• Мое избранное

Отправить по почте

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы N 90 Өкімі

Редакция 12.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес және Қазақстанның мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынуды, оларды есепке алу мен сақтауды ретке келтіру мақсатында:
1. Ұсынылып отырған: 
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулық (N 1 қосымша); 
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілері (N 2 қосымша); 
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасы бекітілсін (N 3 қосымша).
2. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын және олардың құжаттарын сатып алу, есепке алу мен сақтау тәртібі туралы нұсқаулықты әзірлеп, бекітсін.
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 28.05.2013 жылғы № 205 Өкімімен (08.09.2010 ж. редакцияны караңыз)
3. Осы Жарлықтың 2-тармағында көзделген Нұсқаулықтың талаптары мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар үшін, өздеріне қатысты бөліктерінде, міндетті деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасының 
Президенті
N 1 қосымша Қазақстан
 Республикасы Президентінiң
1999 жылғы 8 қарашадағы
N 90 өкiмiмен бекітілді
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртiбi туралы Нұсқаулық
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың тәртібі
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсыну "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. 
Награданың түрi наградтауға ұсынылған адамның сiңiрген еңбегiнiң сипаты мен дәрежесi, ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiлерi - "Алтын Қыран" орденi мен "Халық қаһарманы" және "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарының, Қазақстан Республикасы ордендерiнiң, медальдарының, құрметті атақтары мен Құрмет грамотасының мәртебелерi ескерiле отырып белгіленедi. 
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 01.12.2009. № 278 Өкімімен. (01.12.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
2. "Алтын Қыран" орденiмен наградтауға кандидатураларды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды. 
Өзге мемлекеттік наградалармен наградтау жөнiнде Қазақстан Республикасының Президентiне Қазақстан Республикасының Парламентi, Yкiметi, министрлiктер, агенттіктер, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдар, шығармашылық одақтар мен басқа да ұйымдар ұсыныстар бередi. 
Наградтауға кандидатураларды еңбек ұжымдары қарап, ұсына алады. Бұл жөнiнде награда қағазына жазылады.
3. Дәрежелерi бар наградалардан басқа бiр наградаға екiншi рет қайталап ұсынуға жол берілмейді. 
Көп балалы аналарды наградтауды және қаһармандық ерлік жасауға, қиын-қыстау жағдаяттарға байланысты айрықша жағдайларды қоспағанда, кезекті наградаға бұдан бұрынғы наградтаудан кейiн кемiнде бес жыл өткен соң ғана ұсынуға болады.
3-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 25.03.2007. № 114 өкімімен. (08.11.1999 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Мемлекеттiк наградаға ұсынылушының әрқайсысына белгіленген үлгідегі награда қағазы толтырылады (N 1 және N 2 нысандары қоса беріліп отыр). 
Награда қағазында ( N 1 нысан ) наградталушының жеке басын, оның жұмыс істеген саладағы және осы ұжымдағы жалпы еңбек өтiлiн, сiңiрген нақты еңбегін сипаттайтын деректер, жұмысының тиiмдiлiгi мен сапасы туралы мәлiметтер баяндалады; өндiрiсте еңбек ететiндерге - жұмысының негiзгi нәтижелерi, сондай-ақ ол аталып өтуi мүмкiн награда көрсетіледi. 
Награда қағазына ұйым басшысы қол қояды. 
Бiрiншi басшының награда қағазына жоғары тұрған органның басшылығы қол қояды. 
Награда қағаздары оларға басшылығы қол қойған ұйымдардың мөрлерiмен тиянақталады. Тиiстi наградаға ұсынылған көп балалы анаға белгiленген үлгiдегi награда қағазы ( N 2 нысан ) толтырылады. 
Награда қағаздарын: жұмыс iстейтiн аналарға жұмыс орны, жеке-дара еңбек ететіндер мен жұмыс істемейтiн аналарға жергiлiктi атқарушы органдар толтырады және олардың қойған қолымен және мөрлерiмен куәландырылады. 
Награда қағаздары (N 2 нысан) ана мен балалардың жеке құжаттарының негізiнде толтырылады, ал хабарсыз кеткен немесе "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Заңның 28-бабында көрсетiлген жағдайларда қаза тапқан балаларға анықтамалар немесе тиiстi органдардың басқа да дәлелдейтiн құжаттары ұсынылады. 
Балаларды растайтын анықтамалар бiр жыл iшiнде жарамды. 
Награда қағаздары компьютерлік техниканы қолдана отырып толтырылады. 
"Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына және құрметті атақтарға ұсынылғандардың награда қағаздарымен бірге 3х4 көлемді екі фотосуреті қоса жіберіліп, олардың сыртқы бетіне тектері мен аты-жөні көрсетілуге тиіс. 
Дұрыс толтырылмаған және Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысына дейін отыз күннен кем мерзімде келіп түскен награда құжаттары қарауға қабылданбайды.
4-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 25.03.2007. № 114, 01.12.2009. № 278 Өкімдерімен. (08.11.1999 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Наградтауға кандидатураны еңбек ұжымы ұсынған жағдайда, награда қағазы мен наградтау туралы еңбек ұжымының өтiнiмi келiп түскен материалдарды қарап, ұсыным әзiрлейтiн тиісті атқарушы органдарға немесе министрліктерге, мемлекеттік комитеттерге, шығармашылық одақтарға, қоғамдық ұйымдарға, әскери ведомстволарға және басқа органдарға жiберiледi.
6. Қазақстан Республикасы Президентiнiң атына:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 11.01.2016 жылғы № 169 Жарлығына сәйкес (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.01.2016 жылы № 7 (28739) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 12.08.2023 жылғы № 51 Өкімімен (25.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)
меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың, жергiлiктi мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiне, өңірлік қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерiне – Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкiмдерi;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың тексеру комиссияларының төрағаларына - Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы;
орталық мемлекеттiк органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретін органдардың, республикалық шығармашылық одақтар мен қоғамдық ұйымдардың қызметкерлерiне – осы ұйымдардың басшылары;
орталық мемлекеттiк органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн органдардың бiрiншi басшыларына, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкiмдерi мен мәслихаттарының хатшыларына – Қазақстан Республикасының Парламентi мен Үкiметi ұсынымдар енгізеді.
Наградтауға ұсынылғандардың әрқайсысына ұсыным жеке дайындалады.
7. Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Республикалық ұланның, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметінiң әскери қызметшілерi мен қызметкерлерiн, сондай-ақ осы органдардың азаматтық контингентiн наградтау туралы ұсыныс жасау тәртiбiн осы органдардың басшылығы белгiлейдi.
8. Қазақстан Республикасының шет елдерде жұмыс істейтiн азаматтарын, сондай-ақ шетел азаматтарын және шет елдерде тұратын азаматтығы жоқ адамдарды наградтау туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi немесе республиканың Сыртқы істер министрлiгiмен келiсе отырып, басқа да министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, өзге де орталық мемлекеттік органдар бередi.
8-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 05.05.2017 жылғы № 471 Жарлығымен (11.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)
9. Республика аумағында тұратын шетел азаматтарын наградтауға ұсыну жалпы негiздерде жүргiзiледi.
10. Наградтауды алдын ала қарап, ұсыныстар әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасы Президентінiң жанынан Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi комиссия құрылады. 
Комиссияның наградтау жөнiндегi өтiнімдердi қарау нәтижелерi туралы кандидатураны ұсынған органға ауызша түрде хабарланады. 
Комиссияның наградтау немесе наградтамау жөнiндегi шешiмiне азаматтардың арыздары мен өтiнiштерi қаралмайды.
11. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мемлекеттiк наградалармен наградтау туралы Жарлықтары "Қазақстан Республикасының президентi мен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң актiлер жинағында", республикалық және жергiлiктi баспасөзде жарияланып, теледидар мен радио арқылы беріледi.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларын тапсыру тәртiбi
12. Мемлекеттiк наградаларды тапсыру салтанатты және жария жағдайда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы күшiне енгеннен бастап екi ай мерзiмнен кешiктірмей жүргізіледі.
12-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 12.08.2023 жылғы № 51 Өкімімен (25.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларын Қазақстан Республикасының Президентi тапсырады. 
Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсыруы бойынша мемлекеттiк наградаларды сондай-ақ: 
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі;
- облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, министрлер, Қазақстан Республикасының елшiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi соған уәкiлдiк берген басқа адамдар тапсыра алады.
13. Наградаларды тапсыру Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясында, республикалық, облыстық, қалалық атқарушы органдарында, еңбек ұжымдарының жиналыстарында, сондай-ақ әскери бөлiмдер мен бөлiмшелерде жүргiзiледi. 
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградасы наградталушының жеке өзiне тапсырылады. Награда тапсырылар алдында Қазақстан Республикасы Президентiнiң наградтау туралы Жарлығы жария етiледi.
14. Наградталушының әрқайсысына мемлекеттiк награда табыс етiлуiмен бiр мезгiлде наградталғандығы туралы мынадай құжаттар да:
14-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 15.02.2019 жылғы № 278 Өкімімен (05.05.2017 жылғы редакцияны қараңыз)
- "Алтын Қыран" орденiмен наградталған адамға - орден кiтапшасы; 
- "Халық қаhарманы" атағы берiлген адамға - "Халық қаhарманының" кiтапшасы мен куәлігі;
- "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілген адамға - "Қазақстанның Еңбек Ерінің" кітапшасы мен куәлігі;
- орденмен наградталған адамға - орден кiтапшасы; 
- медальмен наградталған адамға - медальдiң куәлiгi; 
- құрметтi атақ берiлген адамға - құрметтi атақтың куәлiгi берiледi. 
Көп балалы анаға наградамен бiрге орден кiтапшасы табыс етiледі.
15. Барлық награда құжаттары Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде толтырылады.
15-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 15.02.2019 жылғы № 278 Өкімімен (05.05.2017 жылғы редакцияны қараңыз)
