1. Қоса беріліп отырған:
Отправить по почте
Күзет қызметін көрсету саласында мемлекеттік лицензиялар беру жөніндегі қызметті реттеу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 30 қыркүйек N 1507
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 10.08.2007. № 686 Қаулысымен (29.04.2005 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы N 2200 Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.04.2002. № 407 қаулысымен. (30.09.1999 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Қоса беріліп отырған:
1) Заңды және жеке тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруына лицензиялар берудің тәртібі;
2) Күзет сигналын беру құралдарын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиялар берудің тәртібін бекітсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 30 қыркүйектегі N 1507 қаулысымен бекiтiлген
Заңды және жеке тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруына лицензиялар берудің Тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тәртiп заңды және жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет ретiнде күзет қызметiн жүзеге асыруына мемлекеттiк лицензиялар берудiң ретiн, шарттары мен есепке алынуын белгiлейдi.
2. Күзет қызметiн лицензиялаудың мақсаттары:
1) күзет қызметi саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;
2) күзет қызметтерiн көрсету саласында нарықтық қатынастарды және күзет субъектiлерiнiң арасындағы салауатты бәсекелестiктi дамыту;
3) күзет жөнiндегі көрсетiлетiн қызметтердiң сапасының жоғары деңгейiн және күзет субъектiлерi (лицензиаттар) қызметiнде заңдылықты қамтамасыз ету болып табылады.
3. Заңды және жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет ретiнде күзет қызметiн жүзеге асыруы мiндеттi түрде лицензиялануға жатады.
Лицензия болмаған жағдайда жасалған күзет қызметiн жүзеге асыруға арналған шарт жарамсыз деп танылады.
4. Тиiстi лицензиясыз не нормалар мен ережелердi бұза отырып күзет қызметiмен айналысу заңдарда белгiленген әкiмшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
5. Күзет қызметi деп жеке тұлғалар (жеке кәсiпкерлер) мен заңды тұлғалардың жеке адамдардың өмiрiн, денсаулығы мен мүлкiн, сондай-ақ заңды тұлғалардың мүлкiн қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғау бойынша күзет қызметтерiн көрсету, соның iшiнде оны тасымалдау кезiнде күзеттiң және құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан заңды түрде қорғаудың тәсiлдерi жөнiнде консультациялар беру және ұсынымдар дайындау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруы түсініледi.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.04.2002. № 407 қаулысымен. (30.09.1999 жылғы редакцияны қараңыз)
5-1. Жеке күзет ұйымының, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлiмшелерi қызметкерлерінің саны олардың мiндеттерiн орындау үшiн қажеттi сан нормативiнен аспауы керек. Сан нормативін Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейдi.
5-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 29.04.2005. № 411 қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
6. Лицензиялардың түрлерi:
Лицензиялар мынадай белгiлерi бойынша бөлiнедi:
1) Күзет субъектiлерi бойынша:
күзет қызметiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына берiлетiн;
күзет қызметiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына берiлетiн лицензиялар.
2) Қызмет ауқымы бойынша:
заңды және жеке тұлғалардың күзет қызметiн жүзеге асыруына мерзiмi шектелмей берiлетiн бас лицензиялар.
3) Қолданылуының аумақтық аясы бойынша:
қолданылуы Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына тарайтын;
қолданылуы Қазақстан Республикасының белгілi бiр аумағымен шектелетiн.
7. Күзет қызметiн лицензиялауды жүзеге асыратын органдар:
Лицензиялар беру жөнiндегі уәкiлетті орталық атқарушы орган (лицензиар) Қазақстан Республикасының IIМ болып табылады;
Лицензиар заңдарға және осы Тәртіпке сәйкес өзiнiң аумақтық органдарына күзет қызметiн лицензиялау жөнiнде өкiлеттіктер берудiң тәртiбiн айқындайды.
2. Лицензия берудiң шарттары мен тәртiбi
8. Күзет қызметiмен байланысты қызметтердi көрсетуге лицензия алуға үмiткер - заңды және жеке тұлға - осы Тәртiппен белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сай болуға мiндеттi.
9. Күзет қызметiне байланысты заңды қызметтердi көрсетуге лицензия алуға үмiткер заңды тұлға лицензиярға мынадай құжаттарды табыс етуге мiндетті:
1) белгiленген үлгiдегі өтiнiш;
2) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
3) лицензиялық алымды төлегенi туралы түбiртек;
3-1) күзет қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарының сәйкестігін растайтын құжаттар.
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.04.2005. № 411 қаулысымен (05.04.2002 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
10. Күзет қызметiмен байланысты қызметтердi көрсетуге лицензия алуға үмiткер - жеке тұлға, лицензиарға мынадай құжаттарды табыс етуге мiндетті:
1) белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
2) лицензиялық алымды төлегенi туралы түбiртек;
2-1) күзет қызметiн жүзеге асыратын жеке тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарының сәйкестiгін растайтын құжаттар.
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.04.2005. № 411 қаулысымен (05.04.2002 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
11. Заңды тұлға құрусыз күзет қызметiмен байланысты қызметтердi көрсетуге лицензия алуға үмiткер - жеке тұлға, заңды тұлға үшiн белгіленген тәртіппен лицензия алады.
12. Лицензия өтiнiш берiлген күннен бастап бiр айлық мерзiмнен кешiктiрiлмей, шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерi үшiн он күндiк мерзiмнен кешiктірiлмей беріледi.
13. Заңды және тұлғалардың, азаматтар мен заңды тұлғаларға қызмет көрсетуге байланысты күзет қызметiн жүзеге асыру құқығына арналған лицензиялық алымның мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
13-1. Заңды тұлғаның атауы (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген), орналасқан жерi (егер ол лицензияда көрсетiлсе) өзгерген жағдайда, лицензиат бір айдың iшiнде көрсетілген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiніш бередi.
Жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген жағдайда лицензиат көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, бұл туралы бiр ай мерзiм ішiнде жазбаша түрде лицензиарға хабарлайды.
Лицензиар лицензиат тиiстi жазбаша өтiнiш берген күннен бастап он күн iшiнде лицензияны қайта ресiмдейдi.
Лицензияны қайта ресiмдеу және көрсетiлген құжатты беру кезiнде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен және мөлшерде лицензиялық алым төленедi.
Лицензияны жоғалтқан жағдайда лицензиат телқұжат алады. Лицензиар он күннiң iшiнде лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша лицензияның телқұжатын бередi. Бұл ретте лицензиат Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мөлшерде лицензиялық алым төлейдi.
13-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 29.04.2005. № 411 қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
14. Лицензия беруден бас тарту:
Лицензия:
1) осы Тәртiпте белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сай келмейтiн заңды және жеке тұлғаларға;
2) егер күзет қызметiмен айналысу құқығы үшiн алынатын алым енгізiлмесе;
3) егер өтiнiш берушiге қатысты оған күзет қызметiмен айналысуға тыйым салынған сот шешiмi болса;
4) егер осы Тәртіптiң 9 және 10-тармақтарына сәйкес барлық құжаттар табыс етiлмесе заңды және жеке тұлғаларға берiлмейдi.
Лицензия беруден бас тартылған кезде лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмде дәлелдi жауап қайтарылады.
Лицензиар лицензия беруден бас тартқан себептердi өтiнiш берушi ол бойынша жойған кезiнде, өтiнiш жалпы негiздерде қаралады.
15. Егер лицензия осы Тәртiпте белгiленген мерзiмде берiлмесе немесе бас тарту өтiнiш берушiге негізсiз болып көрiнген жағдайда, ол бiр ай мерзiмде бұл әрекетке сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.
16. Лицензия беруден негізсiз бас тартудан немесе лицензиаттың құқықтарын бұзудан туындаған залалдарды өтеу азаматтық заңдарда белгiленген тәртіппен жүзеге асырылады.
17. Лицензия:
лицензиялар қайтарылып алынған;
лицензия берiлген жеке тұлға қызметiн тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайда, өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
18. Заңды тұлға қайта тiркелген кезде лицензия сақталады.
19. Лицензияның қолданылуының тоқтатылуымен байланысты дауларды соттар шешедi.
20. Лицензия:
1) лицензиат лицензияда жазылған талаптарды орындамаған;
2) лицензиатқа жүзеге асыруға лицензиясы бар қызмет түрiмен айналысуға сот тыйым салған;
3) ол бойынша лицензиар лицензияның қолданылуын тоқтатқан себептер жойылмаған жағдайларда сот тәртiбiмен керi қайтарылып алынуы мүмкiн.
21. Лицензиар тоқтата тұрудың себептерiн көрсете отырып лицензияның қолданылуын алты айға дейiн тоқтата тұруға құқылы.
Лицензиат сондай-ақ лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмге сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.
22. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға түрткi болған себептер жойылғаннан кейiн лицензия лицензиардың қорытындысы негізiнде қайта күшiне енедi.
3. Күзет қызметiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қойылатын бiліктiлiк талаптары
23. Заңды тұлғаларға арналған бiлiктiлiк талаптары мыналарды қамтиды:
1) жеке күзет ұйымының, мемлекеттiк органның ведомстволық күзет бөлiмшесiнiң, заңды тұлға мен жеке кәсiпкердiң күзет бөлiмшесi басшысының жоғары заңгерлiк бiлiмi немесе құқық қорғау органдарындағы кемiнде үш жыл жұмыс өтiлi болуы және күзетшiлерге қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиiс.
Күзет бөлiмшесiн құру кезінде заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер Күзет бөлiмшесi туралы ереженi әзiрлейдi және бекiтедi;
2) күзетшi лауазымына 21 жасқа толған, күзетшiнiң арнайы даярлығынан (күзетшiнi оқытудың арнайы курсын) өткен, соттылығы жоқ, денсаулық жағдайы бойынша күзет қызметiмен айналысуға жарамды (көзiнiң нашар көруiне, психикалық ауруына, алкоголизмге немесе нашақорлыққа байланысты қаруды меңгеруiне қарсы көрсеткiштердiң болмауы) Қазақстан Республикасының азаматтары қабылдануы мүмкiн;
3) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды (ді қараңыз)
4) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды (ді қараңыз)
5) қарулар мен оқ-дәрiлердi сақтауға арналған үй-жайлардың болуы;
6) күзет ұйымы жеке құрамының толық сауалнамалық деректерi бар тiзiмiнiң болуы.
23-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.04.2005. № 411 қаулысымен (05.04.2002 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
24. Жеке тұлғаларға арналған бiлiктiлiк талаптары мыналарды қамтиды:
1) күзет қызметiне лицензия алуға үмiткер жеке тұлғаға осы Тәртiптiң 23-тармағының 2) тармақшасында көзделген талаптар қойылады;
2) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тіркелгенi туралы құжаттың және iшкi iстер органдары полициясының учаскелiк инспекторынан мiнездеменiң болуы;
3) оның жеке кәсiпкер ретiнде тiркелгенiн растайтын құжаттың болуы.
24-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 29.04.2005. № 411 қаулысымен (05.04.2002 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
4. Есепке алу және бақылау
25. Осы Тәртiптiң негізiнде заңды және жеке тұлғаларға берiлген лицензиялардың бiрыңғай есебiн жүргiзу үшiн уәкiлетті мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Банкнот фабрикасында дайындалған қатаң есеп құжаттары болып табылатын белгiленген үлгiдегi лицензиялардың нөмiрленген бланкiлерiн бередi. Лицензиялық бланкiлердi беру арнаулы журналда есептеледi.
26. Әрбiр берiлген лицензия бойынша лицензиар байқау iсiн жүргізедi, онда өтінiшпен бiрге ұсынылған барлық құжаттар сақталады. Iс лицензияны берген уәкiлеттi органда сақталады.
27. Осы Тәртiпке сәйкес күзет субъектiлерiнiң лицензиялық ережелердi сақтауын бақылауды лицензиар жүзеге асырады.
28. Лицензияны берген лицензиар олардан өзiнiң құзыретiнiң шеңберiнде тиiстi құжаттарды тапсыруды және бақылау функцияларын орындау үшiн қажеттi жазбаша немесе ауызша ақпаратты алуды талап етуге құқылы.
29. Лицензия жоғалған уақытта лицензиар жоғалған лицензияның дубликатын бередi.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 30 қыркүйектегі N 1507 қаулысымен бекiтiлген
Күзет сигналын беру құралдарын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету қызметiмен айналысу құқығына лицензиялар берудiң Тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тәртiп кәсiпкерлiк қызмет ретiнде күзет сигналын беру құралдарын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттiк лицензияларының ретiн, оны берудiң шарттары мен есепке алынуын белгiлейдi.
2. Заңды және жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметі ретiнде күзет сигналын беру құралдарын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету жөнiндегi жұмысты орындауды жүзеге асыруы мiндеттi түрде лицензиялануға жатады.
3. Лицензиялардың түрлерi:
1. Лицензиялар мынадай белгiлерi бойынша бөлiнедi:
Субъектiлер бойынша:
1) жеке тұлғаларға берiлетiн;
2) заңды тұлғаларға берiлетiн лицензиялар.
2. Қызмет ауқымы бойынша:
заңды және жеке тұлғалардың күзет сигналын беру құралдарын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруына мерзiмi шектелмей берiлетiн бас лицензиялар.
3. Қолданылуының аумақтық аясы бойынша:
1) қолданылуы Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына тарайтын;
2) қолданылуы Қазақстан Республикасының белгiлi бiр аумағымен шектелетiн.
4. Лицензиялар беру жөнiндегi уәкiлеттi орталық атқарушы орган (лицензиар) Қазақстан Республикасының IIМ болып табылады.
Лицензиар заңдарға және осы Тәртiпке сәйкес өзiнiң аумақтық бөлiмшелерiне күзет қызметiн лицензиялау жөнiнде өкiлеттiктер берудiң тәртiбiн айқындайды.
4-1. Қазақстан Республикасының аумағында күзет сигналын беру құралдарын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру кезiнде заңды және жеке тұлғалар тек атауы Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жыл сайынғы бюллетенiмен айқындалатын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сертификаттау жүйесiнiң сәйкестiк сертификаты бар арнайы техникалық құралдарды ғана пайдалана алады.
4-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 29.04.2005. № 411 қаулысымен.
2. Лицензия берудiң шарттары мен тәртiбi
5. Күзет сигналын беру құралдарын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету қызметiмен айналысуға лицензия алуға үмiткер заңды немесе жеке тұлға лицензиарға мынадай құжаттарды табыс етуге мiндеттi:
1) белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
2) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
3) лицензиялық алымды төлегенi туралы түбiртек;
3-1) көрсетiлген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензия алу кезінде заңды және жеке тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына лицензиаттың сәйкестiгін растайтын құжаттар.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.04.2005. № 411 қаулысымен (05.04.2002 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
6. Заңды тұлға құрусыз қызметтiң осы түрiмен айналысатын жеке тұлғалар, лицензияны заңды тұлға үшiн белгiленген тәртiппен алады.
7. Лицензия өтiнiш берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей, шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерi үшiн он күндiк мерзiмнен кешiктiрiлмей берiледi.
8. Күзет сигналын беру құралдарын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымның мөлшерiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
8-1. Заңды тұлғаның атауы (оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген), орналасқан жерi (егер ол лицензияда көрсетiлсе) өзгерген жағдайда лицензиат бiр айдың iшiнде көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш бередi.
Жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген жағдайда лицензиат көрсетілген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, бұл туралы бiр ай мерзiм iшiнде жазбаша түрде лицензиарға хабарлайды.
Лицензиар лицензиат тиiстi жазбаша өтiнiш берген күннен бастап он күн iшiнде лицензияны қайта ресiмдейдi.
Лицензияны қайта ресiмдеу және көрсетiлген құжатты беру кезiнде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен және мөлшерде лицензиялық алым төленедi.
Лицензияны жоғалтқан жағдайда лицензиат төлқұжат алады. Лицензиар он күннiң iшiнде лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша лицензияның телқұжатын бередi. Бұл ретте лицензиат Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгiленген мөлшерде лицензиялық алым төлейдi.
8-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 29.04.2005. № 411 қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
9. Лицензия беруден бас тарту:
Лицензия:
1) осы Тәртiпте белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сай келмейтiн заңды немесе жеке тұлғаларға;
2) егер өтiнiш берушiге қатысты оған кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға тыйым салынған сот шешiмi болса;
3) егер кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығына алым енгiзiлмесе;
4) егер 5-тармақта көрсетiлген құжаттар табыс етiлмесе берiлмейдi.
10. Лицензия беруден бас тартылған кезде өтiнiш берушiге лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмде жазбаша түрде дәлелдi жауап қайтарылады. Өтiнiш берушi ол бойынша лицензиар лицензия беруден бас тартқан себептердi жойған кезде өтiнiш жалпы негiздерде қаралады.
11. Лицензия беруден негiзсiз бас тартудан немесе лицензиаттың құқықтарын бұзудан туындаған залалдарды өтеу азаматтық заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
12. Егер лицензия осы Тәртiпте белгiленген мерзiмде берiлмеген немесе бас тарту өтiнiш берушiге негiзсiз болып көрiнген жағдайда, ол бiр ай мерзiмде бұл әрекетке сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.
13. Лицензия:
1) лицензия қайтарылып алынған;
2) лицензия берiлген жеке тұлға қызметiн тоқтатқан, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
14. Заңды тұлға қайта тiркелген кезде лицензия сақталады.
15. Лицензияның қолданылуының тоқтатылуымен байланысты дауларды соттар шешедi.
16. Лицензия:
1) лицензиат лицензияда жазылған талаптарды орындамаған;
2) лицензиатқа жүзеге асыруға лицензиясы бар қызмет түрiмен айналысуға сот тыйым салған;
3) лицензиар ол бойынша лицензияның қолданылуын тоқтатқан себептер жойылмаған жағдайларда сот тәртiбiмен керi қайтарылып алынуы мүмкiн.
17. Лицензиар тоқтата тұрудың себептерiн көрсете отырып лицензияның қолданылуын алты айға дейiн тоқтата тұруға құқылы.
Лицензиат сондай-ақ лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмге сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.
18. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға түрткi болған себептер жойылғаннан кейiн лицензия лицензиардың қорытындысы негiзiнде қайта күшiне енедi.
3. Күзет сигналын беру құралдарын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қызметпен айналысу құқығына лицензия алу кезiнде заңды және жеке тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары
19. Заңды тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары мыналарды қамтиды:
1) күзет сигналын беру құралдарын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қызметпен айналысуға лицензия алуға үмiткер ұйым басшысының жұмыстың осы бейiнiне сәйкес келетiн жоғары бiлiмi болуы мiндеттi;
2) радио жиілiлiктi спектрi бар күзет сигналын беру жүйелерiн монтаждау мен пайдалану кезiнде санитарлық және экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы болуы;
3) күзет сигналын беру құралдарын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету жөнiндегi жұмыстарды жүргiзушiде жоғары кернеулi жұмыстарға рұқсат етiлуi және осы мамандық бойынша кемiнде екi жыл жұмыс өтiлi болуы;
3-1) күзет сигналын беру құралдарын реттеу, техникалық қызмет көрсету және жөнделетін жабдықтың техникалық жағдайын тексерудi жүзеге асыру үшiн санитарлық және экологиялық нормаларға жауап беретiн үй-жайдың, жабдықтың (немесе оларды жалға алу шартының) болуы.
19-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.04.2005. № 411 қаулысымен (05.04.2002 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
20. Жеке тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
1) өтiнiш берушiде осы жұмыстың бейiнiне сәйкес келетiн жоғары немесе орта техникалық бiлiмiнiң болуы мiндеттi;
2) өтiнiш берушiде жоғары кернеулi жұмыстарға рұқсаты және осы мамандық бойынша кемiнде екi жыл жұмыс өтiлi болуы.
3) радиожиілiлiктi спектрi бар күзет сигналын беру жүйелерiн монтаждау мен пайдалану кезiнде санитарлық және экологиялық қадағалау органдарының қорытындылары;
3-1) күзет сигналын беру құралдарын реттеу, техникалық қызмет көрсету және жөнделетін жабдықтың техникалық жағдайын тексерудi жүзеге асыру үшiн санитарлық және экологиялық нормаларға жауап беретiн үй-жайдың, жабдықтың (немесе оларды жалға алу шартының) болуы.
20-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.04.2005. № 411 қаулысымен (05.04.2002 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
4. Есепке алу және бақылау
21. Осы Тәртiптiң негiзiнде заңды және жеке тұлғаларға берiлген лицензиялардың бiрыңғай есебiн жүргiзу үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Банкнот фабрикасында дайындалған қатаң есеп құжаттары болып табылатын белгiленген үлгiдегi лицензиялардың нөмiрленген бланкiлерiн бередi. Лицензиялық бланкiлердi беру арнаулы журналда есептеледi.
22. Әрбiр берiлген лицензия бойынша лицензиар өтiнiшпен бiрге ұсынылған барлық құжаттар сақталатын байқау iсiн жүргiзедi. Iс лицензияны берген уәкiлеттi органда сақталады.
23. Осы Тәртiпке сәйкес лицензиялық ережелердiң сақталуын бақылауды лицензиар жүзеге асырады.
24. Лицензияны берген лицензиар олардан өзiнiң құзыретiнiң шеңберiнде тиiстi құжаттарды ұсынуды және бақылау функцияларын орындау үшiн қажеттi жазбаша немесе ауызша ақпарат алуға құқылы.
25. Лицензия жоғалған жағдайда лицензиар лицензияның көшiрмесiн бередi.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |