• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы N 41 Қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы N 41 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 тамыздағы N 776 Қаулысы

Редакция 17.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
  • 1
2. "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" акционерлік қоғамын дамытудың 2006 - 2008 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы N 41 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 27 тамыздағы
 N 776 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. "Жекелеген акционерлік қоғамдарға банктік қызмет көрсету мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 наурыздағы N 316 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 10, 94-құжат): 
көрсетілген қаулыға қосымшада: 
реттік нөмірі 9-жол алынып тасталсын.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.07.2023 жылғы № 602 Қаулысына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1185 Қаулысымен (06.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.02.2016 жылы № 22 (28754) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 06.04.2011 № 377 Қаулысымен. (13.07.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2009. № 1060 Қаулысымен. (31.12.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
6. "Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі N 645 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 25, 257-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесінде: 
бүкіл мәтін бойынша "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" деген сөздер "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" деген сөздермен ауыстырылсын.
7. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 - 2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 33, 357-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 - 2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында (екінші кезең): 
"Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі" деген 5-бөлімде: 
"Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға арналған бюджеттік инвестициялар" деген кестеде: 
реттік нөмірі 20-жолдың 6-бағанында "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" деген сөздер "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен назарға алынған "Ұлттық компанияларды дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған негізгі бағыттары мен негізгі көрсеткіштерінің болжамы" деген 6-бөлімде: 
Мазмұнында "2007 - 2009 жылдарға арналған перспективалар" деген бөліктегі "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" деген сөздер "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ҰК" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Ұлттық компанияларды дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған негізгі бағыттары мен негізгі көрсеткіштерінің болжамы" деген 6-бөлімнің бірінші бөлігіндегі "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" деген сөздер "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"2007 - 2009 жылдарға арналған перспективалар" деген кіші бөлімде: 
"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" АҚ" тарауында тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: 
"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ";
бірінші абзацта "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" деген сөздер "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Ұлттық компанияларды дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштері" деген кестенің 1-бағанындағы "Азық-түлік корпорациясы" деген сөздер "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" деген сөздермен ауыстырылсын.
8. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
8-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.12.2008. № 1344 Қаулысымен (27.08.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
9. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы N 753 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 32, 354-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында: 
көрсетілген қаулымен назарға алынған "Ұлттық компаниялардың 2008 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары мен негізгі көрсеткіштерінің болжамы" деген 6-бөлімде: 
Мазмұнында "2008 - 2010 жылдарға арналған перспективалар" деген бөліктегі "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" деген сөздер "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Ұлттық компаниялардың 2008 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары мен негізгі көрсеткіштерінің болжамы" деген 6-бөлімнің бірінші бөлігіндегі "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" деген сөздер "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"2008 - 2010 жылдарға арналған перспективалар" деген кіші бөлімде: 
"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" АҚ" тарауында тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: 
"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ";
бірінші абзацтағы "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" деген сөздер "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Ұлттық компанияларды дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштері" деген кестенің 1-бағанындағы "Азық-түлік корпорациясы" деген сөздер "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" деген сөздермен ауыстырылсын.
10. "Қазақстанды өз тыңайтқыштарымен толыққанды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы N 1105 қаулысында: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстанды өз тыңайтқыштарымен толыққанды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарында: 
реттік нөмірі 10-жолдың 2-бағанында, 2) тармақшасында "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" деген сөздер "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 10-жолдың 4-бағанында, 2) тармақшасында "АКК" деген аббревиатура "АКК" ҰК" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
аббревиатуралардың толық жазылуында: 
"АКК" АҚ - "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" акционерлік қоғамы" деген сөздер "АКК" ҰК" АҚ - "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы" деген сөздермен ауыстырылсын.
11. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
11-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1185 Қаулысымен (06.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.02.2016 жылы № 22 (28754) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды