Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қазандағы N 1006 Қаулысы
Редакция 07.08.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметін тексеру жөнінде жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2000 жылғы 11 мамырдағы N 74-ө өкімі;
2) "Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2000 жылғы 21 қыркүйектегі N 116-ө өкімі.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қазандағы N 1006 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.06.2017 жылғы № 367 Қаулысымен (20.05.2010 ж. редакцияны қараңыз)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 27.10.2009 № 1689 Қаулысымен. (29.10.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
3 - 4. Тармақтар күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 20.05.2010 № 453 Қаулысымен. (27.10.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 07.08.2017 жылғы № 475 Қаулысымен (15.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)