• Мое избранное

Отправить по почте

Тұтыну нарығындағы бағаны тұрақтандырудың жекелеген мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы N 17 Қаулысы

Редакция 31.07.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Нарыққа реттеушілік ықпал жасау мақсатында 2008 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға көзделген резервінен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сатып алуға, сақтауға, тасымалдауға және шығаруға 1 270 188 800 (бір миллиард екі жүз жетпіс миллион бір жүз сексен сегіз мың сегіз жүз) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.07.2008 жылғы № 702 Қаулысымен (19.02.2008 ж. редакцияны қараңыз)
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.07.2014 жылғы № 860 Қаулысымен (17.07.2008 ж. редакцияны қараңыз)
4. Орталық атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 15 қаңтардағы
N 17 қаулысына
қосымша
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.02.2008 жылғы № 159-1 Қаулысымен (15.01.2008 ж. редакцияны қараңыз)
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.07.2008 жылғы № 702 Қаулысымен (19.02.2008 ж. редакцияны қараңыз)
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының тізбесі мен көлемі
 
Р/с
N
Материалдық
құндылық-
тардың
атауы
Өлш.
бірл.
Сақ-
тау
мер-
зімі,
жыл-
дар-
мен
Болжамды
сақтау
көлемі
DDP
ИНКО-
ТЕРМС
2000
шартын-
дағы
бағасы
(теңге/
өлш.
бірл.)
Ақша
қара-
жатын
пайда-
лану,
теңге-
мен
Өнді-
руші
ел
1 Өсімдік майы
(тазартыл-
ған, шөлмек-
ке құйылған)
мың л. 1 2 078,97 293 000 609 138 210 им-
порт
2 Жарма
(күріш)
тн 1 2 482,35 81 500 202 311 525
3 Қант тн 5-8 5 275 84 500 445 737 500 им-
порт
БАРЛЫҒЫ 9 836,32 1 257 187 235
Ескертпе:
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда қызметін реттеу комитеті кестеде көрсетілген тауарлардың апталық қажеттілігін берді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген (1270188800,00 (бір миллиард екі жүз жетпіс миллион бір жүз сексен сегіз мың сегіз жүз теңге) қаражаттан материалдық құндылықтарды сақтауға, орнын ауыстыруға және шығаруға 13001565,00 теңге пайдалану көзделіп отыр.