Қазақстан Республикасының тау-кен-металлургия саласын одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлік қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 қаңтардағы N 10 Қаулысы
Қазақстан Республикасының тау-кен-металлургия саласын одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын.
2. Қоғам қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып белгіленсін:
1) қатты пайдалы қазбаларды барлау, әзірлеу, өндіру, қайта өңдеу және сату саласындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі тиімді қызметті қамтамасыз ету;
2) қоғамға берілетін тау-кен-металлургия саласы кәсіпорындарының акциялар пакеттерін тиімді басқару;
3) тау-кен металлургия өнеркәсібінде ғылымды қажетсінетін және тиімді жаңа технологияларды әзірлеу және енгізу;
4) республиканың минералдық шикізат базасын ұдайы өндіру, кен орындарының баланстан тыс қорын игеру;
5) техногендік минералдық түзілімдерді қайта өңдеу;
6) залалды кеніштер мен қоймаларды тарату және консервациялау, су төкпе қызметі.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 63650000 (алпыс үш миллион алты жүз елу мың) теңге бөлінсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қоғамның жарғылық капиталын осы қаулының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінетін қаражаттан 63650000 (алпыс үш миллион алты жүз елу мың) теңге мөлшерінде қалыптастыруды қамтамасыз етсін;
2) қоғамның жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) қоғам әділет органдарында тіркелгеннен кейін қоғам акцияларын мемлекеттік пакетін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жарғылық капиталына төлеуге (көбейту) беруді қамтамасыз етсін;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 06.04.2011 № 377 Қаулысымен. (15.01.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |