• Мое избранное
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 30.12.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 859 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 25.12.2015 жылғы № 1063 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 27.03.2015 жылғы № 367 Бұйрығын қараңыз
Редакция 31.07.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық әуе  кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормалары бекітілсін.
2. «Азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қыркүйектегі № 779 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                           К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 26 шілдедегі
 № 859 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығының нормалары 1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығының нормалары (бұдан әрі – Нормалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 9) тармақшасына сәйкес азаматтық әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігінің деңгейін арттыру мақсатында әзірленді және азаматтық әуе кемелерінің (бұдан әрі – ӘК) конструкциясына, параметрлеріне және ұшу сапасына қойылатын негізгі талаптарын белгілейді.
2. Осы нормалар азаматтық ӘК, азаматтық ӘК қозғалтқыштары мен жабдығына қолданылады және ұлттық стандарттарды, азаматтық ӘК техникалық тапсырмалары мен техникалық шарттарын әзірлеген кезде міндетті болып табылады.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.07.2013 жылғы № 735 Қаулысымен (26.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
3. Осы Нормалардың талаптары Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерін конструкциялау, өндіру, сынау, сертификаттау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде олардың меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, кәсіпорындарының, ұйымдары мен мекемелерінің орындауы үшін міндетті.
4. Осы Нормалардан ауытқуды, егер жекелеген нормаларды орындамау белгіленген тәртіппен сертификатталған және орындаушы мен тапсырыс беруші қабылдаған ұшу жарамдылығының баламалы деңгейін қамтамасыз ететін басқа шаралармен өтелетін болса, Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган қолайлы деп таниды.
2. Негізгі анықтамалар
5. Осы Нормаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) ұшу жарамдылығы нормалары – ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған азаматтық әуе кемесінің конструкциясына, параметрлеріне және ұшу сапасына, азаматтық әуе кемесінің қозғалтқыштары мен жабдықтарына қойылатын талаптар;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименталдық авиация қызметі саласында басшылық етуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) әуе кемесі – жер (су) бетінен қайтарылған ауамен әрекеттесуді болғызбай, ауамен өзара әрекеттесу есебінен атмосферада қалықтайтын аппарат;
4) тапсырыс беруші – азаматтық ӘК-ге тапсырыс беруші және (немесе) оны пайдаланушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары, азаматтық авиация ұйымдары;
5) орындаушы (дайындаушы) – авиациялық техникалардың тәжірибелі үлгісін жобалауды, жасауды және ӘК сериялық шығаруды, қозғалтқыштар мен жабдықтарды шығаруды жүзеге асыратын ұйым;
6) сертификаттау – әуе кеңістігін пайдалану және авиациялық қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларының талаптарына ӘК-тің сәйкестігін растау;
7) үлгі сертификаты (бұдан әрі – ұшу жарамдылығының үлгі сертификаты) – азаматтық әуе кемесі үлгісінің ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігін растайтын құжат;
8) сәйкестілік кестесі – ӘК-і үлгілерінің, қозғалтқышының, жабдығының осы Нормалардың талаптарына сәйкестілігі туралы куәландыратын құжат;
9) азаматтық ӘК-тің ұшу жарамдылығы сертификаты – азаматтық ӘК-тің осы Нормаларға сәйкестігін куәландыратын, уәкілетті орган берген құжат;
10) ӘК ұшу жарамдылығының экспорттық сертификаты – ӘК данасының дайындаушы мемлекеттің немесе ӘК тізілімде тұрған тіркеу мемлекетінің ұшу жарамдылығы нормаларының талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;
11) бұйымдардың жарамдылығы туралы куәлік немесе сертификат – қозғалтқыш немесе жабдық үлгісінің осы Нормаларға сәйкестігін куәландыратын құжат;
12) үлгілік конструкция – осы Нормаларға сәйкестігі зауыттық, мемлекеттік пен пайдалану сынақтарының нәтижелері бойынша белгіленген ӘК конструкциясы;
13) ұшу жарамдылығы – ӘК-тің қауіпсіздігі мен ұшу сапасын қамтамасыз ететін ұшу-техникалық сипаттамаларға сәйкес келетін, оның техникалық жай-күйі;
14) ӘК-тің ұшуы – ӘК-тің ұшу кезіндегі екпіндеуінен бастап (тік ұшу кезінде жер немесе су бетінен көтерілуі) жүрісі аяқталғанға (ұшу-қону жолағын аялдаусыз босату) немесе тік қону кезінде жер (су) бетіне жанасқанға дейінгі жер (су) бетімен және әуе кеңістігіндегі қозғалысы;
15) пайдаланудың күтілетін жағдайлары – осы Нормаларда айқындалған есептік жағдайлар, пайдалану шектеулері мен ӘК-ті сертификаттау кезінде оның осы үлгісі үшін белгіленген ұшудың ұсынылатын режимдері;
16) шекті шектеулер – қандай да болмасын жағдайларда олардан тыс шығуға жол берілмейтін ұшу режимдерінің шектеулері;
17) пайдалану шектеулері – ӘК пайдалану процесінде олардың шектерінен әдейі шығуға жол берілмейтін параметрлердің шарттары, режимдері мен мәндері;
18) ұсынылатын ұшу режимдері – ӘК-ні ұшу пайдалануы жөніндегі басшылықта белгіленген пайдалану шектеулері шегіндегі ұшу режимдері;
19) ӘК функционалдық жүйесі – міндеттелген жалпы функцияларды орындауға арналған өзара байланысты бұйымдар жиынтығы;
20) істен шығу жай-күйі (бұдан әрі - функционалдық істен шығу) – осы жай-күйге әкелген себептерге қарамастан оның функциясының белгілі бір бұзылуымен сипатталатын жалпы жүйенің жұмысқа қабілетсіз жай-күйінің түрі;
21) ресурс – пайдаланудан бастап немесе ӘК-ті пайдалануды тоқтатқанға немесе тоқтата тұрғанға дейінгі жөндеуден кейін жаңғыртылуынан атқарымы;
22) атқарым – ұшу кезіндегі сағаттарда, ұшулар/қонулар санында немесе басқа бірліктерде көрсетілетін ӘК ұшуда және жердегі жағдайларда пайдалану ұзақтығы;
23) шекті жай-күй – қауіпсіздік талаптары бұзылуына немесе берілген параметрлердің белгіленген шектерден шығуына немесе пайдалану тиімділігінің рұқсат етілгеннен төмендетілуіне байланысты конструкцияны одан әpi пайдалану тоқтатылатын кездегі оның жай-күйі;
24) белгіленген ресурс – қол жеткізілген кезде пайдаланылуы оның жай-күйіне қарамастан тоқтатылуы тиіс оның сомалық атқарымы;
25) есептен шығарғанға дейінгі ресурс - шектік жағдаймен байланысы пайдаланудың басынан ӘК-тің есептен шығарылуына дейінгі оның ресурсы;
26) зақымдану – одан соң белгілі бip шамадағы жүктемеге төтеп бере алатындай мүмкіндігі сақталатын жартылай бұзылулар; тоза бастаған зақымданулар – тозудан туындаған зақымдалулар;
27) тозу - қасиеттерінің өзгеруіне, сызаттардың пайда болуы мен дамуына әкелетін ауыспалы жүктемелік жұмыс істеулер әрекетін конструкциясыда (элементінде, материалында) зақымданулардың біртіндеп жиналу процесі;
28) тозу беріктігі (тозуға төтеп бергіштік) – тоза бастауға төтеп беретін конструкцияның (элементінің, материалының) қасиеті;
29) төзімділік – конструкцияның (элементінің, материалының) тоза бастаудан зақымданулар пайда болуы мен дамуына төтеп беретін қасиеті (тоза бастаудан зақымданулар пайда болғанға дейінгі кезеңдегі төзімділік, тоза бастаудан зақымданулар дамыған кезеңдегі төзімділік);
30) өміршеңдік – конструкцияның (элементінің, материалының) зақымданулар бар болған кезде (оның ішінде тоза бастаудан) беріктігін сақтап қалу қасиеті;
31) қалдық беріктік – зақымданулар бар болған кезде конструкцияның (элементінің, материалының) беріктігі;
32) қауіпсіз зақымданулар – қалдық беріктігін рұқсат етілген деңгейден төмендетпейтін конструкцияның зақымдануы;
33) төзімділікке сынақтар – конструкцияға ауыспалы жүктемелерді көп мәрте түсіру арқылы төзімділіктің сандық сипаттамаларын эксперименттік анықтау;
34) өміршеңдіккe сынақтар – жартылай зақымдалған конструкцияның қалдық беріктігін эксперименттік анықтау;