Наградтау туралы құжаттар мерзiмсiз болып табылады. Наградтау туралы құжатқа қандай да бiр түзету енгiзуге болмайды. Наградталушының тегi, аты, әкесiнiң аты өзгеруiне байланысты наградтау туралы құжат айырбастауға жатпайды. 
"Халық қаһарманының", "Қазақстанның Еңбек Ерінің" куәліктеріне және құрметтi атақтардың куәлiктерiне наградталушылардың фотосуреттерi жапсырылып, олар мөрмен куәландырылады.
16. Мемлекеттік награда тапсырылғанға дейін награда тапсырылатын жерде наградталғандардың тізім ( N 3 нысан ) толтырылады, оған награда тапсырылғаннан кейін оны алғаны туралы наградталушы жеке өзі қол қояды. 
Тізім награданы тапсырған адамның қойған қолымен және оны тапсырған органның мөрімен бекітіледі. 
Наградталушының тегін, атын, әкесiнiң атын жазуда әрiп айырмашылығы байқалған жағдайда түзету актiсi ( N 6 нысан ) жасалып, оған жергiлiктi атқарушы орган басшысының қолы қойылып, тапсыру хаттамасына тiркеледi.
16-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 25.03.2007. № 114 өкімімен. (08.11.1999 жылғы редакцияны қараңыз)
17. Мемлекеттiк награда тапсырылып болғаннан кейiн тапсыру хаттамасы ( N 4 нысан ) жасалып, ол награда тапсырған адамның қойған қолымен, тапсырған органның мөрiмен бекiтiледi. 
Наградталушы қайтыс болып, мемлекеттік награда оған тiрi кезiнде тапсырылмаған жағдайда немесе ол қайтыс болғаннан кейiн наградталса, награда мен оның құжаттары естелiк ретінде сақтау үшiн наградталушының отбасына берiледi. Бұл жөнiнде хаттама рәсiмделiп ( N 5 нысан ), ол Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгіне жiберiледi. 
Егер наградталушы сырқаттығына, мүгедектiгіне байланысты тапсыруға келе алмаған жағдайда оған награда оның үйiнде немесе ол емделiп жатқан мекемеде тапсырылуы мүмкiн. 
Наградталушының мекен-жайы өзгерген жағдайда (облыстан, республикадан тысқары жерге кетуiне байланысты) жергiлiктi жерлерде награда тапсырудың мүмкiндiгі болмаған наградталушылардың тiзiмi жасалып (N 7 нысан), Қазақстан Республикасы Президентінiң Әкiмшiлiгіне жiберiледi.
18. Мемлекеттік наградаларды жергілікті жерде тапсыруды ұйымдастыру мен өткiзу жауапкершiлiгi облыстық, Астана және Алматы қалаларының атқарушы органдарына жүктеледi.
19. Қазақстан Республикасының ордендерiн, медальдарын және басқа да ерекшелiк белгiлерiн тағып жүрудiң тәртiбi "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32 және 33-баптарының шарттарымен реттеледi. 
Наградталушыда бұрынғы КСРО мен басқа шет мемлекеттердiң мемлекеттік наградалары бар болған жағдайда, КСРО мен шет мемлекеттердiң наградалары Қазақстан Республикасының наградаларынан кейiн, жоғарыда аталған Заңның 11 және 18-баптарында белгiленген ретпен орналастырылады. 
Наградталған адамдар ордендер мен медальдардың орнына наградалардың белгіленген үлгiдегi символдарын таға алады.
20. Қажет болған жағдайда наградаға құқықты қалпына келтiру наградтауға ұсыныс беруге құқылы органдардың өтiнiмi бойынша жүзеге асырылады. 
Мемлекеттiк наградалар мен олардың құжаттарының көшiрмелерiн беру тәртiбi "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының шарттарымен реттеледi. Қажет болған жағдайда наградталушы жоғалғандарының орнына наградалар мен олардың құжаттарының көшiрмелерiн беру жөнiнде жергiлiктi атқарушы органға өтініш беруiне болады. Өтiнiшке наградталғандығы туралы құжат, жоғалу жағдаяттары жөнiндегi мемлекеттiк органның немесе мекеменiң құжаты қоса тiркеледi. Жергілiктi атқарушы орган өтiнiштi қарағаннан кейiн, өз шешiмiн, наградталушының өтiнiшi мен оған тiркелген құжаттарды қарап, Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi комиссияға ұсыныс беру үшiн облыстық атқарушы органға жiбередi. 
Наградтау туралы құжаттың көшiрмесi қолданылып жүрген бланкiге толтырылып, оған "көшiрме" деген сөз жазылады.
21. Жарамсыз күйге түскен мемлекеттік наградалар мен наградтау туралы құжаттарды айырбастау айрықша жағдайларда ғана, бүлiнген белгі мен оның құжаты қоса жiберiлген, наградталушының өтiнiшi және жергілiктi атқарушы органның өтiнiмi бойынша Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi комиссияның шешімімен жүргізілуі мүмкін.
N 1 нысан
Қазақстан Республикасы ____________________ (облысы)
1-нысан өзгертілді ҚР Президентінің 28.05.2013 жылғы № 205 Өкімімен (08.09.2010 ж. редакцияны караңыз)
Награда қағазы
1. Тегі, аты, әкесінің аты
_____________________________________________________________________
2. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) __________________________________
3. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны (кәсіпорын, мекеме, ұйым бөлімшесінің атауы дәл көрсетілуі керек)
_____________________________________________________________________
4. Жынысы ___________ 5. Туған жылы мен туған жері __________________
6. Ұлты _____________________________________________________________
7. Білімі ___________________________________________________________
8. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ____________________________________
9. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен наградталған және наградталған уақыты:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
10. Үйінің мекенжай _________________________________________________
11. Жалпы жұмыс өтілі ___________ 12. Саладағы жұмыс өтілі___________
13. Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі ________________________________
14. Наградталушының нақты айрықша еңбегін сипаттайтын мінездеме:

Кандидатура
_____________________________________________________________________
(кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның атауы
_____________________________________________________________________
            талқылау болған уақыт, хаттаманың №)_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ талқыланып, ұсынылған.
Мына наградаға ұсынылады ____________________________________________
                                       (награданың түрі)

Кәсіпорынның, мекеменің,              Облыстық, республикалық
ұйымның басшысы                       атқарушы органның басшысы
___________________________           _______________________________
      (тегі, аты-жөні)                        (тегі, аты-жөні)
___________________________           _______________________________
      (қолы)                                   (қолы)

      М.О.                              М.О.

________ жылғы «______» ___________
      (толтырылған айы, күні)

      Ескертпе: наградталушының тегі, аты және әкесінің аты жеке басының куәлігі бойынша толтырылып, қазақ және орыс тілдеріндегі транскрипциясы міндетті түрде көрсетіледі.
N 2 нысан       
Қазақстан Республикасы 
______________________ 
   (облысы)
2-нысан өзгертілді ҚР Президентінің 28.05.2013 жылғы № 205 Өкімімен (08.09.2010 ж. редакцияны караңыз)
Мемлекеттік наградаға ұсынылған көп балалы анаға арналған
Награда қағазы
1. Тегі, аты, әкесінің аты
_____________________________________________________________________
2. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)___________________________________
3. Туған жылы ___________ Туған жері_________________________________
4. Ұлты _____________________________________________________________
5. Лауазымы мен жұмыс орны __________________________________________
6. Көп бала тәрбиелеп өсіргені үшін бұрын қандай наградалармен
наградталды
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
7. Ананың балалары жөніндегі мәліметтер:

