Bestprofi Logo

Қаулы № 2131 от 2009-12-15г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 06.05.2014 г.

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 06.05.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 19.02.2014 жылғы № 114 Қаулысына сәйкес

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі (бұдан әрі - мемлекеттік норматив) бекітілсін.

2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдері:

2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.03.2012 жылғы № 395 Қаулысымен (27.08.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

1) жұмыс істеп тұрған денсаулық сақтау ұйымдары желісінің номенклатурасын осы қаулыға сәйкес келтірсін;

2) денсаулық сақтау ұйымдарының желісін дамыту мен оларды қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2010 жылғы 15 сәуірге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне орындалған іс-шаралар туралы жиынтық ақпарат берсін.

4. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 сәуірдегі № 494 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 18, 163-құжат) күші жойылды деп танылсын.

5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі

1. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары:

1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.03.2012 жылғы № 395 Қаулысымен (27.08.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

1) бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары:

аудандық емхана (бұдан әрі – АЕ) аудан орталығында құрылады;

медициналық пункт халқының саны 50 (елу) адамнан 800 (сегіз жүз) адамға дейінгі ауылдық елді мекендерде (бұдан әрі – АЕМ) құрылады;

фельдшерлік-акушерлік пункт халқының саны 800 (сегіз жүз) адамнан 2000 (екі мың) адамға дейінгі АЕМ-де құрылады;

дәрігерлік амбулатория (отбасылық денсаулық орталығы) халқының саны 2000 (екі мың) адамнан 10000 (он мың) адамға дейінгі АЕМ-де құрылады;

ауылдық емхана бекітілген халқының саны 10000 (он мың) адамнан және одан асатын халқы тығыз орналасқан АЕМ-де құрылады;

қалалық емхана (бұдан әрі – ҚЕ) бекітілген халқының саны 30000 (отыз мың) адамнан асатын қалаларда бір аумақтық учаске шегінде, бірақ кемінде бір ҚЕ құрылады;

дәрігерлік амбулатория бекітілген халқының саны 30000 (отыз мың) адамнан кем емес бір аумақтық учаске шеңберінде қалалық елді-мекендерде құрылады.

2) консултациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары:

консултациялық-диагностикалық орталық облыстарда, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады.

2. Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары:

1) аудандық орталық аурухана (бұдан әрі - АОА) аудан орталығында құрылады және құрамына балалар, босандыру, бейінді және инфекциялық аурулар бөлімшелері, сондай-ақ ауылдық аурухана құрылым ретінде кіретін көп бейінді стационар түрінде ұсынылған.

Ауылдық аурухана климаттық-географиялық жағдайларды қоса алғанда, жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, тұрғын халқының саны 5000 (бес мың) адамнан кем болмайтын шалғай АЕМ-де АОА құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады;

2) ауданаралық аурухана тұрғын халқының саны 20000 (жиырма мың) адамнан кем бірнеше аудан үшін АЕМ-нің бірінде құрылады;

3) қалалық аурухана (бұдан әрі - ҚА) қалаларда (аудан орталығын қоспағанда) құрамына балалар, босандыру, бейінді және инфекциялық аурулар бөлімшелері құрылым ретінде кіретін көп бейінді стационар түрінде құрылады;

4) қалалық балалар ауруханасы тұрғын халқының саны 100000 (бір жүз мың) адамнан астам қалаларда құрамына бейінді және жұқпалы аурулар бөлімшелері құрылым ретінде кіретін көп бейінді стационар түрінде құрылады.

Тұрғын халқының саны 100000 (бір жүз мың) адамнан кем қалаларда ҚА-ның жанынан балалар бөлімшесі құрылады;

5) облыстық аурухана құрамына консультациялық-диагностикалық, босандыру, жұқпалы аурулар және соматикалық бөлімшелер, пациенттің тұрғын жеріндегі медициналық жабдықтың болмауына немесе медициналық ұйымда тиісті біліктілігі бар мамандардың болмауы салдарынан медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімшесі (санитариялық авиация) құрылым ретінде кіретін көп бейінді стационар ретінде құрылады;

6) облыстық балалар ауруханасы құрамына бейінді және инфекциялық аурулар бөлімшелері құрылым ретінде кіретін көп бейінді стационар ретінде құрылады;

7) инфекциялық аурухана республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады;

8) перинаталдық орталық облыстық деңгейде, республикалық маңызы бар қалада, астанада құрылады;

9) туберкулезге қарсы аурухана (диспансер) аудандық және облыстық деңгейлерде, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады;

10) онкологиялық аурухана (диспансер) облыстық деңгейде, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады;

11) наркологиялық аурухана (диспансер) облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады;

12) психиатриялық аурухана (диспансер) облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады;

13) тері-венерологиялық аурухана (диспансер) облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады;

14) лепрозорий республикалық деңгейде құрылады.

3. Жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация ұйымдары:

1) жедел медициналық жәрдем станциясы тұрғын халқының саны 100000 (бір жүз мың) адамнан астам қалаларда, облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады.

Тұрғын халқының саны 100000 (бір жүз мың) адамнан кем қалаларда жедел медициналық жәрдем станциясы емхананың құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады.

2) пациенттің тұрғын жеріндегі медициналық жабдықтың болмауына немесе медициналық ұйымда тиісті біліктілігі бар мамандардың болмауы салдарынан медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімшесі (санитариялық авиация)облыстық аурухананың құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады.

апаттар медицинасы орталығы республикалық деңгейде құрылады.

5. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ұйымдары:

санаторий, мамандандырылған санаторий, профилакторий, оңалту орталығы облыстық және республикалық деңгейлерде құрылады.

6. Паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсететін ұйымдар:

мейірбике күтімі ауруханасы, хоспис аудандық маңызы бар қалаларда, аудан, облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада стационарлық көмек көрсететін ұйымның мамандандырылған құрылымдық бөлімшесі ретінде немесе дербес заңды тұлға ретінде құрылады.

7. Қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар:

қан орталығы облыстық және республикалық деңгейлерде, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады.

8. Сот медицинасы және патологиялық анатомия саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар:

8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.08.2011 жылғы № 975 Қаулысымен (15.12.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.10.2011 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

1) сот медицинасы орталығы облыс орталықтарындағы филиалдарымен республикалық деңгейде құрылады;

2) патологиялық-анатомиялық бюро дербес заңды тұлға ретінде немесе орталықтандырылған патологиялық-анатомиялық бөлімше ретінде облыстық деңгейде, республикалық маңызы бар қалада, астанада және халқының саны 300000-нан (үш жүз мың) астам адам болатын қалаларда стационарлық көмек көрсететін ұйымның құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады.

Аудандық деңгейде орталықтандырылған патологиялық-анатомиялық бөлімше стационарлық көмек көрсететін ұйымның құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады.

9. Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары:

дәріхана, алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункті, шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункті, дәріхана қоймасы денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады.

10. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары республикалық деңгейде құрылады:

1) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;

2) санитариялық-эпидемиологиялық станция;

11. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар:

ғылыми орталық, ғылыми-зерттеу институты республикалық деңгейде, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады.

12. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары:

орта медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдары, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдары республикалық деңгейде, облыстық, аудандық (аудандық маңызы бар қалада) деңгейлерде республикалық маңызы бар қалада, астанада құрылады.

13. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтану саласындағы қызметтерді жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары:

салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы (бұдан әрі - СӨСҚО) облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады.

Аудан орталығында СӨСҚО облыстық СӨСҚО-ның құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады.

14. АИТВ/ЖИТС алдын алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары:

ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталық облыстық деңгейде, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады.

15. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдинг республикалық деңгейде құрылады.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание