрдегi N 500 және 2000 жылғы 28 наурыздағы N 449 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 4 шiлдедегi N 654  қаулысы  1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 28, 271-құжат).
14. "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Мәдениет комитетiнiң "Ақ жауын" мемлекеттік камералық оркестрi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 20 тамыздағы N 836  қаулысы  3-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 34, 341-құжат).
15. "Қазақстан Республикасы Yкiметінің кейбiр шешімдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметiнің 2003 жылғы 27 тамыздағы N 872  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдеріне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 35, 356-құжат).