 
р/с
N
Тегі,
Аты

Әкесінің аты


Туған жылы


Балалар казір қайда тұрады


1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. Соңғы баланың туған жылы мен айы _________________________________ 9. Ананың үйінің мекенжайы __________________________________________ 10. _______________________________________________________ ұсынылады (награданың түрі) Көп балалы ананың отбасы мен балаларына ҚЫСҚАША МІНЕЗДЕМЕ ________________________________ _______________________ Кәсіпорын, мекеме, жергілікті (тегі, аты-жөні) атқарушы орган басшысының қолы М.О. (қатыстылығына қарай) Атқарушы органның шешімі ____________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ ___________________________ __________________________ Аудандық (қалалық) атқарушы (тегі, аты-жөні) орган басшысының қолы М.О. ________ жылғы «______» ___________ (толтырылған айы, күні)
Ескертпе: наградталушының тегі, аты және әкесінің аты жеке басының куәлігі бойынша толтырылып, қазақ және орыс тілдеріндегі транскрипциясы міндетті түрде көрсетіледі.
N 3 Нысан
Қазақстан Республикасы
_____________________
 облысы
__________________________          ___________________________ 
награда тапсырылған орын            награда тапсырылған уақыт 
(облыс, қала, аудан)
Қазақстан Республикасы Президентінің 200 __ жылғы ___________ N ____ Жарлығы бойынша НАГРАДТАЛҒАНДАРДЫҢ ТІЗІМІ
р/с
N
Тегі,
аты,
әкесі-
нің аты
Награ-
даның
түрі
Орденнің,
Алтын
жұлдыздың
нөмірі
Орден кітапшасы-
ның, медаль, құр-
метті атақ куә-
лігінің нөмірі
Наград-
талушы-
ның
қолы
1 2 3 4 5 6
Мәліметтердің дұрыстығын және наградталушының 
қойған қолын растаймын

______________________________________________ 
  (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы) 
______________________________________________ 
                (қолы)

М.О. 
      "___"_______________ __ж.
N 4 Нысан        
Қазақстан Республикасы  
_____________________  
     облысы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік 
наградаларын тапсырудың 
Хаттамасы
___________________         _____________________ 
      тапсырылған орны            тапсырылған уақыты

      Мен, ________________________________________________________ 
                        тапсырушының қызметі, тегі, аты-жөні 
_________________________________________________________________ 
      Қазақстан Республикасы Президентінің атынан наградталғандарға 
      мемлекеттік наградаларды тапсырдым:

Қазақстан Республикасы Президентінің       
__________________________ Жарлығы         
бойынша                           

                          награданың түрі

      ________________________________      _______________________ 
      Тегі, аты-жөні (Жарлық бойынша)       қызметі (Жарлық бойынша)

      М.О. 
                               ___________________________ 
                                  (тапсырушының қолы)
N 5 Нысан       
Қазақстан Республикасы 
____________________ 
(облысы)
Қайтыс болған наградталушының отбасына мемлекеттік награданы табыс етудің (қайтыс болғаннан кейін) Хаттамасы
_____________________________ 
          тапсырылған күні

      Мен,__________________________________________________________ 
                  (табыс етушінің қызметі, тегі мен аты-жөні) 
_________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Президентінің ______ жылғы "____"_____ 
      Жарлығы бойынша марқұм (қайтыс болғаннан кейін) _____________ 
___________________________________________________________________ 
           наградталушының тегі, аты, әкесінің аты 
___________________________________________________________________ 
                  награданың, құжаттың түрі 
оның ____________________________________________________________ 
        еріне, әйеліне, ұлына, қызына, асыраушысына, қамқоршысына, 
_________________________________________________________________ 
         әкесіне, анасына, ағасына, інісіне, әпкесіне, қарындасына 
_________________________________________________________________ 
                   тегі, аты, әкесінің аты 
     табыс еттім.

     ____________________ 
     (табыс етушінің қолы)

     М.О.
N 6 Нысан        
Қазақстан Республикасы  
_____________________  
(облысы)
Наградталушылардың тектеріне, аттары мен әкесінің аттарына түзетулер енгізу туралы Акт
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын тапсыруға әзірлік кезінде мынадай айырмашылықтар анықталды:
Қазақстан Республикасы        
Президентінің                 
_____________________ Жарлығы
награданың түрі
Былай болып кеткен:            Былай болуға тиіс:

                                  ______________________ 
                                        Әкім
N 7 Нысан         
Қазақстан Республикасы   
______________________    
(облысы)
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен наградталып, бірақ мемлекеттік наградаларды тапсырудың мүмкіндігі болмаған адамдардың Тізімі
_________________________________________________________________ 
NN  Наградталушының  Жарлықтың  Награданың  Тапсырылмау себептері 
р/с  тегі, аты-жөні  шыққан     түрі        мен жаңа мекен-жайы 
                     уақыты мен 
                     нөмірі _________________________________________________________________

                                       Кеткен жері 
                                      (мекен-жайы) 
                                       Қайтыс болған (туыстары жоқ) 
                                       Шетелге іссапарға кеткен 
                                       (оралу мерзімі) 
                                       Әскери қызметке шақырылған

_________________________________________________________________

     Көрсетілген наградаларды ___________________________________ 
                                        (облысы) 
     облысының есебінен шығаруды сұраймыз.

                                         Әкім
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілері (2-қосымша) осы өкіммен қоса берілмеген.
2-қосымша өзгертілді ҚР Президентінің 15.02.2019 жылғы № 278 Өкімімен (05.05.2017 жылғы редакцияны қараңыз)
3-қосымша
3-қосымша өзгертілді ҚР Президентінің 25.05.2020 жылғы № 109 Өкімімен (15.02.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасы (3-қосымша) осы өкіммен қоса берілмеген.
"Қазақстанның Еңбек Ері" Алтын жұлдызы
3-қосымша сипаттамамен толықтырылды ҚР Президентінің 01.12.2008 жылғы № 278 Өкіміне сәйкес
Айрықша ерекшелік белгісі - "Қазақстанның Еңбек Ері" Алтын жұлдызы ордендік тағанға жалғастырушы шығыршалар арқылы бекітілген алқа. Алқа алтынның қорытпасынан жеті сәулелі көлемді жұлдыз түрінде орындалған. Оның бет жағы көтеріңкі, тегіс екі қырлы сәулелері бар, алмас қырларын еске салатын бедерлі суретпен әрленген.
Жұлдыздың ортасында төменгі жағы бедерлі лентамен аяқталатын бидай масағының гүлдестесімен көмкерілген шеңбер орналасқан. Шеңбердің ортасында ашық кітап орналасқан, оның оң жақ бетінде металл балқымасымен металлургиялық шөміштің көлемді бейнесі, сол жақ бетінде - компьютердің көлемді бейнесі көрініс тапқан.
Жұлдыздың сәулелері бойымен тереңдетілген бедерлі сыртқы бетіндегі ойықтың тегіс орталық бөлігінде "Қазақстанның Еңбек Ері" жазуы орналасқан. Жұлдыздың жоғарғы сәулесінің ұшында - тұтас ойылған көзді құлақша бар.
"Қазақстанның Еңбек Ері" Алтын жұлдызының тағаны Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы түстес қатқал лентамен қапталған бес бұрышты металл жапырақшасы пішіндес. Тағанның биіктігі 41 мм, ені 34 мм. 
Қатқыл лентаның үстіне, тағанды бойлай сәуле түріндегі жапсырма орнатылған, оның төменгі бөлігіне түссіз фианит бекітілген.
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" ордені
Сипаттама жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 08.09.2010 жылғы № 436 Өкіміне сәйкес
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" ордені жұлдыздан және иыққа асылатын лентадағы орден белгісінен тұрады.
Орден жұлдызы оюланған он алты ұшты жұлдызды болып келеді, оның беті сипатталған диаметрі 75 мм. сатылы таралған сәулелер түрінде орындалған.
Ортаңғы шеңберде көк түсті зергерлік эмаль аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бедерлі қырынан қараған кескіні орналасқан.
Кескін ақ түсті зергерлік эмаль аясында, айналдыра "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" жазуы жазылған қондырмалы сақинамен көмкерілген. Сақина айналдыра бүктемелерінің арасына 8 табиғи лағыл бекітілген лентамен сәнделген.
Сырт жағында жұлдызды киімге бекіту үшін визорлы бекітпелі түйреуіш орналасқан.
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденінің белгісі оюланған сегіз ұшты жұлдызды болып келеді, оның негізі сипатталған диаметрі 65 мм. ортадан таралған сәулелер түрінде орындалған.
Ортаңғы шеңберде ақ түсті зергерлік эмаль аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың монограммасы орналасқан.
Монограмма лавр жапырақтары бейнеленген бедерлі гүлтәжбен және ақ түсті зергерлік эмаль аясында, айналдыра "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" жазуы жазылған жапсырмалы сақинамен көмкерілген. Сақина айналдыра бүктемелерінің арасына 8 табиғи лағыл бекітілген лентамен сәнделген. Жазулы сақина, лағылды лента және ұштарына қарай ұзартыла таралған сегіз сәуле "Жұлдыз" қондырмасын қалыптайды. Сегіз ұшты жұлдызды жасайтын сәулелердің ортасында, әр сәуледе 3 данадан гауһар орналасқан. "Жұлдыз" қондырмасының сәулелеріне ақ түсті зергерлік эмаль жалатылған.
