• Мое избранное
Сатып алу операцияларын және баға интервенцияларын жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы
Внимание! Документ утратил силу с 09.10.2012 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Сатып алу операцияларын және баға интервенцияларын жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 шілдедегі N 602 Қаулысы

Күші жойылды ҚР Үкіметінің 09.10.2012 № 1280 Қаулысымен (27.05.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(01.01.2012 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Редакция 27.05.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы
8 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ    ЕТЕДІ: 
1. Мыналар: 
1) Қоса беріліп отырған Сатып алу операцияларын және баға   интервенцияларын жүзеге асыру ережесі; 
2) қоса беріліп отырған сатып алу операцияларын және баға   интервенцияларын жүзеге асыру жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың   (бұдан әрі - мамандандырылған ұйымдар) тізбесі; 
3) сатып алу операцияларын және баға интервенцияларын жүзеге   асыру үшін сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімі құнының 3 (үш)   пайызы мөлшерінде мамандандырылған ұйымдарға төленетін комиссиялық   сыйақы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он   күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің 2007 жылғы 17 шілдедегі
 602 қаулысымен бекітілген
Сатып алу операцияларын және баға интервенцияларын жүзеге асыру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сатып алу операцияларын және баға интервенцияларын   жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Агроөнеркәсіптік кешенді   және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы"   Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес   әзірленді және ауыл шаруашылығы өнімін (бұдан әрі - ауыл шаруашылығы   өнімі) сатып алу операцияларын және баға интервенцияларын жүзеге   асырудың тәртібін айқындайды.
2. Тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін   мамандандырылған ұйымдар (бұдан әрі - мамандандырылған ұйымдар) ауыл   шаруашылығы өнімін сатып алу операциялары мен баға интервенцияларын   жүргізуді жүзеге асырады. 
Ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу операцияларын және баға   интервенцияларын жүзеге асыру үшін агроөнеркәсіптік кешенді дамыту   саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган)   мамандандырылған ұйымдармен сенімгерлікпен басқару шартын жасасады.
3. Ауыл шаруашылығы өнімін, сондай-ақ оны сатып алу, сақтау,   тасымалдау жөніндегі қызметтерді сатып алу Қазақстан Республикасының   мемлекеттік сатып алу заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге   асырылады.
4. Сатып алу операцияларын жүзеге асыру үшін, сондай-ақ ол   арқылы баға интервенцияларын іске асыру кезінде ауыл шаруашылығы   өнімін сатып алуға тіркелген бағаны уәкілетті орган бекітеді.
5. Комиссиялық сыйақы төлеу, ауыл шаруашылығы өнімін сатып   алу, сақтау және тасымалдау жөніндегі, сондай-ақ оны сатуға   байланысты шығыстар республикалық бюджет қаражаты есебінен   қаржыландырылады.
6. Сатып алу операцияларын және баға интервенцияларын   жүргізуге байланысты операцияларды есепке алуды мамандандырылған   ұйымдар өздерінің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерінен бөлек   жүзеге асырады.
7. Мамандандырылған ұйымдар ай сайын, есептіден кейінгі айдың 
10-күнінен кешіктірмей уәкілетті органға сатып алу операцияларын   және баға интервенцияларын жүргізу нәтижесінде сатып алынған және   сатылған өнімінің көлемі және бағалары, сондай-ақ оны сатып алуға,   сақтауға, тасымалдауға және сатуға байланысты шығыстар туралы есеп   береді.
2. Сатып алу операциялары
8. Сатып алу операциялары Қазақстан Республикасы Үкіметінің   шешімі бойынша ішкі нарықты тұрақтандыруға және экспорттық   жеткізілімдерді қамтамасыз етуге арналған ауыл шаруашылығы өнімінің   жаппай өндірілуі кезеңінде тиісті бюджеттік бағдарламаны іске асыру   шеңберінде жүргізіледі.
9. Мамандандырылған ұйымдар ауыл шаруашылығы тауарын   өндірушілерден (орташа және ірі тауарлы өндірісі бар заңды тұлғалар   және шаруа (фермер) қожалықтары) ауыл шаруашылығы өнімін тіркелген   бағалар бойынша сатып алады. 
Ауыл шаруашылығы өніміне тіркелген бағалар әлеуметтік-экономикалық дамудың орташа мерзімді жоспарында белгіленген инфляция деңгейін ескере отырып, алдыңғы жылғы жаппай өндірілуі кезеңінде қалыптасқан сатып алынатын өнімнің бағасына қарап, бірақ өндірілген өнімнің қалыптасқан өзіндік құнынан төмен түсірмей белгіленеді.
