Toggle Dropdown
2010 - 2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 924 Қаулысы
Редакция 07.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2010 - 2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасы (бұдан әрі — Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық, компаниялар (келісім бойынша) "Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5. 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі Б.Ә. Сағынтаевқа жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 924 қаулысымен
бекітілген
2010 - 2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы 2010 - 2014 жылдарға арналған «Жасыл
даму» салалық бағдарламасы
Әзірлеуге негіздеме «Қазақстан Республикасының 2020 жылға
дейінгі Стратегиялық даму жоспары
туралы» Қазақстан Республикасы
Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы
№ 922 Жарлығы
Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
әзірлеуге және іске қорғау министрлігі
асыруға жауапты
мемлекеттік орган
Мақсаты Табиғи экожүйелерді сақтау және қалпына
келтіру бойынша жағдай жасау
Міндеттері «Жасыл экономиканы» дамыту; қоршаған
ортаның құрамдауыштары мен денсаулыққа
антропогендік әсер етуді төмендету;
табиғи экожүйелерді сақтау және қалпына
келтіру; қоршаған ортаның сапасын
басқару жүйесін дамыту және жетілдіру
Іске асыру мерзімдері 2010 - 2014 жылдар
Нысаналы индикаторлар Кешенді экологиялық рұқсаттарға
енгізілген ресурс үнемдеу
көрсеткіштері 2014 жылы 1 дананы
құрайды.
Ластағыш заттардың жалпы шығарындылары
нормативтерінің белгіленген мәндерінің
көлемі 5 млн. тоннадан аспайды.
Ластаушы заттардың төгінділері
нормативтерінің белгіленген мәндерінің
көлемі 5 млн. тоннадан аспайды.
2014 жылға қарай қалдықтардың
түзілуіне қатысты оларды қайта өңдеу
үлесі 21,9 %-ды құрайды.
2014 жылға қарай 1990 жылмен
салыстырғанда парниктік газдардың
шығарындылары көлемінің асырылмауы
96 %-ды құрайды.
Шөлейттенген және жұтаң жерлер
алаңының өзгеру серпіні 2014 жылға қарай
0,05 % құрайды.
Жануарлар дүниесінің 200 түрін сақтау,
оның ішінде:
1) ауланатын түрлері – 93;
2) сирек кездесетін және жойылып кету
қаупі төнген түрлер – 107.
Табиғи су айдындары мен су қоймаларына
бағалы кәсіпшілік балықтардың тіршілікке
төзімді шабақтарын шығару 2014 жылға
қарай 158,4 млн. дананы құрайды.
Орман көмкерген жерлерге ауыстырылатын
орман көмкермеген жерлердің жыл сайынғы
алқабы 2014 жылға қарай – 6,5 мың га.
Республиканың жалпы алаңына шаққанда
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың
үлесі 2014 жылға қарай 8,8 % болады.
Бақылау пункттерінің саны 2014 жылға
қарай:
1) метеорологиялық станциялар - 287;
2) агрометеорологиялық бекеттер - 102;
3) гидрологиялық бекеттер - 303;
4) автоматты режимде жұмыс істейтін
атмосфера ауасының жай-күйін - 48
құрайды.
Қаржыландыру көздері Бағдарламаны іске асыруға жалпы сомасы
мен көлемі 176969,98 млн. теңге қаражат бөлу
көзделген:
оның ішінде республикалық бюджеттен
108915,25 млн. теңге, оның ішінде:
2010 жылы - 18837,2 млн. теңге;
2011 жылы - 31926,6 млн. теңге;
2012 жылы - 3187,9 млн. теңге;
2013 жылы - 192,8 млн. теңге;
2014 жылы - 8065,75 млн. теңге;
жергілікті бюджеттен - 47285,53 млн.
теңге, оның ішінде:
2010 жылы - 7674,1 млн. теңге;
2011 жылы - 10076,33** млн. теңге;
2012 жылы - 10268,9 млн. теңге;
2013 жылы - 9847,5** млн. теңге;
2014 жылы - 10358,8** млн. теңге;
халықаралық гранттан 327,83 млн. теңге,
оның ішінде:
2010 жылы - 68,0 млн. теңге;
2011 жылы - 100,3 млн. теңге;
2012 жылы - 86,1 млн. теңге;
2013 жылы - 73,43 млн. теңге;
қарыз қаражатынан - 3187,9 млн. теңге,
оның ішінде:
2010 жылы - 1010,8 млн. теңге;
2011 жылы - 1822,9* млн. теңге;
2012 жылы - 401,0* млн. теңге;
2013 жылы - 161,4 млн. теңге;
меншікті қаражаттан - 17253,5 млн.
теңге, оның ішінде:
2010 жылы - 1284,6 млн. теңге;
2012 жылы - 968,9 млн. теңге;
2013 жылы - 7500,0* млн. теңге;
2014 жылы - 7500,0* млн. теңге.
Ескертпе:
* - қаржыландыру көлемі тиісті қаржы
жылына арналған бюджетті қалыптастыру
кезінде нақтыланады;
** - қаржыландыру көлемі тиісті қаржы
жылына арналған жергілікті бюджетті
қалыптастыру кезінде нақтыланады
2010 - 2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында әрі 2008 жылдың қыркүйек - қазан айларында Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарына сапары барысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындау шеңберінде әзірленді.
Қолданыстағы бағдарламалық құжаттарды оңтайландыру шеңберінде осы Бағдарламаға Қазақстан Республикасының 2004 - 2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын 2030 жылға дейін дамытудың және орналастырудың тұжырымдамасы, «Қазақстан Республикасының 2008 - 2010 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасы, 2008 - 2010 жылдарға арналған «Жасыл ел» бағдарламасы; Су ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау және оңтайлы пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін дамыту жөніндегі 2010 жылға дейінгі бағдарлама Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарлама біріктірілген.
Бағдарлама ресурстарды пайдалану мен экономикалық өсудің экологиялық салдары арасындағы тәуелділікті жоюды көздейтін «жасыл экономика» прогрессивті қағидатын пайдалануға бағдарланған.
Халықаралық қатынастарды, қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды ғылыми қамтамасыз етуді дамыту жөніндегі іс-шаралар, қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің жүйелері, экологиялық білім беру, ағарту және халықты хабардар етуін арттыру мәселелері айқындалды.
Бағдарлама салааралық сипатта және парниктік газдар шығарындыларын, атмосфералық ауаның ластануын, экологиялық апат аймақтарын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, өндіріс және тұтыну қалдықтарын, су ресурстарын, көгалдандыруды және басқаларын қоса алғанда, көптеген мәселелерді кешенді түрде шешуге ықпал ететін болады.
Бағдарламаға орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар блогы қосылды. Қоғамның негізгі мақсаттарының бірі биологиялық әр алуандықты сақтау және елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету болып табылады.
3. Ағымдағы жағдайды талдау
3.1. Сала жай-күйінің ағымдағы жағдайын, сондай-ақ осы саланың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерін бағалау
Экологиялық проблемаларды шешу Экологиялық кодексті қабылдау, «2005 - 2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау » және «2008 - 2010 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау » бағдарламаларын, Балқаш - Алакөл бассейнін орнықты дамыту бағдарламасын, сондай-ақ басқа да бағдарламалық және нормативтік құқықтық құжаттарды іске асыру арқылы Қазақстан Республикасының 2004 - 2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асырылды.
Алайда, тұтастай алғанда, қоршаған орта ластануының экологиялық жүйелер мен халық денсаулығына теріс әсерін айтарлықтай төмендету әзірге қолдан келмей тұр.
Мыналар: парниктік газдар шығарындылары, атмосфералық ауаның ластануы, су ресурстарының ластануы, өндіріс және тұтыну қалдықтарының жиналуы, биологиялық әр алуандықты ұтымды пайдаланбау Қазақстанда әлі де шешілмей отырған негізгі проблемалар болып қалып отыр.
Осы уақытқа дейін Қазақстанның сыртқы су ресурстарының көлемі мен сапасына тәуелділігі сақталуда, бұл елдің бірқатар су бассейндерінің тұрақтылығына айтарлықтай қауіп төндіреді. Шекаралас елдермен (Қытай, Қырғыз, Өзбекстан) су-экологиялық және су-энергетикалық проблемалар реттелмеген күйінде қалып отыр.
Соңғы жылдары шектес мемлекеттер аумағынан келетін суды пайдалану: проблемасы ушығып кетті: өзен ағыны жылына 15,1 км3 -ге қысқарды, бұл жылына 2-3 км3 -ге дейін су ресурстарының тапшылығына әкелуде. Мұндай үрдіс кейінгі жылдары да болжануда. Суға тәуелділік мәселелері елдің азық-түлік қауіпсіздігіне де, экологиялық қауіпсіздігіне де қатер төндіреді.
3.2. Күшті және әлсіз жақтарын, осы сала үшін мүмкіндіктер мен қауіптерді талдау
Объективті талдау жасау үшін оның күшті және әлсіз жақтарын, сондай-ақ, қазіргі мүмкіндіктер мен қауіптерді нақты анықтау қажет.
Оң факторлар | Теріс факторлар |
Күшті жақтары 1. Қоршаған ортаның жай-күйі мен халық денсаулығына келеңсіз антропогендік әсерді төмендету. 2. Жануарлар әлемін сақтау және ұтымды пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін дамыту. 3. Аңшылық шаруашылығын дамыту жолымен жануарлар әлемін орнықты пайдалану. 4. Бай табиғи ресурстар. 5. Орман шаруашылығының негізгі институттары мен инфрақұрылымы сақталған. | Әлсіз жақтары 1. Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының жоғары деңгейі. 2. Ластағыш заттар тастандыларының жоғары деңгейі 3. Қалдықтарды қайта өңдеу мен кәдеге жаратудың көлемінің төмендігі. 4. Ағаш отырғызу және егу көлемінің бірнеше есе азаюы. |
Мүмкіндіктер 1. Атмосфераға ластағыш заттар шығарындыларының көлемін тұрақтандыру. 2. Ластағыш заттардың төгінділерін азайту. 3. Қалдықтарды өңдеу және кәдеге жарату көлемін арттыру. 4. Шығарындыларды едәуір және экономикалық тиімді қысқартуға қол жеткізу 5. Республиканың аумағын «тарихи» ластаулардан тазарту. 6. Басым өңірлерде биологиялық әртүрлілікті ұзақ мерзімді сақтауға және қоршаған орта жағдайының орнықтылығына кепілдік беретін қорғалатын табиғи аумақтар желісін құру 7. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жабайы тұяқты жануарлар мен киіктердің санын ұлғайту. 8. Орманды молықтыруда, олардың тұқымдық құрамын жақсартуда жаңа технологиялар енгізу | Қауіптер 1. Климаттың жаhандық өзгеруі салдарының ұлғаюы. 2. Табиғи ортаның трансшекаралық ластануы. 3. Жинақталған тарихи ластанулар бар аймақтарда қиын экологиялық жағдайлардың пайда болуы. 4. Өндіріс көлемінің өсуіне байланысты өнеркәсіп кәсіпорындарының авариялық дүркін шығарындылары. 5. Орман экожүйелері орнықтылығының бұзылуы. 6. Жабайы жануарлардың шектес мемлекеттерге ауып кеткен жағдайдағы ықтимал шығындар. |
Қауіптердің алдын алу мақсатында парниктік газдардың шығарындыларын, атмосфера ауасы мен су ресурстарының ластануын, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының жинақталуы, экологиялық апат аймақтарын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, жануарлар дүниесін, көгалдандыруды және т.б. қамтитын көптеген мәселелерді кешенді шешу қажет.
3.3. Тиісті саланы дамытудың негізгі проблемалары, үрдістері және алғышарттары
3.3.1. Парниктік газдардың шығарындылары Қазақстан Республикасында парниктік газдардың шығарындылары 1992 жылы СО2 барабар 310 млн. тоннаны, 2008 жылы - 240 млн. тоннаны құрады.
Елде парниктік газдар шығарындылары көздерін орындалған түгендеу, көміртегі диоксиді эмиссиясының әзірленген болжамы ЖІӨ-нің бір бірлігіне (3,38 кг/АҚШ доллары) парниктік газдар шығарындыларының үлестік көрсеткіші бойынша Қазақстан бірінші орында екенін дәлелдеп отыр.
Көміртегі диоксиді шығарындыларының көлемінде ең көп үлес энергетикаға тиесілі, ал энергия тасығыштар арасынан - көмір, бұл ретте есептер шығарындылар генерациялауда көмірдің үлесі интенсивті қарқынмен өсетінін көрсетіп отыр. 2010 жылға қарай ол отынды жағудан түзілетін шығарындылардың жалпы көлемінің 63 %, 2020 жылы - 66 %-ын құрайды.
Қазақстан экономикасының көпшілігі энергияны қажетсінуімен ерекшеленеді, осының салдарынан елде энергия ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыратын іс-шараларды орындау үшін орасан техникалық резервтер бар. Қазіргі уақытта тұтынылатын энергияның 2/3 астамы оны пайдалану үдерісінде жоғалады, қазіргі заманғы технологиялардың даму деңгейі энергия ресурстарын пайдалы қолданудың кемінде 50-60 % коэффициентіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
3.3.2. Атмосфералық ауаның ластануы
Атмосфералық ауаның ластануы халықтың денсаулығына теріс әсер ететін қоршаған ортаға әсер етудің жетекші факторларының бір болып қалуда. Атмосфералық ауаға жылу энергетикасы және мұнай-газ секторы, кен өндіру және тау-кен өндіру саласы, қара және түсті металлургия неғұрлым теріс әсер етеді.
Қазақстанның өнеркәсіп кәсіпорындарының атмосфераға шығарындылары жылына шамамен үш миллион тоннаны құрайды, оның ішінде 85 %-ы ең ірі табиғат пайдаланушыларға тиесілі, елдің атмосферасына стационарлық көздерден шығарындылардың 10 %-ы және улы қалдықтардың елеулі үлесінің пайда болуы шикі мұнай мен ілеспе газ өндіру саласында жұмыс істейтін кәсіпорындарға тиесілі. Рұқсат етілген ластағыш заттар көлемі 2012 жылы 2011 жылдың деңгейінде қалып, 3,35 млн. тоннаны құрады. 2013 жылдан бастап табиғат пайдаланушылар мәлімдеген қоршаған ортаға ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділерінің арту үрдісі байқалады, бұл көп жағдайда экономика салалары дамуының оң серпінімен, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар қуатының артуымен және жаңаларын іске қосумен, соның ішінде Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі – ҮИИДМБ) шеңберінде іске асырылатын қоршаған ортаға эмиссияның айтарлықтай көлемі бар жобаларға байланысты.
Ауаны автомобиль көлігімен ластау көлемі неғұрлым қауіп төндіруде, бұл республика аумағында автокөлік құралдары санының қарқынды өсуіне байланысты. Бұл проблема республиканың ірі қалалары үшін аса өзекті, мұнда автокөліктің әуе бассейінін ластаудағы үлесі жалпықалалық шығарындылардың 60 %-на және одан жоғарыға жетеді.
3.3.3. Су ресурстарының ластануы