Орденнің сырт жағында жапсырмалы қақпақ бекітілген, онда орденнің рет нөмірі нақышталған.
Орден карабинді сақина арқылы иық лентасына жалғасқан. Иық лентасы ені 100 мм көк түсті муарлы матадан жасалған.
Жұлдыз және орден белгісі 750 сынамалы алтыннан жасалған.
«Еңбек Даңқы» (Трудовая Слава) ордені
3-қосымша сипаттамамен толықтырылды ҚР Президентінің 31.03.2015 жылғы № 353 Өкіміне сәйкес
«Еңбек Даңқы» ордені үш дәрежеден тұрады.
І дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің белгісі дұрыс бесбұрышты нақышталған жұлдыз болып табылады. Жұлдыз сәулелерінің жиегі көрнекі дөңес ернеумен безендірілген. Жұлдыз сәулелерінің орталарына мөлдір лағыл эмаль жағылған, оның астында ромб тәрізді бұдырлы өрнек жарқырайды. Жұлдыз сәулелерінің арасынан үшқұлақ түрінде ұлттық оюмен күлтелер орналасқан.
Бесбұрышты жұлдыздың ортасында диаметрі 14 мм дөңгелек қалқан түрінде жапсырма орналасқан. Қалқан ортасында мөлдір лағыл эмаль аясында «Еңбек Даңқы» деген жазу орналасқан. Қалқан астын көгілдір эмаль жағылған лента мен геральдикалық қалқан алып жатыр. Геральдикалық қалқанда, мөлдір лағыл эмаль аясында орден дәрежесінің белгілеуі - «I» рим саны орналасқан.
Орден белгісінің диаметрі 45 мм, алтын жалатылған күмістен жасалған.
Орден белгісі құлақша мен екі шынжырша арқылы тікбұрышты нысандағы тағанмен біріктіріледі. Таған биіктігі 22 мм, ені 37 мм, белгіні бекітетін екі шығыршық бар. Таған үстіне екі қызыл айқаспалы жолағы бар көгілдір эмаль жағылған.
Тағанның артқы жағында визорлық ілгегі бар түйреуіш орнатылған, оның көмегімен бұйым киімге тағылады.
Бұйымдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңес, жылтыр.
Жұлдыздың артқы жағында реттік нөмір түсірілген.
ІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің белгісі дұрыс бесбұрышты нақышталған жұлдыз болып табылады. Жұлдыз сәулелерінің арасынан алтын түсті үшқұлақ түрінде ұлттық оюмен күлтелер орналасқан. Бесбұрышты жұлдыздың ортасында диаметрі 14 мм дөңгелек қалқан түрінде алтын түсті жапсырма орналасқан. Қалқан ортасында мөлдір лағыл эмаль аясында «Еңбек Даңқы» деген жазу орналасқан. Қалқан астын көгілдір эмаль жағылған лента мен геральдикалық қалқан алып жатыр. Геральдикалық қалқанда, мөлдір лағыл эмаль аясында орден дәрежесінің белгілеуі «II» рим саны орналасқан.
Орден белгісінің диаметрі 45 мм, алтынмен әрлеп күмістен жасалған.
Орден белгісі құлақша мен екі шынжырша арқылы тікбұрышты нысандағы тағанмен біріктіріледі. Таған биіктігі 22 мм, ені 37 мм, белгіні бекітетін екі шығыршық бар. Таған үстіне төрт қызыл айқаспалы жолағы бар көгілдір эмаль жағылған.
Тағанның артқы жағында визорлық ілгегі бар түйреуіш орнатылған, оның көмегімен бұйым киімге тағылады.
Бұйымдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңес, жылтыр.
Жұлдыздың артқы жағында реттік нөмір түсірілген.
III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің белгісі дұрыс бесбұрышты нақышталған жұлдыз болып табылады. Бесбұрышты жұлдыздың ортасында диаметрі 14 мм дөңгелек қалқан түрінде жапсырма орналасқан. Қалқан ортасында мөлдір лағыл эмаль аясында «Еңбек Даңқы» деген жазу орналасқан. Қалқан астын көгілдір эмаль жағылған лента мен геральдикалық қалқан алып жатыр. Геральдикалық қалқанда, мөлдір лағыл эмаль аясында орден дәрежесінің белгілеуі - «III» рим саны орналасқан.
Орден белгісінің диаметрі 45 мм, күмістен жасалған.
Орден белгісі құлақша мен екі шынжырша арқылы тікбұрышты нысандағы тағанмен біріктіріледі. Таған биіктігі 22 мм, ені 37 мм, белгіні бекітетін екі шығыршық бар. Таған үстіне алты қызыл айқаспалы жолағы бар көгілдір эмаль жағылған.
Тағанның артқы жағында визорлық ілгегі бар түйреуіш орнатылған, оның көмегімен бұйым киімге тағылады.
Бұйымдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңес, жылтыр.
Жұлдыздың артқы жағында реттік нөмір түсірілген.
"Отан" ордені
Сипаттама жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 28.05.2015 жылғы № 4 Өкіміне сәйкес
"Отан" ордені белгіден және тағаннан тұрады.
Орден белгісі көлемі 45x47 мм болатын ою-өрнекті сопақша түрінде. Ортасында жан-жаққа таралған сәулелердің аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орналасқан.
Сопақшаның шеткі жағы - лавр гүлтәжімен, төменде "үшқұлақ" түріндегі өсімдік оюмен көмкерілген. Гүлтэж қызыл түсті баумен оралған, бауда "ОТАН" деген жазу бар. Сопақшаның және елтаңбаның аясы көгілдір түсті мөлдір эмаль жағылған, шығыңқы бедері алтынмен жалатылған.
Орден күмістен жасалады.
Бұйымдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңес, жылтыр.
Орден белгісі құлақша мен шығыршық арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес қатқыл лентамен тартылған ені 34 мм болатын тағанға бекітіледі. Лентаның ортасымен ені 3 мм қызыл жолақ өтеді, сондай-ақ ені 2 мм екі қызыл жолақ ортадағы жолақтың шетінен 2 мм аралықта орналасқан.
Тағанның артқы жағында визорлық ілгегі бар түйреуіш орнатылған, оның көмегімен бұйым киімге тағылады.
Орденнің артқы жағында реттік нөмір түсірілген.
“Қазақстанның енбек сіңірген ұстазы” төсбелгісі диаметрі 28 мм, қалыңдығы 2 мм шеңбер нысанындағы жезден дайындалады. Төсбелгінің беткі жағында екі шеңбер (қазақ даласының символы) және Руб-әл-Хизб (сабақтастық пен философияның символы ретінде) нақышталған.
Ортада ашылған кітаптың бейнесі орналасқан, оның орта сында геральдикалық сәулелер түскен (педагогтер еңбек ететін оқу-ағартудың символы ретінде) күннің бейнесі бар.
Төсбелгінің сыртқы жағында “Қазақстан Республикасы” деген жазу орналасқан.
Төсбелгі құлақша мен шығыршық арқылы көгілдір және қызыл түсті қатқыл лентамен қапталған ені 25 мм және биіктігі 15 мм тікбұрышты тағанмен жалғанады.
Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуішпен бекітіледі.
"Ел бірлігі" (Единство народа) ордені
3-қосымша сипаттамамен толықтырылды ҚР Президентінің 12.08.2023 жылғы № 51 Өкімімен
         "Ел бірлігі" ордені диаметрі 50 мм қос қабатты сегіз бұрышты жұлдыз пішінінде болады.
         Орденнің беткі жағының ортасында аясына көгілдір түсті эмаль құйылған шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбезді бөлігі) бейнесі орналасқан.
         Шаңырақты айнала күн сәулесі түрінде уықтар тараған.
         Шаңырақты айнала көгілдір түстің аясында "қошқар мүйіз" оюы орналасқан.
         Шаңырақтың астында аясына көк түсті зергерлік эмаль құйылған лентада жарты шеңбер бойымен "ЕЛ БІРЛІГІ" деген жазу жазылған.
         Аверстің аясы жылтыр, бедері шығыңқы жылтыр.
         Орден ақ түсті металдан (алтын жалатылған күміс қорытпасы) жасалған.
         Орденнің сыртқы жағы күңгірт және жарты шеңбер бойымен "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу бар.
         Орденнің сыртқы жағының төменгі бөлігінде жылтыр, шығыңқы алаңша бар, оған реттік нөмір жазылған.
         Қондырма:
         ақ түсті металл (алтын жалатылған 999 сынамалы күміс қорытпасы).
         Ендірме:
         диаметрі 2,5 мм фианит - 8 дана.
         Орден бір көк жолағы және екі қызғылт сары жолағы бар, ені 34 мм көгілдір түсті жібек қатқыл лентамен қапталған алтыбұрышты сары түсті металл (жез) тағанға құлақша мен шығыршық арқылы бекітілген.
         Орден киімге визорлы бекіткіші бар түйреуішпен бекітіледі.