10. Сатып алу операцияларын жүргізу барысында мамандандырылған   ұйымдар сатып алған ауыл шаруашылығы өнімі, меншік нысанына   қарамастан, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы   заңнамасына сәйкес жасалатын шарттар негізінде ұйымдарда сақтауға   орналастырылады. 
Шарттарда ауыл шаруашылығы өнімін сақтауды, тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдардың, олардың сандық және сапалық сақталуын, олар бойынша есепке алу мен есеп берудің тиісінше ұйымдастырылуы үшін мүліктік жауапкершілігі көзделеді.
11. Сатып алу операцияларын жүргізу барысында сатып алынған   ауыл шаруашылығы өнімі, осы өнімді қабылдау, сақтау, тасымалдау   тәртібін белгілейтін қолданыстағы мемлекеттік стандарттарға,   ұйымдардың стандарттарына және өзге де нормативтік құқықтық    актілерге сәйкес қабылданады және ресімделеді.
3. Баға интервенциялары
12. Баға интервенциялары барысында сатып алу операцияларын   жүргізу кезінде сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімі сатылады.
13. Баға интервенциялары ағымдағы жылда ауыл шаруашылығы   өніміне нарықтық баға, әлеуметтік-экономикалық дамудың орташа   мерзімді жоспарында белгіленген инфляция деңгейін ескере отырып,   алдыңғы күнтізбелік жылда қалыптасқан орташа жылдық нарықтық бағадан   асып кеткен жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады. 
Ауыл шаруашылығы өніміне алдыңғы күнтізбелік жылда   қалыптасқан орташа жылдық нарықтық бағаны белгілеу әдістемесін   уәкілетті орган бекітеді.
14. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары ауыл шаруашылығы   өніміне бөлшек сауда бағаларының мониторингін жүргізеді. 
Бағалар баға интервенцияларын жүзеге асыруды қажет ететін   деңгейге жеткен не баға оларды жүргізу қажет болмайтын деңгейге   дейін төмендеген жағдайда, жергілікті атқарушы органдар үш жұмыс   күнінің ішінде баға интервенцияларын жүргізу немесе тоқтату жөнінде   уәкілетті органға тиісті ұсыныс енгізеді. 
Уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдардан алынған ақпарат негізінде баға интервенцияларын жүргізу немесе тоқтату   жөніндегі ұсынысты Премьер-Министрдің қарауына енгізеді. 
Уәкілетті органның ұсынысын Премьер-Министр мақұлдаған   жағдайда, уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп,   Премьер-Министрдің, ал ол болмағанда - Премьер-Министрдің   орынбасарының тапсырмасы бойынша баға интервенцияларын жүргізу   немесе тоқтату туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің   келісілген жобасын белгіленген тәртіппен енгізеді. 
Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті шешім қабылдаған   сәттен бастап мамандандырылған ұйымдар баға интервенцияларын   жүргізуді жүзеге асырады не тоқтатады.
15. Мамандандырылған ұйымдар ауыл шаруашылығы өнімін жергілікті атқарушы органдар уәкілетті органның қатысуымен тендерлік   негізде анықтайтын көтерме және бөлшек сауда ұйымдарына, сондай-ақ,   ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындарға   (бұдан әрі - сауда ұйымдары) тіркелген бағалар бойынша сатады. 
Мамандандырылған ұйымдар сауда ұйымдарымен ауыл шаруашылығы   өнімін жеткізуге, жеткізу, өзара есептесу талаптарын,   мамандандырылған ұйымдар сауда ұйымдарына, сауда ұйымдары   тұтынушыларға ауыл шаруашылығы өнімін сату кезінде тіркелген   бағаларды және тараптардың жауапкершілігін қамтитын шарттар жасасады.
16. Уәкілетті органның келісімі бойынша баға интервенцияларын   жүргізу қажет болмаған жағдайда сатып алу операцияларын жүргізу   барысында сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімін мамандандырылған   ұйымдар нарықтық баға бойынша экспортқа немесе ішкі нарықта сата   алады. 
Баға интервенцияларын жүргізуден, сондай-ақ ауыл шаруашылығы   өнімін осы Ереженің 16-тармағына сәйкес сату кезінде алынған   қаражатты, мамандандырылған ұйымдар он күн мерзімде республикалық   бюджеттің кірісіне аударады.
  • 1
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 17 шілдедегі
 602 қаулысымен
 бекітілген
Сатып алу операцияларын және баға интервенцияларын жүзеге асыру жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың тізбесі
тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.05.2011 № 589 Қаулысымен (17.07.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «ҚазАгроӨнім» акционерлік қоғамы.