• Мое избранное
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 7 мамыр N 500

Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.  
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган (бұдан әрі - Уәкілетті орган) болып белгіленсін.  
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні қызметтік ғимараттарды пайдалануды жүзеге асыру және уәкілетті органды жабдықтау функцияларын орындау болып белгіленсін.  
4. Уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен:  
1) Кәсіпорынның Жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;  
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.  
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (28.10.2004 ж. редакцияны қараңыз)
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі