• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 26.11.2003 г

Отправить по почте

5

Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі N 499 қаулысы

1-тармақтың 2) тармақшасының күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.08.1999. № 1093 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкімет қаулы етеді:
1) Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі туралы ереже; 
3) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақтың 2) тармақшасының күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.08.1999. № 1093 қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының  Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне үш вице-министр, соның ішінде бір бірінші болуға рұқсат етілсін. 
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.08.1999. № 1093
қаулысымен.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.05.2001. № 656
қаулысымен.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.10.2001. № 1366 (18.05.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
3.   Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 28.10.2001. № 1366 қаулысымен. (18.05.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті бір ай мерзімде заңдарда белгіленген тәртіппен "Казахстанская правда" республикалық газеті" ашық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарының Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне берілуін қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдерінің күші жойылған деп танылсын: 
2) "Казахстанская правда" республикалық мемлекеттік газеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнын акционерлік қоғамға айналдыру және акцияларының мемлекеттік пакетінің бір бөлігін жекешелендіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 қазандағы N 1050 қаулысының  5-тармағы; 
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 қарашадағы N 1403 қаулысының күші жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 желтоқсандағы N 1348 қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 49, 457-құжат).
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 1999 жылғы 29 сәуірдегі
 N 499 қаулысымен
 бекітілген Қазақстан Республикасының
 Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім
 министрлігі туралы
 Ереже
1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім аясында басшылықты жүзеге асыратын, мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің орталық атқарушы органы болып табылады. 
Министрлiктiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық бөлiмшелерi және мынадай ведомстволары болады: Мәдениет комитетi, Мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару жөнiндегi комитетi. 
1-тармақ толықтырылды ҚР Үкіметінің 02.08.1999. № 1093 қаулысымен
 1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.08.2003. № 872 қаулысымен.
2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның заңдарға сәйкес өз балансында мүлкі, банкте шоттары, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері болады. 
Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 
Егер Министрлікке заңдарға сәйкес уәкілеттік берілген болса, онда ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқылы.
4. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен Министрдің бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi. 
5-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 02.08.1999. № 1093 қаулысымен.
7. Министрлiктiң толық атауы - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгі" мемлекеттiк мекемесi. 
7-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 02.08.1999. № 1093 қаулысымен.
8. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
9. Министрліктің қызметі тек мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. 
Министрлікке Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 
Егер Министрлікке табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған табыс республикалық бюджеттің кірісіне аударылады.
2. Министрліктің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
10. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 
1) қазақтың ұлттық мәдениетін өркендету, сақтау, дамыту мен оның таралуын қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа ұлттық мәдениеттерді сақтау, дамыту және олардың таралуына қамқорлық жасау; 
2) Қазақстанның мәдени-рухани дамуының үздік жетістіктері мен үлгілерін насихаттауға бағытталған кең ауқымды мәдени акциялар өткізу; 
3) қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасының даму стратегиясын түсіндіру және насихаттау;  
4) елімізде болып жатқан қоғамдық-саяси процестер мен олардың даму тенденцияларын жан-жақты әрі жете зерттеу, қорыту және талдау; 
5) мемлекеттік органдардың мұрағат ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі мен құжаттаудың бір ізді жүйесін дамыту саласындағы қызметін үйлестіру. 
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.08.2003. № 872 қаулысымен. (09.04.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
11. Министрлік өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 
1) елді дамытудың ұзақ мерзімді басымдықтарына сәйкес мәдениет және өнер, бұқаралық ақпарат, тілдерді дамыту, сондай-ақ мемлекеттік жастар, ұлттық саясатты жүзеге асырады;  
2) мемлекет меншігіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіреді; 
4) тарихи, материалдық және рухани мәдениеттің ескерткіштерін есепке алу, қорғау, қалпына келтіру, пайдалану және насихаттау бойынша басшылық жасайды; 
5) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді және тереңдетеді; 
6) Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша таяу және алыс шетелдердегі қазақ диаспорасына көмек көрсетеді; 
7) газеттер, журналдар және телерадио хабарлары үшін, сондай-ақ өнер туындыларын, әдебиеттің әлеуметтік маңызы бар түрлері бойынша баспа бағдарламаларын жасауға мемлекеттік тапсырыстарды, сондай-ақ қоғамдық маңызды шараларды қалыптастырады және өз құзыретінің шегінде олардың орындалуын бақылайды; 
8) өз құзыретіндегі мәселелер жөніндегі заңдарды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді; 
9) газет-журнал, аудио-бейне кітап және басқа отандық және шетел ақпарат өнімдерін талдайды; 
10) теледидар мен радио хабарларын таратудың мемлекеттік желісін басқару жұмысын ұйымдастырады, телекоммуникация тарапынан көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін техникалық құралдарды дамыту мен тиісті пайдалануды қамтамасыз ету жұмысына қатысады; 
11) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарын, оның iшiнде шетел аудиториясына арналғандарды да есепке алуды жүзеге асырады;  
12) Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуын жүзеге асырады; 
13) ұлтаралық қатынастарды үйлестіруге, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған шараларды жүзеге асырады; 
15) Қазақстан Республикасындағы ономастикалық және терминологиялық жұмысты үйлестіреді; 
16) министрліктердің, агенттіктердің, ведомстволардың және   жергілікті атқарушы органдардың Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер жөніндегі қызметін үйлестіреді; 
17) мәдениет саласындағы отандық өнімдер мен қызмет көрсетулердің рыногын зерттеу, талдау және болжау жөнінде жұмыс жүргізеді; 
18) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру, сақтау, жабдықтау, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; 
18-1) жер үстi телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткiзу жөнiндегi комиссияның жұмысын ұйымдастырады;  
18-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бұқаралық ақпарат құралдардың есепке алу туралы куәлiктiң күшi жойылды деп тану туралы шешiм қабылдайды;  
18-3) Мемлекеттiк нышандар жөнiндегi республикалық комиссияның жұмыс органының функциясын орындайды;  
18-4) Қазақстан Республикасының аумағына тарайтын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алуды жүзеге асырады және олардың бiрыңғай Тiзiлiмiн жүргiзедi.  
19) өзіне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
14)-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 05.12.2000. № 1807 қаулысымен
 11-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.08.2003. № 872 қаулысымен.
12. Негізгі міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін Министрлік заңдарда белгіленген тәртіппен: 
1) мемлекеттік органдардан, басқа ұйымдардан және азаматтардан Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат сұратуға; 
2) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға, сондай-ақ өз құзыретінің шегінде өз құзыретіндегі мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және бекітуге; 
3) ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, тарату жөнінде ұсыныстар жасауға; 
4) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тегін баспасөз басылымдарының бақылау даналарын алуға; 
5) мәдени құндылықтардың заңсыз шетке әкетілуіне және оларға меншік құқығын басқаға беруге тосқауыл жасауға, сондай-ақ заңдарда белгіленген жағдайларда мәдениет саласындағы қызметті шектеуге; 
6) мемлекеттік ведомстволық, жеке меншік мұрағаттарда мұрағат ісі жөніндегі заңдардың сақталуына мемлекеттік тексеріс жасауға; 
7) өзіне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
13. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшау мүлкі болады. 
Министрліктің мүлкі өзіне мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Министрліктің балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
14. Министрлікке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
15. Министрлікке бекітіліп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. 
Министрлікке республика заңдарында белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.
16. Министрліктің Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады. 
Министрдің Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары - үш вице-министрлері, соның ішінде бір бірінші болады. 
16-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.10.2001. № 1366 (18.05.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
17. Министр Министрліктің жұмысын ұйымдастырады әрі оған басшылық жасайды және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді.
1) вице-министрлердің және Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді; 
2) заңдарға сәйкес және өз құзыретінің шегінде Министрліктің қызметкерлерін, аумақтық бөлiмшелердiң және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;  
3) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Министрлікті білдіреді; 
4) заңдарда белгіленген тәртіппен Министрліктің қызметкерлеріне және Министрлiктiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдарының басшыларына тәртіптік жаза қолданады;  
5) Министрлiктiң мемлекеттiк кәсіпорындарды қоспағанда, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың құрылымдық және аумақтық бөлiмшелерi туралы жарғыларын және/немесе ережелерiн бекітедi;  
6) Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен штат санының лимитi шегінде Министрлiк пен оның аумақтық органдарының құрылымы мен штат санын белгiлейдi; 
7) өз құзыретінің шегінде бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді; 
7-1) Министрлiктiң аумақтық органдары басшылары кесiмдерiнiң күшiн жояды не оларды толығымен немесе олардың бiр бөлiгiн тоқтата тұрады;  
8) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 
18-тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 02.08.1999. № 1093 қаулысымен
 18-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.10.2001. № 1366 қаулысымен
 18-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.08.2003. № 872 қаулысымен.
19. Министрлiкте Министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын Министр бекiтедi.    
20. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.  
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 1999 жылғы 29 сәуірдегі
 N 499 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің құрылымы
Мемлекеттік баспа бағдарламаларын қалыптастыру жөніндегі департамент 
Мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару жөніндегі комитет   (заңды тұлға құқығында)
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 1999 жылғы 29 сәуірдегі
 N 499 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың ТIЗБЕСI
Абай атындағы қазақ мемлекеттiк академиялық опера және балет театры. 
Күләш Байсейiтова атындағы ұлттық опера және балет театры. 
М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттiк академиялық драма театры. 
Ю.М.Лермонтов атындағы мемлекеттiк академиялық орыс драма театры. 
Ғ.Мүсiрепов атындағы қазақ мемлекеттiк академиялық балалар мен   жасөспiрiмдер драма театры. 
Н.Сац атындағы академиялық орыс балалар мен жасөспiрiмдер театры. 
Республикалық мемлекеттiк ұйғыр музыкалық комедия театры. 
Республикалық мемлекеттiк корей музыкалық комедия театры. 
"Қазақконцерт" мемлекеттiк гастрольдiк-концерттiк бiрлестiгi. 
Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттiк академиялық халық аспаптар   оркестрi. 
Қазақстан Республикасының "Салтанат" мемлекеттiк би ансамблi. 
"Қазақстан камератасы" мемлекеттiк классикалық музыка ансамблi. 
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк академиялық би театры. 
Мұражайлар   Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орталық мұражайы. 
Әбiлхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өнер   мұражайы. 
Ықылас атындағы республикалық музыкалық халық аспаптар мұражайы. 
Бiрегей музыкалық шектi аспаптар мемлекеттiк коллекциясы. 
Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсiреповтың мемлекеттiк әдеби-мемориалдық   мұражай кешенi. 
Қазақстан Республикасының Президенттiк мәдени орталығы. 
"Әзiрет Сұлтан" мемлекеттiк тарихи-мәдени қорық мұражайы. 
Абай атындағы мемлекеттiк тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорығы. 
"Көне Тараз ескерткiштерi" мемлекеттiк тарихи-мәдени қорығы.
Кiтапханалар   Қазақстан Республикасының ұлттық кiтапханасы. 
Жамбыл атындағы мемлекеттiк республикалық жасөспiрiмдер кiтапханасы. 
С.Бегалин атындағы мемлекеттiк республикалық балалар кiтапханасы. 
Республикалық зағип және нашар көретiн азаматтар кiтапханасы.
4. Мұрағаттар Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк мұрағаты
Республикалық мемлекеттiк жөндеу-құрылыс және қайта қалпына келтiру басқармасы. 
Материалдық мәдениет ескерткiштерiнiң ғылыми-зерттеу және жобалау институты. 
Қазақстан Республикасында мәдениет пен өнердi мемлекеттiк қолдау қоры. 
Республикалық және халықаралық мәдени бағдарламаларының дирекциясы. 
Республикалық мемлекеттiк тiлдi жылдамдатып оқыту орталығы. 
Мемлекеттiк кiтап баспасы.  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Тізбеден 20-жол алынып тасталды ҚР Үкіметінің 18.06.1999. № 803, 55-1-жолмен толықтырылды - 03.03.2000. № 351,55-2-жолмен толықтырылды - 24.05.2000. № 779, 45-1-жолмен толықтырылды - 26.07.2000. № 1110, Тізбе өзгертілді - 13.11.2000. № 1701, 51-жол алынып тасталды - 20.01.2001. № 88, Тізбе өзгертілді - 31.10.2001. № 1383, 08.11.2002. № 1186, 45-жол алынып тасталды - 29.12.2002. № 1441, 48-жол жаңа редакцияда - 17.01.2003. № 35, 45-2-жолмен толықтырылды - 09.04.2003. № 341, Тізбе жаңа редакцияда - 27.08.2003. № 872, жол ауыстырылды - 08.09.2003. № 906
қаулыларымен.