• Мое избранное
"Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Қазақ ақпарат туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 4

"Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Қазақ ақпарат агенттiгi (ҚазААГ)" республикалық қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 8 қараша N 1186

Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақ ақпарат агенттiгiн одан әрi дамыту, қазiргi заманғы менеджмент пен маркетинг негiзiнде оның бәсекелестiк қабiлетiн арттыру және инвестицияларды тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Қазақ ақпарат агенттiгi (ҚазААГ)" республикалық қазыналық кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен "Қазақ ақпарат агенттiгi (Қазақпарат)" ұлттық компаниясы ашық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен: 
1) Қоғамның жарғысын бекiткен кезде ақпарат сипатындағы хабарламалар мен материалдарды жинау, өңдеу және тарату оның қызметiнiң негiзгi мәнi деп белгiлесiн; 
2) Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
3) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): 
осы қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде: 
"Астана қаласы" деген бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-29-жолмен толықтырылсын: 
"21-29            "Қазақ ақпарат агенттiгi (Қазақпарат)"                           ұлттық компаниясы ААҚ"; 
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына: 
көрсетiлген қаулыға қосымшада: 
"Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" деген бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 224-17-жолмен толықтырылсын: 
"224-17           "Қазақ ақпарат агенттiгi (Қазақпарат)"                           ұлттық компаниясы ААҚ"; 
3)  
4) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (26.11.2003 ж. редакцияны қараңыз)
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі