Toggle Dropdown
2
Техника қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 28 шілде N 1154
Toggle Dropdown
Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оны жою және өнеркәсiптегi еңбек қауiпсiздiгiнiң мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай ғылыми-зерттеу жүйесiн құру әрi тиiмдi үйлестiрудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Мыналар:
Toggle Dropdown
1) "Қазақ мемлекеттiк тау-кен өнеркәсiбiнде жұмысты қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi ғылыми-зерттеу институты" мемлекеттiк мекемесi қайта құру жолымен "Қазақ мемлекеттiк тау-кен өнеркәсiбiнде жұмысты қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорыны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып;
Toggle Dropdown
2) "Шымкент химиялық технология және өнеркәсiптiк экология ғылыми-зерттеу институтының жанындағы республикалық химиялық, мұнай-химиялық, мұнай өңдеу, микробиологиялық, химия-фармацевтикалық және тамақ өнеркәсiбiндегi техникалық қауiпсiздiк ғылыми-зерттеу орталығы" мемлекеттiк мекемесi қайта құру жолымен "Республикалық химиялық, мұнай-химиялық, мұнай өңдеу, микробиологиялық, химия-фармацевтикалық және тамақ өнеркәсiбiндегi қауiпсiздiк проблемалары жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып;
Toggle Dropdown
3) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
4) "Минералдық шикiзатты кешендi өңдеу жөнiндегi ұлттық орталық" республикалық мемлекеттiк кәсiпорыны оның мүлкiнiң бiр бөлiгiн бөлу жолымен, бөлiнген мүлiктi оларға берiп, "Түстi металлургия кәсiпорындарына арналған техника қауiпсiздiгi жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығы" және "Қара металлургия кәсiпорындарына арналған техника қауiпсiздiгi жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындары (бұдан әрi - Кәсiпорындар) болып;
Toggle Dropdown
5) "Каспий мұнай-газ" Каспий мемлекеттiк ғылыми-зерттеу және мұнай-газ өнеркәсiбiнiң жобалау институты" оның мүлкiн бөлу және "Мұнай-газ өнеркәсiбiндегi, мұнай және газ геологиясындағы техникалық қауiпсiздiк жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығы" (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
Toggle Dropdown
3. Кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi нысанасы:
Toggle Dropdown
- ғылым саласында өндiрiстiк-шаруашылық қызмет жүргiзу;
Toggle Dropdown
- ведомстволық бағыныстылығына және олардың меншiк нысанына қарамастан ұйымдармен бiрлесiп, техника қауiпсiздiгi жөнiндегi ережелердi және басқа да нормативтiк-техникалық құжаттамаларды, сондай-ақ техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындау қаупi жоғары жұмыстарды жүргiзу мәселелерi бойынша қорытындылар әзiрлеуге қатысу.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi Кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгiленсiн.
Toggle Dropdown
5. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
Toggle Dropdown
1) Кәсiпорындардың жарғыларын бекiтсiн;
Toggle Dropdown
2) Кәсiпорындардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
Toggle Dropdown
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.
Toggle Dropdown
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
7. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерi күшiн жойды деп танылсын.
Toggle Dropdown
8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Toggle Dropdown
Үкіметінің
Toggle Dropdown
2000 жылғы 28 шілдедегі
Toggle Dropdown
N 1154 қаулысына қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Toggle Dropdown
1. "Мұнай өнеркәсібі қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау институтының (ҚазмұнайҒЗЖИ) Атырау филиалы жанынан техника қауіпсіздігі жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылдың 14 сәуіріндегі N 298 қаулысы" (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 12, 154-құжат).
Toggle Dropdown
2. "Қазақстан Республикасының металлургия өнеркәсібіне арналған техника қауіпсіздігі жөніндегі ғылыми-зерттеу орталықтарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылдың 9 қарашадағы N 1238 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 45, 488-құжат).
Toggle Dropdown
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер енгізу және күшін жойған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылдың 20 тамыздағы N 1031 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 22-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 35, 327-құжат).