• Мое избранное
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының жекелеген мәселелері
Внимание! Документ утратил силу с 24.05.2017 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігі республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарының жекелеген мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 13 шілде N 772

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.05.2017 жылғы № 286 Қаулысына сәйкес
Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою әрi өнеркәсiптегi еңбек қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай ғылыми-зерттеу жүйесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң "Қазақ мемлекеттiк тау-кен өнеркәсiбiндегi жұмыстардың қауiпсiздiгi жөнiндегi ғылыми-зерттеу институты", "Химия, мұнай-химиясы, мұнай өңдеу микробиология, химиялық-фармацевтикалық және тамақ өнеркәсiбi қауiпсiздiгiнiң проблемалары жөнiндегi республикалық ғылыми-зерттеу орталығы", "Түстi металлургия кәсiпорындарының техникалық қауiпсiздiгi жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығы", "Қара металлургия кәсiпорындарының техникалық қауiпсiздiгi жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығы", "Мұнай-газ өнеркәсiбiндегi, мұнай және газ бойынша геологиядағы техникалық қауiпсiздiк жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындары оларды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң "Өнеркәсiп қауiпсiздiгi проблемалары жөнiндегi ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына (бұдан әрi - Кәсiпорын) қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 
2. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi қауiптi өнеркәсiп объектiлерiндегi өнеркәсiп қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi ғылым саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн. 
3. Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігі белгiленсiн. 
4. Қосымшаға сәйкес Кәсiпорынға еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындар құруға рұқсат берiлсiн. 
5. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi заңнамада белгіленген тәртiппен: 
1) Кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 
6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн: 
1) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (25.05.2009 ж. редакцияны қараңыз)
2) "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектiлерге қатысты мемлекеттiк меншiк түрлерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 9 қарашадағы N 1141  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 41, 371-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген мемлекеттiк республикалық меншiкте қалатын ұйымдардың, сондай-ақ тұрғын емес қор объектiлерiнiң тiзбесiнде: реттiк нөмiрi 26-жол мынадай редакцияда жазылсын: 
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң "Өнеркәсiп қауiпсiздiгi проблемалары жөнiндегi ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны". 
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
                               Қазақстан Республикасы                                                     Үкіметінің 
                               2002 жылғы 13 шiлдедегi 
                                    N 772 қаулысына                                                    қосымша
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігінің "Өнеркәсiп қауiпсiздiгi проблемалары жөнiндегi ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындарының 
 ТIЗБЕСI
1. Қазақ мемлекеттiк тау-кен өнеркәсiбiндегi жұмыстардың қауiпсiздiгi жөнiндегi ғылыми-зерттеу институты Қарағанды қаласы 
2. Химия, мұнай-химиясы, мұнай-газ өңдеу, микробиология, химиялық-фармацевтикалық және тамақ өнеркәсiбi қауiпсiздiгiнiң проблемалары жөнiндегi республикалық ғылыми-зерттеу орталығы Шымкент қаласы 
3. Түсті металлургия кәсiпорындарының техникалық қауiпсiздiгi жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығы Өскемен қаласы 
4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алып тасталды ҚР Үкіметінің 25.05.2009. № 772 Қаулысымен. (13.07.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Мұнай-газ өнеркәсiбiндегi, мұнай және газ бойынша геологиядағы техникалық қауiпсiздiк жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығы Атырау қаласы