Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 маусымдағы N 644 Қаулысы
Редакция 15.06.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Укiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2005 жылғы 28 маусымдағы
N 644 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмдерiне енгізiлетiн өзгерiстер
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4. "Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 10 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 6 желтоқсандағы N 1272 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 48, 610-құжат):
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 10 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткiзу жөнiндегi комиссияның құрамына Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi енгiзiлсiн;
көрсетiлген комиссияның құрамынан Жұмабеков Оңалсын Исламұлы шығарылсын.
5. "Мемлекеттiк органдардың функцияларын зерделеу және бақылау-қадағалау функцияларын қысқарту бойынша ұсынымдар әзiрлеу жөнiндегi жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 8 қыркүйектегі N 254-ө өкiмiне:
мемлекеттiк органдардың функцияларын зерделеу және бақылау-қадағалау функцияларын қысқарту бойынша ұсынымдар әзiрлеу жөнiндегі жұмыс тобының құрамына Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi жетекшiнің орынбасары болып енгiзiлсiн;
көрсетілген жұмыс тобының құрамынан Жұмабеков Оңалсын Исламұлы шығарылсын.
6. "Қазақстан Республикасы Президентiнің 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 287-ө өкiмiне:
көрсетiлген өкiмге 2-қосымшада:
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк басқару органдарының әкiмшілiк реформасын iске асыру мәселелерi бойынша заңнамалық кесiмдерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөніндегi жұмыс тобының құрамына Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi жетекшi болып енгiзiлсiн;
көрсетiлген жұмыс тобының құрамынан Жұмабеков Оңалсын Исламұлы шығарылсын.
7. "Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсiндiру және алға жылжыту жөнiндегi ақпараттық-насихаттау топтарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2006 жылғы 26 наурыздағы N 68-ө өкімiне:
көрсетiлген өкiмге 1-қосымшада:
Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша өңiрлерде түсiндiру жөнiндегi ақпараттық-насихаттау топтарының құрамына Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi жетекшi болып енгiзiлсiн;
көрсетiлген топтың құрамынан Жұмабеков Оңалсын Исламұлы шығарылсын;
көрсетiлген өкiмге 2-қосымшада:
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын түсiндiру жөнiндегi ақпараттық-насихаттық топтардың жол жүру кестесiнде, Оңтүстік Қазақстан облысы:
реттiк нөмiрi 7-жолдың "Т.А.Ә" бағанында "О.И.Жұмабеков" деген сөздер "З.Я.Балиева" деген сөздермен ауыстырылсын.