Toggle Dropdown
Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 7 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3924
Редакция 29.02.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулық осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес көрсетiлген Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi өзiнiң күшiн жойды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн, Нұсқаулықтың 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енетiн 3-тармақтың бiрiншi абзацының үшiншi деңгейдегi капиталдың меншiктi капиталға қосылу бөлiгiнен, 13, 14-тармақтардың бесiншi және алтыншы абзацтарынан, 16-тармақтың жетiншi, сегiзiншi абзацтарынан, 17-31-тармақтардан, 32-тармақтың 11) тармақшасынан, Нұсқаулықтың 1 қосымшасының 43 және 44 жолдарынан, Нұсқаулықтың 1 қосымшасының Түсiндiрмесiнiң 5 және 7 тармақтарынан, Нұсқаулықтың 2 қосымшасының Түсiндiрмесiнiң екiншi абзацының 5 және 7 тармақтарынан басқасы қолданысқа енгiзiледi.
4. Стратегия және талдау департаментi (Еденбаев E.C.):
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, екiншi деңгейдегi банктерге, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне жiберсiн.
5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсiн.
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттiгi Басқармасының
2005 жылғы 30 қыркүйектегі
N 358 қаулысының 1-қосымшасы
Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулық
Осы Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциялық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – банктер) сақтауға міндетті пруденциялық нормативтер есебінің нормативтік мәндері мен әдістемесін белгілейді. Нормативтік мәндер үтірден кейін үш таңбалы санмен көрсетіледі.
Банктерге және олардың еншілес ұйымдарына арналған, шоғырландырылған қаржылық есептілік негізінде есептелетін пруденциялық нормативтердің нормативтiк мәндерi мен есептеу әдiстемесi «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 42-бабына сәйкес белгіленеді.
1. Банктiң жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерi
1. Жаңадан құрылатын банк үшін жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшері 10 000 000 000 (он миллиард) теңге мөлшерінде белгіленеді.
1-1. Банктің меншікті капиталының ең аз мөлшері мынадай тәртіппен белгіленеді:
тұрғын үй құрылыс жинақ банкі және жалғыз акционері басқа мемлекеттің орталық банкі болып табылатын банк үшін 4 000 000 000 (төрт миллиард) теңге мөлшерде;
басқа банктер үшін 10 000 000 000 (он миллиард) теңге мөлшерінде.
1-2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2. Банк акционерлерден меншікті акцияларды, егер мұндай сатып алу уәкілетті орган белгілеген кез келген пруденциалдық нормативтерді және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді бұзуға алып келмейтін жағдайда ғана сатып алады.
2. Меншiктi капиталдың жеткiлiктiлiк коэффициенті
3. Меншікті капитал жеке тұлғалардың теңгедегі және шетел валютасындағы депозиттерінің сомасы мен бухгалтерлік баланстың деректеріне сәйкес 5,5-ке көбейтілген меншікті капиталдың арасындағы оң айырмасын шегергендегі бірінші деңгейдегі капитал мен екінші деңгейдегі капиталдың сомасы ретінде есептеледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген меншікті капиталды есептеу мақсаттары үшін:
жеке тұлғалардың шетел валютасындағы депозиттерінің сомасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2016 жылғы 1 қаңтарда белгілеген теңгенің шетел валютасына қатысты ресми бағамы бойынша есептеледі;
жеке тұлғалардың депозиттері сомасы мен бухгалтерлік баланстың деректеріне сәйкес меншікті капиталдың арасындағы оң айырма мынадай мөлшерде енгізіледі:
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап – 0 (нөл) пайыз;
2016 жылғы 1 ақпаннан бастап – 20 (жиырма) пайыз;
2016 жылғы 1 наурыздан бастап – 40 (қырық) пайыз;
2016 жылғы 1 сәуірден бастап – 60 (алпыс) пайыз;
2016 жылғы 1 мамырдан бастап – 80 (сексен) пайыз;
2016 жылғы 1 маусымнан бастап - 100 (бір жүз) пайыз.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде белгіленген талаптар меншікті капиталы бірінші деңгейдегі капитал мен екінші деңгейдегі капиталдың сомасы ретінде есептелетін тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қолданылмайды.
Нұсқаулықтың мақсаттары үшін Standard&Poor's агенттігінің ұзақмерзімді кредиттік рейтингтік бағаларымен қатар уәкілетті орган сондай-ақ Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің де (бұдан әрі – басқа рейтингтік агенттіктер) ұзақмерзімді кредиттік рейтингтік бағаларын таниды.
Нұсқаулықтың мақсаттары үшін мынадай ұйымдар халықаралық қаржы ұйымдарына жатады:
Азия даму банкі (the Asian Development Bank);
Африка даму банкі (the African Development Bank);
Еуропа Кеңесінің Даму Банкі (the Council of Europe Development Bank);
Еуразия даму банкі (Eurasian Development Bank);
Еуропа қайта құру және даму банкі (the European Bank for Reconstruction and Development);
Еуропа инвестициялық банкі (the European Investment Bank);
Ислам даму банкі (the Islamic Development Bank);
Жеке секторды дамыту жөнiндегі Ислам Корпорациясы (ICD);
Америкааралық даму банкі (the Inter-American Development Bank);
Халықаралық даму қауымдастығы;
Халықаралық қаржы корпорациясы (the International Finance Corporation);
Халықаралық қайта құру және даму банкі (the International Bank for Reconstruction and Development);