Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Қазақстан Pecпубликасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегi комитетінің Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы" және "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөнiндегі комитетiнің Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2003 жылғы 24 ақпан N 189
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетінің Оңтүстiк Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" және "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетінiң Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорындары "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Оңтүстiк Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" мемлекеттiк мекемелерi (бұдан әрі - Мекемелер) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Мекемелер қызметiнің негiзгі мәнi болып мыналар белгiленсiн:
1) суармалы жерлерде байқаулар, инженерлiк және топырақ-мелиоративтік iздестiру мен зерттеулер жүргiзу;
2) суармалы жерлердiң мелиоративтік жай-күйiн бағалау және оларды жақсарту мен ұтымды пайдалану жөнінде ұсынымдар әзiрлеу.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Мекемелер жарғыларының бекiтілуін және олардың әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (06.04.2005 ж. редакцияны қараңыз)
5. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Оңтүстiк Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы" және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 11 маусымдағы N 722 қаулысы 5-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 26, 246-құжат) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |