Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссиясын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 903 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 04.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы шеңберiнде сауда саясатын жетiлдiру, ықпалдасу үдерiстерiн дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрi - Ведомствоаралық комиссия) құрылсын.
Toggle Dropdown
2. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) Ведомствоаралық комиссияның құрамы;
Toggle Dropdown
2) Ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
Toggle Dropdown
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 22 қыркүйектегi
N 903 қаулысымен
бекiтiлген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі, төрағаның орынбасары
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің департамент директоры, хатшы
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің консультанты (келісім бойынша)
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 22 қыркүйектегi
N 903 қаулысымен
бекiтiлген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы ереже
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
Toggle Dropdown
3. Комиссияның лауазымдық құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Toggle Dropdown
2. Комиссия қызметiнiң мақсаттары
Toggle Dropdown
4. Комиссия қызметiнiң мақсаттары:
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасындағы сауда саясатын дамыту және жетiлдiру жөнiндегi мемлекеттiк саясатты әзiрлеу;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағына(н) тауарларды әкелудi (әкетудi) реттеудiң кеден-тарифтiк және тарифтiк емес шараларын қолдану жөнiндегi, тарифтiк квоталарды енгiзу жөнiндегi мемлекеттiк саясатты және iшкi нарықты қорғау жөнiндегi шараларды әзiрлеу;
Toggle Dropdown
Қазақстанның әлемдiк сауда жүйесiне тиiмдi ықпалдасуы жөнiндегi мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру болып табылады.
Toggle Dropdown
3. Комиссияның мiндеттерi
Toggle Dropdown
5. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
Toggle Dropdown
кедендiк баж ставкаларын өзгерту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
Toggle Dropdown
сауда қызметiн дамыту және тауарларды өндiру мен сату үшiн қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
Toggle Dropdown
Қазақстанның ДСҰ-ға, сондай-ақ оның екi жақты және көп жақты сауда келiссөздерi барысында жасалатын жекелеген келiсiмдерiне қосылу шарттары мен кезеңдерiн қоса алғанда, экономикалық саясаттың нақты мәселелерi бойынша ДСҰ-ға кiру үдерiсiнде Қазақстанның келiссөз ұстанымы жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
Toggle Dropdown
өспелi, демпингтiк немесе субсидияланатын тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына импортына байланысты отандық өндiрушiлерге елеулi немесе материалдық зиян келтiру фактiсi немесе осындай зиян келтiру қаупi бар немесе жоқ екенi туралы уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дайындалған тиiстi қорытындысы негiзiнде уақытша шараларды қoca алғанда, қорғау, демпингке қарсы, өтем шараларын қолданудың орындылығы туралы ұсыныстар әзiрлеу;
Toggle Dropdown
тауарлардың жекелеген түрлерiн әкелуге тарифтiк квоталарды қолдану туралы ұсыныстар әзiрлеу;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық ұйымдар алдындағы мiндеттемелерiн орындау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
Toggle Dropdown
халықаралық экономикалық ұйымдардың қағидаттары мен ережелерiне оның сәйкестiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасын, оның iшiнде сауда қызметi саласындағы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының кеден аумағына(н) тауарларды әкелудiң (әкетудiң), оның iшiнде сандық тыйымдарын немесе шектеулерiн қолдану туралы ұсыныстар әзiрлеу;
Toggle Dropdown
Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiндегi ұсыныстарды қарау және дайындау;
Toggle Dropdown
Кеден одағы преференцияларының ұлттық схемасын өзгерту және нақтылау жөнiндегi ұсыныстарды қарау және дайындау, сауда әрiптестерiмен, оның iшiнде өңiрлiк бiрлестiктер шеңберiнде Қазақстан Республикасының өзара сауда саясаты мәселелерi жөнiндегi ұстанымын әзiрлеу болып табылады.
Toggle Dropdown
4. Комиссияның құқықтары
Toggle Dropdown
6. Комиссия өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн өз құзыретi шеңберiнде:
Toggle Dropdown
белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасының сауда қызметi саласындағы заңнамасын жетiлдiру, тауарлардың импорты кезiнде тарифтiк квоталарды, iшкi нарықты қорғау жөнiндегi шараларды, кеден-тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану және Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
Toggle Dropdown
заңнамада белгiленген тәртiппен министрлiктерден, ведомстволардан және ұйымдардан Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ақпаратты сұратады және алады;
Toggle Dropdown
Комиссияның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi шешу жөнiндегi проблемаларды талдауға және ұсыныстар әзiрлеуге ғылыми ұйымдарды, сондай-ақ отандық және шетелдiк сарапшыларды тартады.
Toggle Dropdown
5. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
Toggle Dropdown
7. Комиссияны төраға басқарады, ол оның қызметiне басшылық жасайды, Комиссияның отырыстарында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестiруге және Комиссия әзiрлейтiн шешiмдерге дербес жауапты болады.
Toggle Dropdown
Төраға болмаған уақытта оның функцияларын Комиссия төрағасының орынбасары орындайды.
Toggle Dropdown
8. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Toggle Dropdown
Комиссияның жұмыс органы комиссияның жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.
Toggle Dropdown
9. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін Комиссия хатшысы хаттама ресімдейді.
Toggle Dropdown
10. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жылына кемiнде бiр рет өткiзiледi.
Toggle Dropdown
Комиссияның төрағасы Комиссияның қарауына ұсынылатын материалдардың негiзiнде Комиссияның жоспардан тыс отырыстарын шақырады.
Toggle Dropdown
11. Егер Комиссияның отырыстарына Комиссия мүшелерiнiң немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жалпы санының кемiнде үштен eкici қатысса, ол заңды болып саналады.
Toggle Dropdown
Комиссияның мүшелері уақытша болмаған жағдайларды (іссапар, демалыс, сырқаттану) қоспағанда, олар отырыстарға алмастыру құқығынсыз қатысады. Мұндай жағдайларда, тиісті мемлекеттік орган айқындаған лауазымды тұлға қатысады.
Toggle Dropdown
Комиссия мүшесі өзінің лауазымдық міндеттерін тоқтатқан жағдайда, Комиссия отырысына осы қаулыға тиісті өзгерістер енгізілгенге дейін оның орнына тағайындалған тұлға қатысады.
Toggle Dropdown
11-1. Өкілдері Комиссия құрамына қосылмаған мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін мәселелер қаралған жағдайда, Комиссия отырысына қатысу үшін осы мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары шақырылады.
Toggle Dropdown
12. Комиссияның отырыстары ашық болып табылады.
Toggle Dropdown
Төрағаның шешiмi бойынша жабық отырыстар өткiзiлуi мүмкiн.
Toggle Dropdown
13. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Toggle Dropdown
Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Toggle Dropdown
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Toggle Dropdown
Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не келіспеу туралы себептерін негіздей отырып жауап береді.
Toggle Dropdown
14. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
15. Комиссияның төрағасы немесе оның орынбасары отырыстардың күн тәртiбiн, сондай-ақ олардың өткiзiлетiн орны мен уақытын белгiлейдi және нақтылайды.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 22 қыркүйектегi
N 903 қаулысына
қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күші жойылған кейбір шешiмдерiнiң тізбесі
Toggle Dropdown
1. "Қазақстан Республикасының Кеден-тариф саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 1 қарашадағы N 1388 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 38, 489-құжат).
Toggle Dropdown
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 1 қарашадағы N 1388 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 23 сәуiрдегi N 462 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 12, 123-құжат).
Toggle Dropdown
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 1 қарашадағы N 1388 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2002 жылғы 11 қазандағы N 1115 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 34, 367-құжат).
Toggle Dropdown
4. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 1 қарашадағы N 1388 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 2 маусымдағы N 506 қаулысы.
Toggle Dropdown
5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 10 қарашадағы N 1120 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.
Toggle Dropdown
6. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 1 қарашадағы N 1388 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2004 жылғы 2 шiлдедегi N 733 қаулысы.
Toggle Dropdown
7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 1 қарашадағы N 1388 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 13 маусымдағы N 585 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 23, 299-құжат).