• Мое избранное
Әскери мүлік айналымының кейбір мәселелері
Внимание! Документ утратил силу с 06.11.2019 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 3

Әскери мүлік айналымының кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 шілдедегі N 687 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 06.11.2019 жылғы ​№ 832 Қаулысына сәйкес
Редакция 29.08.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Пайдаланылмайтын әскери мүлікті құрту, кәдеге жарату, көму арқылы беру, өткізу және жою, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.11.2017 жылғы № 724 Қаулысына сәйкес (25.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі бір ай мерзімде осы қаулыны іске асыру үшін тиісті ведомстволық актілерді әзірлесін.
  • 1
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.08.2019 жылғы № 637 Қаулысына сәйкес (08.11.2017 ж. редакцияны қараңыз)
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қару-жарағын, әскери техникасын, қорғаныс объектілері мен басқа да әскери мүлкін беру, мүліктік жалдауға беру (жалға беру), сату және пайдаға асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қыркүйектегі N 1006 қаулысы;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қаңтардағы N 1006 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 қаңтардағы N 70 қаулысы.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 16 шілдедегі
 N 687 қаулысымен
 бекітілген
  • 3
Пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру, өткізу және құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.03.2009 № 296 Қаулысымен (16.07.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.06.2010 № 613 Қаулысымен (13.03.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.05.2011 № 565 Қаулысымен (18.06.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.10.2012 № 1289 Қаулысымен (24.05.2011] жылғы редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.10.2014 жылғы № 1062 Қаулысымен (11.10.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.04.2015 жылғы № 301 Қаулысымен (08.10.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.11.2017 жылғы № 724 Қаулысына сәйкес (25.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Жалпы ережелер
1. Осы Пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру, өткізу және құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) пайдаланылмайтын әскери мүлікті құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы беру, өткізу және жою, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тәртібін реттейді.
2. Әскери мүлік уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз немесе Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда қорда сақтаудың кепілдендірілген мерзімін өткерген болып танылады.
3. Мемлекеттік орган басшысының шешіміне сәйкес Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жабдықтау нормаларынан шығарылған қару-жарақ қаруланудан шығарылған әскери мүлік болып табылады.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару қағидаларына сәйкес есептен шығарылған мүлік есептен шығарылған әскери мүлік болып табылады.
5. Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жабдықтау нормаларында көзделген шектен артық, ол балансында тұрған мемлекеттік мекемеге қажеттілігі жоқ әскери мүліктің бір бөлігі артық мүлік болып табылады.
6. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру, өткізу және құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру үшін Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар ағымдағы жылғы 1 ақпаннан кешіктірмей пайдаланылмайтын әскери мүлік тізбелерін заңнамамен  белгіленген негізде және шектерде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы пайдаланылмайтын әскери мүлікке иелік ету құқығын жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) жолдайды.
7. Уәкілетті орган тізбелерді алғаннан кейін бір ай мерзімде пайдаланылмайтын әскери мүліктің жалпы тізбесін жасайды және оны пайдаланылмайтын әскери мүлікке қажеттілікті айқындау үшін Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдарға жолдайды.
8. Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар жалпы тізбені алғаннан кейін бір ай мерзімде уәкілетті органға әскери мүлікке қажеттілікке арналған өтінім жолдайды немесе бірінші басшының не болмаса оны алмастыратын адамның қолымен осындай қажеттіліктің жоқтығы туралы жазбаша хабарлайды.
Қарулы Күштерден, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардан, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардан өтінімдерді алғаннан кейін пайдаланылмайтын әскери мүліктердің түпкілікті тізбесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жанындағы Әскери-техникалық комиссия отырысында қаралады.
9. Уәкілетті орган Қарулы Күштерден, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардан, арнаулы мемлекеттік органдардан, сондай-ақ мемлекеттік білім беру ұйымдарынан жалпы тізбеден пайдаланылмайтын әскери мүлікке қажеттілікке арналған өтінімдер алғаннан кейін осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.
10. Уәкілетті орган Қарулы Күштерден, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардан, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардан пайдаланылмайтын әскери мүлікке қажеттіліктің жоқтығы туралы хабарлама алған жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік білім беру ұйымдарынан өтінім болмаған кезде пайдаланылмайтын әскери мүлік осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес өткізуге және 4-тарауына сәйкес құртып жіберу, кәдеге жарату және көму арқылы жоюға жатады.
2. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру тәртібі
11. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың жедел басқаруына беру, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техниканың жекелеген үлгілерін Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің ұйымдарына беру Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жанындағы Әскери-техникалық комиссия ұсынымдарының негізінде уәкілетті органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Пайдаланылмайтын әскери мүлікті мемлекеттік орган шегінде беру мемлекеттік органның бірінші басшысы актісінің негізінде жүзеге асырылады.
12. Білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін пайдаланылмайтын әскери мүлікке қажеттілік кезінде мемлекеттік білім беру ұйымдары ағымдағы жылғы бірінші сәуірге қарай уәкілетті органға пайдаланылмайтын әскери мүлікке қажеттілікке арналған өтінім береді, оны уәкілетті орган бір ай мерзімде қарайды.
13. Жалпы тізбеден Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар және арнаулы мемлекеттік органдар талап етпеген пайдаланылмайтын әскери мүлік әскери-патриоттық тәрбиені арттыру және Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар үшін кадрлар даярлау үшін мемлекеттік білім беру ұйымдарына уақытша өтеусіз пайдалануға берілуі мүмкін.
Бұл ретте мемлекеттік білім беру ұйымдарына берілетін қару-жарақ, арнайы құралдар мен әскери техника түріндегі пайдаланылмайтын әскери мүлік тірі немесе өзге де нысаналарды талқандау, сондай-ақ белгі беру мүмкіндіктерін конструктивті түрде болдырмауы тиіс.
14. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті (оның ішінде қару-жарақты) беру кезінде тапсыратын және қабылдайтын тараптар арасында тиісті шарт жасалады.
15. Пайдаланылмайтын әскери мүлік жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не мемлекет қатысатын акционерлік қоғамның акциясын төлеуге берілуі мүмкін.
Қару-жарақ пен әскери техника түріндегі пайдаланылмайтын әскери мүлік жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде қорғаныс өнеркәсібі кешенінің ұйымдарына не өндірістік қызметте және/немесе әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларды (өнімдерді) шығаруда, әскери мақсаттағы жұмыстар мен қызметтер көрсетуде пайдалану үшін мемлекет қатысатын акционерлік қоғамның акциясын төлеуге берілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қорғаныс объектілері және автомобиль көлік құралдары түріндегі пайдаланылмайтын әскери мүлкі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомостволық бағынысты жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не мемлекет қатысатын акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге берілуі мүмкін.
Пайдаланылмайтын әскери мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не мемлекет қатысатын акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге беру Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жанындағы Әскери-техникалық комиссияның ұсынымдары негізінде мемлекеттік мүлік туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз, есептен шығарылған, запаста сақтаудың кепілдік мерзімін өтеген пайдаланылмайтын әскери мүлік жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не мемлекет қатысатын акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге беруге жатпайды.
16. Барлық талап етілмейтін пайдаланылмайтын әскери мүлік осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес өткізуге және 4-тарауына сәйкес құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жоюға жатады.
3. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті өткізу тәртібі
17. Пайдаланылмайтын әскери мүлік уәкілетті органның шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жанындағы Әскери-техникалық комиссия ұсынымдарының негізінде өткізіледі.
18. Пайдаланылмайтын әскери мүлік оны кәдеге жарату арқылы жою шартымен өткізілуі мүмкін.
19. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті өткізуден түсетін қаражат республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.
20. Барлық өткізілмеген әскери мүлік осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес құртып жіберу, кәдеге жарату және көму арқылы жоюға жатады.
21. Қару-жарақ пен әскери техниканы қоспағанда, пайдаланылмайтын әскери мүлікті Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ұйым (бұдан әрі – ұйым) жекешелендіру объектілері үшін заңнамада белгіленген жекешелендіру тәртібіне және шарттарына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға өткізеді.
22. Пайдаланылмайтын қару-жарақ пен әскери техниканы ұйым пайдаланылмайтын қару-жарақ пен әскери техниканы (бұдан әрі – сату объектісі) өткізу бойынша жабық тендер өткізу жолымен заңды тұлғаларға өткізеді.
23. Жабық тендер өткізуге дайындық мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) қажетті материалдар жинау жүргізіледі;
2) бағалау негізінде сату объектісінің бастапқы бағасы айқындалады;
3) әрбір сату объектісін саудалау әдісі айқындалады;
4) сатушы комиссия шешімінің негізінде тендерлік құжаттаманы бекітеді;