"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 37-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын, Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға және корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 Қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.03.2016 жылғы № 173 Қаулысына сәйкес (28.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.04.2016 жылы № 67 (28795) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 30 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 25.01.2017 жылғы № 15 Қаулысына сәйкес
Редакция 15.12.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 37-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.12.2016 жылғы № 802 Қаулысымен (31.03.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.01.2017 жылдан ерте емес) 24.12.2016 жылы № 248 (28374) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға және корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру қағидалары мен шарттары бекітілсін.
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.03.2016 жылғы № 173 Қаулысына сәйкес (28.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.04.2016 жылы № 67 (28795) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.06.2012 № 817 (13.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.10.2014 жылғы № 1065 Қаулысымен (04.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.10.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.03.2016 жылғы № 173 Қаулысымен (28.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.04.2016 жылы № 67 (28795) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Қағидалар күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.12.2016 жылғы № 802 Қаулысымен (31.03.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.01.2017 жылдан ерте емес) 24.12.2016 жылы № 248 (28374) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген
Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға және корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру қағидалары мен шарттары
Қағидалар мен шарттардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.03.2016 жылғы № 173 Қаулысына сәйкес (28.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.04.2016 жылы № 67 (28795) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Жалпы ережелер
1. Осы Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.03.2016 жылғы № 173 Қаулысына сәйкес (28.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.04.2016 жылы № 67 (28795) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2. Шетелдік жұмыс күшін тарту Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін квотаның негізінде жүзеге асырылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) бизнес-көшіп келуші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатымен келген көшіп келуші;
2) бос жұмыс орны – жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);
3) еңбек жөніндегі уәкілетті орган – еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;
4) жұмыс беруші – қызметкермен еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
5) кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту жөніндегі бағдарлама – жұмыс берушінің кадрлардағы жергілікті қамтуды жоспарлы ұлғайту мақсатында жүргізілетін, өнiмдi бөлу туралы келiсiмге сәйкес құзыретті органмен немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен жасасқан келісімшарты бар жұмыс беруші жоспарлаған және орындайтын өз қызметкерлерін – Қазақстан Республикасының азаматтарын кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды немесе біліктілігін арттыруды қамтитын, құзыретті органмен және еңбек жөніндегі уәкілетті органмен келісілген шаралар кешені;
6) кепілдік жарна – шетелдік қызметкер мен маусымдық шетелдік қызметкердің шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың жарамдылығы аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасынан тыс жерге кетуіне кепілдікті қамтамасыз ететін ақшалай жарна;
7) корпоративішілік ауыстыру – Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және сонда жұмыс істейтін заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.03.2016 жылғы № 173 Қаулысына сәйкес (28.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.04.2016 жылы № 67 (28795) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8) көшіп келуші – Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
9)құзыретті орган – егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттарды жасасуға және орындауға байланысты құқықтарды Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын орталық атқарушы орган;
10) қызметкерлердің тізімдік саны – жұмыстарды азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша орындайтын адамдардан, сондай-ақ бiр жұмыс берушiмен қоса атқарылатын жұмыс туралы еңбек шартын жасасқан қызметкерлерден басқа, жасалу мерзіміне байланыссыз еңбек шарттары негізінде қабылданған адамдар саны;
11) маусымдық шетелдік қызметкер – климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір кезең (маусым) ішінде, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімде атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс беруші жұмысқа тартатын көшіп келуші;
12) өз бетінше жұмысқа орналасуына арналған адамдардың тізбесі – осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасында шетелдік қызметкерлердің өз бетінше жұмысқа орналасуына арналған кәсіптердің (мамандықтардың) тізбесі;
13) уәкiлеттi орган – өңірлік деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;
14) шетелдік жұмыс күші – маусымдық шетелдік қызметкерлерді, жұмысқа өз бетінше орналасатын қызметкерлерді, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдік қызметкерлерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
14-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.03.2016 жылғы № 173 Қаулысына сәйкес (28.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.04.2016 жылы № 67 (28795) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
15) шетелдік жұмыс күшін тартуға және корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға арналған рұқсат – Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту үшін жұмыс берушіге жергілікті атқарушы орган беретін, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы құжат;
15-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.03.2016 жылғы № 173 Қаулысына сәйкес (28.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.04.2016 жылы № 67 (28795) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
16) шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға берілетін рұқсат – шетелдік қызметкерлердің Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасуына арналған адамдардың тізбесіне кіретін шетелдік қызметкерге жергілікті атқарушы орган беретін, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы құжат;
17) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде көші-қон процестерін реттеуді және халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді жүзеге асырушы мемлекеттік орган;
18) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны;
18-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.10.2014 жылғы № 1065 Қаулысымен (04.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.10.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
19)шетелдік заңды тұлғаның аффилиирленген тұлғасы – акциясының бір бөлігі немесе үлесі тікелей немесе жанама осы шетелдік заңды тұлғаға тиесілі Қазақстан Республикасының аумағында құрылған заңды тұлға;
20) шетелдік қызметкерлер – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген немесе жұмыс берушілер тартатын, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартатын көшіп келушілер;
20-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.03.2016 жылғы № 173 Қаулысына сәйкес (28.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.04.2016 жылы № 67 (28795) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
21) шығу елі – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдік азаматы болып табылатын ел.
4. Осы Қағидалар мынадай шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға:
1) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес Заңның 3-бабында көзделмеген мақсатпен Қазақстан Республикасының аумағында тоқсан күннен артық болмаған адамдарды қоспағанда, көшіп келушілер болып табылмайтын;
2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын;
3) оралман;
4) бизнес-көшіп келуші;
5) босқын немесе пана іздеп жүрген адамның мәртебесiн алған;
6) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңына сәйкес гуманитарлық уәждемелер бойынша келген көшіп келушілер болып табылатын;
7) Қазақстан Республикасы соттарының үкімі бойынша бас бостандығынан айыруға, шартты, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалауға сотталған;
8) адам саудасымен байланысты нақты қылмыстық істі жүргізу кезеңінде сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін адам саудасының құрбандары болып табылатын;
9) Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатымен келетін кәмелеттік жасқа толған, Қазақстан Республикасы азаматының жұбайы (зайыбы) болып табылатын және кемінде үш жыл Қазақстан Республикасы заңнамасында танылған некеде тұратын;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |