"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1415 Қаулысы
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.11.2012 жылғы № 1413 Қаулысымен (14.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 04.09.2015 жылғы № 745 Қаулысына сәйкес «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын, айырым белгілері бар (погондарсыз) нысанды киімді киюге құқығы бар жұмыскерлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 25.02.2015 жылғы № 18-04/128 Бұйрығын қараңыз
Редакция 22.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қоса беріліп отырған Айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерiнiң тiзбесi бекiтілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.11.2012 жылғы № 1413 Қаулысымен (14.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 1415 қаулысымен бекітілген
Айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерiнiң тiзбесi
Тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.06.2010 жылғы № 566 Қаулысымен (29.12.2004 ж. редакцияны қараңыз) Тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.11.2012 жылғы № 1413 Қаулысымен (14.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.10.2013 жылғы № 1102 Қаулысымен (07.11.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.10.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.09.2014 жылғы № 1002 Қаулысымен (18.10.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту саласында мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық бөлімшелер
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетiнiң (бұдан әрi – Комитет) төрағасы – Қазақстан Республикасының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы.
2. Комитет төрағасының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары – Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары.
3. Комитеттiң орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын басқармалар басшылары, бас сарапшылары – Қазақстан Республикасының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторы.
4. Комитеттiң орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерімен айналысатын сарапшылары – Қазақстан Республикасының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі мемлекеттік инспекторы.
5. Комитеттiң аумақтық бөлімшелерінің басшылары – тиiстi облыстың орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы.
6. Комитеттiң аумақтық бөлімшелері басшыларының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары – тиiстi облыстың орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары.
7. Комитеттiң аумақтық бөлімшелерінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын бөлiмдерiнiң басшылары – тиiстi облыстың орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі аға мемлекеттік инспекторы.
8. Комитеттiң аумақтық бөлімшелерінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын бас және жетекшi мамандары – тиiстi облыстың орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі мемлекеттік инспекторы.
Орман шаруашылығын және жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар
1. Орман шаруашылығын және жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар басшылары, және олардың орынбасарлары – орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі инспекторлар.
2. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі бас аңшылық танушы және бас ихтиолог, аңшылық танушы және ихтиолог, бас қорықшы, қорықшы-инспектор.