• Мое избранное
Екінші деңгейдегі банктердің және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 16.12.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Екінші деңгейдегі банктердің және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 24 желтоқсан N 152 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 22 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5109 болып енгізілді

Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 жылғы № 109 Қаулысына сәйкес
Редакция 20.10.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Екінші деңгейдегі банктердің және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының бухгалтерлік есебін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.): 
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын; 
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, екінші деңгейдегі банктерге және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамына жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары  Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.
Ұлттық Банк Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2007 жылғы 24 желтоқсандағы
N 152 қаулысымен бекітілген
Екінші деңгейдегі банктердің және "Қазақстан Даму банкі" акционерлік қоғамының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулық
Бүкіл мәтін бойынша: тараулар параграфтардың тақырыптарының нөмірлері алдында "§" белгімен толықтырылды, «Саудаға арналған», «саудаға арналған» сөздер тиісінше «Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын», «әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын» сөздермен ауыстырылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2009. № 80, 31.01.2011 № 4 (24.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулыларымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2013 жылғы № 63 Қаулысына сәйкес (31.01.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.06.2013 жылы „ Заң газеті„ газетінде жарияланды
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2016 жылғы № 279 Қаулысына сәйкес (25.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Екінші деңгейдегі банктердің және «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 тіркелген «Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының және бұдан бұрын еншілес банк болған заңды тұлғаның (бұдан әрі – банктер) бухгалтерлік есеп жүргізуін нақтылайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2013 жылғы № 63 Қаулысына сәйкес (31.01.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.06.2013 жылы „ Заң газеті„ газетінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2016 жылғы № 279 Қаулысына сәйкес (25.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Осы Нұсқаулықта 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде (Жалпы бөлім), 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Ерекше бөлім), «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» 1997 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1015 тіркелген «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң вексельдер есебiн жүргiзу ережесiн бекіту жөнінде» 1999 жылғы 15 қарашадағы № 396 және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13071 тіркелген «Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізуі қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 261 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулыларында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2016 жылғы № 279 Қаулысына сәйкес (25.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) дисконт (жеңілдік) – қаржы активінің/міндеттемесінің бастапқы құны (есептелген сыйақыны қоспағанда) және инвестор (сатып алушы) үшін болашақ кезеңдердің кірістерін/шығыстарын құрайтын өтеу сомасы арасында туындайтын теріс айырма сомасы;
2) кредиттік дериватив – активті жеке сатуды қолдамай, актив бойынша кредиттік тәуекелді бір тараптан (бенефициардан) басқа тарапқа (гарантқа) ауыстыруға мүмкіндік беретін қаржы құралы;
3) кредиттік-дефолт свопы – екіжақты қаржы құралы, мұнда бірінші тарап (кредиттік-дефолт свопы мәмілесі бойынша сатып алушы) кезеңдік төлемдерді басқа тарапқа (кредиттік-дефолт свопы мәмілесі бойынша сатушыға) кредиттік жағдайдың басталуына негізделген төлемге айырбас ретінде жүргізеді;
4) сыйлықақы – қаржы активінің/міндеттемесінің бастапқы құны (есептелген сыйақыны қоспағанда) және инвестор (сатып алушы) үшін болашақ кезеңдердің шығыстарын/кірістерін құрайтын өтеу сомасы арасында туындайтын оң айырма сомасы;
5) сыйлықақы немесе дисконт (жеңілдік) амортизациясы – сыйлықақының немесе дисконттың (жеңілдіктің) сомасын пайыздың тиімді мөлшерлемесі әдісін пайдалана отырып банктің кірістеріне немесе шығыстарына біртіндеп жатқызу.
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2009. № 80 Қаулысымен (24.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 жылғы № 252 Қаулысына сәйкес (28.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. Банктер жасайтын операциялардың бухгалтерлік есебі халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының және осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Осы Нұсқаулықта халықаралық қаржылық есептілік талаптарына сәйкес мәміле жасау күнгі және мәміле бойынша есеп айырысу күнгі қаржы активтерін сатып алудың және сатудың үлгі мәмілелерін есепке алу әдістері қолданылады. Осы тармақта көрсетілген қаржы активтерін сатып алудың және сатудың үлгі мәмілелерін есепке алу әдістерінің бірін таңдау банктің есеп саясатында айқындалады.
5. Банктің бухгалтерлік есеп жүргізуді реттейтін ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына қайшы келмейтін бөлігінде банкішілік транзиттік шоттарды пайдалануға және қосымша бухгалтерлік жазбалар жасауға жол беріледі.
5-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.2011 № 4 Қаулысымен (24.08.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2013 жылғы № 63 Қаулысына сәйкес (31.01.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.06.2013 жылы „ Заң газеті„ газетінде жарияланды
Шетел валютасын, қаржы құралдарын, тазартылған бағалы металдарды, туынды қаржы құралдарын және басқа да активтерді валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамының өзгеруіне немесе олардың әділ құнының өзгеруіне байланысты қайта бағалаудан болған кірістердің және шығыстардың сомаларын өткізілген және (немесе) өткізілмеген кірістер және (немесе) шығыстар деп бөлместен банктің жүргізілетін операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізуді реттейтін ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен көрсетуге жол беріледі.
Банктің шетел валютасымен және тазартылған бағалы металдарымен операцияларды бухгалтерлік есепте шетел валютасының және тазартылған бағалы металдардың валюталық позициясы және қарсы құны шоттарын пайдаланбастан көрсетуге мүмкіндік беретін автоматтандырылған қосалқы есеп болған кезде, шетел валютасындағы операциялардың сомаларын жоғарыда көрсетілген шоттарды пайдаланбастан көрсетуге жол беріледі.
Сыйақы түріндегі кірістер мен шығыстар 9 «Қаржы құралдары» халықаралық қаржылық есептілік стандартына (IFRS) сәйкес пайыздың тиімді мөлшерлемесі әдісі пайдаланыла отырып танылады.
5-тармақтың төртінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 жылғы № 252 Қаулысына сәйкес (28.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тарау. Шетел валютасындағы және тазартылған бағалы металдардағы активтер мен міндеттемелерді қайта бағалау жөніндегі операциялардың бухгалтерлік есебі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2013 жылғы № 63 Қаулысына сәйкес (31.01.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.06.2013 жылы „ Заң газеті„ газетінде жарияланды
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2016 жылғы № 279 Қаулысына сәйкес (25.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6. Активтерді және шетел валютасындағы міндеттемелерді қайта бағалау банктің есеп саясатында белгіленген кезеңділікпен және тәртіпте жүзеге асырылады.
7. Шетел валютасындағы активтерді 21 «Валюталардың айырбастау бағамдарының өзгеруінің әсері» халықаралық қаржылық есептілік стандартына (IAS) сәйкес қайта бағалау кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 жылғы № 252 Қаулысына сәйкес (28.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) оң бағамдық айырма сомасына:
Дт 1859 «Шетел валютасының теңгемен (валюталық ұзақ позицияның) қарсы құны»
Кт 4703 «Шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кірістер»,
сондай-ақ өзге жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша әділ құнды түзету бойынша оң бағамдық айырма сомасына:
Дт 1456 «Өзге жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздардың әділ құнын оң түзету шоты»
1457 «Өзге жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздардың әділ құнын теріс түзету шоты»
Кт 3561 «Өзге жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздардың құнын қайта бағалау резервтері»;
2) теріс бағамдық айырма сомасына:
Дт 5703 «Шетел валютасын қайта бағалаудан болған шығыстар»
Кт 2859 «Шетел валютасының теңгемен (валюталық қысқа позицияның) қарсы құны»,
сондай-ақ өзге жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша әділ құнды түзету бойынша теріс бағамдық айырма сомасына:
Дт 3561 «Өзге жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздардың құнын қайта бағалау резервтері»
Кт 1456 «Өзге жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздардың әділ құнын оң түзету шоты»
1457 «Өзге жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздардың әділ құнын теріс түзету шоты».
Шетел валютасындағы активтерді 21 «Валюталардың айырбастау бағамдарының өзгеруінің әсері» халықаралық қаржылық есептілік стандартына (IAS) сәйкес қайта бағалау кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) оң бағамдық айырма сомасына:
Дт 5703 «Шетел валютасын қайта бағалаудан болған шығыстар»
Кт 2859 «Шетел валютасының теңгемен (валюталық қысқа позицияның) қарсы құны»;
2) теріс бағамдық айырма сомасына:
Дт 1859 «Шетел валютасының теңгемен (валюталық ұзақ позицияның) қарсы құны»
Кт 4703 «Шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кірістер».