• Мое избранное
"Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің Ұлттық санаткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегі комитетiнiң Ұлттық санаткерлiк меншiк институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 11 шілде N 756

Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетiнiң Ұлттық санаткерлiк меншiк институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
2. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнiсi ғылым саласында санаткерлiк меншiк мәселелерi бойынша өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру және мемлекеттiк монополияға жатқызылатын салалардағы қызметтi жүзеге асыру (өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн қорғау саласында қызмет көрсету) болып белгiленсiн. 
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.08.2003. № 886 қаулысымен. (11.07.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк басқару органы болып Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитет белгіленсiн. 
4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен:  
1) Кәсiпорын Жарғысын бекiтсiн және оның мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;  
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетiнiң таратылып отырған "Қазақстан патенттік сараптама институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының кредиторлар талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған мүлкiн Кәсiпорынға берсiн;  
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (29.08.2003 ж. редакцияны қараңыз)
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.     
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі