• Мое избранное

Отправить по почте

2

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Акцизделетiн өнiм өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетiн тарату туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2003 жылғы 22 қаңтар N 72

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығы 3-тармағының 2) тармақшасын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Акцизделетiн өнiмдер өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiсiн және айналымын мемлекеттiк реттеу саласындағы функциялары мен өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне берiле отырып, таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен таратылған Комитеттiң мүлкiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне берудi қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
4. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
1) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 38  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 3, 13-құжат); 
2) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Акцизделетiн өнiмдер өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк бақылау жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қарашадағы N 1773  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, N 49-50, 578-құжат). 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
 2003 жылғы 22 қаңтардағы
 N 72 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 07.06.2012 № 753 Қаулысымен (12.06.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (07.06.2012 ж. редакцияны қараңыз)
3.  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Қаулысымен (22.01.2003 жылғы редакцияны қараңыз)(Күші жойылды ҚР Үкіметінің 12.06.2008. № 578.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
4.  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Қаулысымен (22.01.2003 жылғы редакцияны қараңыз)(Күші жойылды ҚР Үкіметінің 12.06.2008. № 578.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
5. "ҚазАлкоОрталық" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 20 сәуiрдегi N 396  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 13, 144-құжат): 
2-тармақта "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетi мемлекеттiк басқарудың уәкiлеттi органы, сондай-ақ Кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы" деген сөздермен ауыстырылсын.