Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы N 49 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 5 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4602 болып енгізілді.
Редакция 30.10.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық кесімдердің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Банктерді қадағалау департаменті (Раева Р.Е.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күн мерзімінде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2007 жылғы 23 ақпандағы
N 49 қаулысына
1 қосымша
Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесі
Осы Кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережесі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» (бұдан әрі – Заң) 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кредиттік тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру мақсатында әзірленді және банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, екінші деңгейдегі банктердің, оның ішінде ислам банктері мен «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – банк) кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу тәртібін және қажетті құжаттар тізбесін айқындайды.
1. Осы Ережелердің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) агент-банк – банк синдикатының мүшелері өзінің мүддесін көздеуді тапсыратын, сондай-ақ синдицилденген заемға қатысты оның барлық қолданыс мерзімі ішінде кредиттік басқару жөніндегі қызмет көрсетуді тапсыратын банк;
1-1) банктердің синдикаты – бірлескен кредиттік операцияларды жүргізу мен банк синдикатына кіретіндердің заңдық және қаржылық дербестігін сақтап, заемшының төлем қабілетсіздігі жағдайында әр қатысушы үшін ықтимал шығындарды төмендету мақсатымен біріктірілген екі және одан астам банктер;
1-2) заемшы – заем (кредит) шартына қол қоятын, заем (кредит) алған және алынған қаражатты қайтару мен алынған заемды (кредитті), оның ішінде сыйақы мен кредит бойынша басқа төлемдерді толық төлеу бойынша өзіне міндеттемелерді қабылдайтын жеке немесе заңды тұлға;
1-3) инвестициялық заем (кредит) - бұл мынадай талаптарға сәйкес келетін заем (кредит):
заем мерзімі бес және одан астам жылдар;
заем шартының талаптарымен мерзімнен бұрын толық өтеуге тыйым салу белгіленген. Заемның ішінара өтелуі заемшының бизнес-жоспарында белгіленген мерзімде және тәртіпте жүзеге асырылуы мүмкін;
материалдық өндірісті, өндірістік және көлік инфрақұрылымын құруға, кеңейтуге және жетілдіруге бағытталған кешенді іс-шараларды іске асыруды қарастыратын заңды тұлғаға оның бизнес-жоспарына сәйкес беріледі;
1-4) ислам банкі - уәкілетті органның лицензиясы негізінде, осы Заңның 4-1-тарауында көзделген банк қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк;
2) кредит (заем) - банктің заем, лизинг, факторинг, форфейтинг операцияларын, осы Заңның 52-5-бабының 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген операцияларын ислам банктерінің жүзеге асыруы, сондай-ақ вексельдердiң есебiн жүргiзудi (банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын және банктік заемдық операцияларын жүргізуге лицензиясы бар ұйымдар үшін, кредитті банктік заемдық операцияларын жүзеге асыру деп түсіну керек) жүзеге асыру;
3) кредит беру туралы шарт (банктік заем шарт) - банктің заем, лизинг, факторинг, форфейтинг, есебін жүргізу операцияларын жүзеге асыру шеңберінде кредит беру шарты, сондай-ақ ислам банкінің:
банктік заем операцияларын: мерзімділік, қайтарымдылық шарттарымен және процент түрінде сыйақы төлеусіз ақшалай нысандағы кредиттер беруді;
коммерциялық кредитті беріп, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыруды;
заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысу жолымен және (немесе) серіктестік талаптарымен өндіріс және сауда қызметін қаржыландыруды;
лизинг (жалға алу) талаптарымен инвестициялық қызметті жүзеге асыру шеңберінде жасаған шарты;
4) кредит бойынша сыйақы - берілген кредиттің негізгі кредит сомасына қатысына қарай банкке тиесілі ақшаның жылдық мөлшерінен есептеп шығарылған, процентпен көрсетіліп белгіленген не ислам банкінің коммерциялық кредитті беруі кезіндегі тауардың үстеме бағасы түріндегі ақысы;
5) кредиттік желі - банктің қарыз алушыға кредит алу уақытын өзі белгілеуге мүмкіндік беретін талаптар негізінде, бірақ кредиттеудің мұндай формасы үшін банктің ішкі кредиттік саясатымен және шартпен белгіленген сома және уақыт шегінде заемшыны кредиттеу міндеттемесі;
6) кредитті өтеу - кредиттің және сол бойынша сыйақы мөлшерлемесі (ислам банкінің коммерциялық кредитті беруі кезіндегі үстеме бағаның мөлшері) сомасының қайтарылуы;
7) кредит сомасы - банктің кредитке берген ақша сомасы;
8) кредиттік скоринг - заемшыны жеке тұлғаның кредит алу қабілетін сапалық және сандық сипатқа негізделген математикалық немесе статистикалық моделдің көмегімен, не оның ішінде заемшының тұрақты және жеткілікті кірісін, жұмыс орнының және қызметін, ағымдағы кәсібі бойынша жұмыс ұзақтығын, кепіл түріндегі қолайлы жылжымайтын мүлікті, оның ішінде басқа банктер алдындағы несиелік берешекті, банктердің кредиттері бойынша кредит беру жөніндегі төлем тәртібін, кредиттік тарихты қосқандағы бағалау жүйесі;
9) кредиттің шарттары - кредит беру шарттары, бұған сыйақының мөлшері, қарыз алушының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету туралы шарттар, кредитті өтеу мерзімі, сондай-ақ осыларға сәйкес әрбір жеке кредит бойынша тәуекелді төмендетуге бағытталған айрықша шарттар жатады;
9-1) синдицилденген заем – банктер синдикатының қатысушылары болып табылатын екі және одан астам банктермен бірігіп қалыптастырылған және заемшыға (байланысты заемшылар тобына) бір заем шарты негізінде (қажеттілігіне қарай және басқа құжаттарды қоса беріп) берілген заем;
10) тұтынушы кредиті - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес жеке тұлғаларға тауарларды, жұмысты және қызмет көрсетуді сатып алуға берілген кредит;
10-1) тең заемшы – заемшымен бірге заем (кредит) шартына қол қоятын және заем (кредит) шарты бойынша алынған қаражатты қайтару және алынған заемды (кредитті), оның ішінде сыйақы мен кредит бойынша басқа төлемдерді толық төлеу бойынша міндеттемелерді орындауға ортақ жауапты ретінде тұратын жеке немесе заңды тұлға;
11) уәкілетті орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2. Банк кредит беруді өзінің ішкі кредиттік саясаты туралы ережелерге және заем операцияларын өткізудің жалпы ережелеріне сәйкес жүзеге асырады.
Банктің талап ету құқығы болған немесе құқығы бар әрбір кредит бойынша құжаттаманың есебі кредиттің түріне, заемшының санатына, талап ету құқын иелену әдісіне қарамай осы Ережелерге сәйкес жүргізіледі.
2-1. Ислам банкі кредит беруді ислам банкінің ішкі кредиттік саясаты туралы ережеге және ислам банкінің операцияларды жүргізуінің жалпы талаптары туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Ислам банкі кредиттеу жөніндегі құжаттаманы осы Заңда көзделген банк қызметін өздерінің жүзеге асыру ерекшеліктерін ескере отырып, осы Ережелерге сәйкес жүргізеді.
3. Кредит беру, кепіл, талап ету құқықтарын беру немесе кредит бойынша борышты аудару туралы шарттардың, оларға қосымша келісімдердің және банк банктің уәкілетті органы бекіткен шарттың үлгі нысанын қолданусыз не банктің уәкілетті органы бекітусіз осындай үлгі нысанды өзгертумен кредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындаумен байланысты жасалатын шарттардың түпнұсқаларына (бұдан әрі - шарттардың түпнұсқалары) банктің заң қызметі басшысының (банктің филиалында - банк филиалының заңгерінің) қолы қойылады және тараптардың қолы қойылады және қарыз алушы - заңды тұлғаның мөрімен және банктің мөрімен (ол болған кезде) расталады.
3-1. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тарау. Берілген кредит бойынша құжаттама жүргізу тәртібі