• Мое избранное
Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 26.05.2014 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 10

Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі N 545 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 24.06.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 26.05.2014 жылғы № 541 Қаулысына сәйкес
Редакция 31.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Мемлекеттік органның бірінші басшысының А.Ж.Т. қолы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 153-бабының 8-тармағына, 154-бабының 12-тармағына, 157-бабының 10-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесі бекітілсін. 
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 
1) "Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қарау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы N 245 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 12, 135-құжат); 
2) "Басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбелерін қалыптастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы N 247 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 12, 137-құжат). 
  • 1
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                             К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 17 сәуірдегі
N 545 қаулысымен
бекітілген
Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесі
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.06.2012 жылғы № 861 Қаулысымен (15.09.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.12.2012 жылғы № 1566 Қаулысымен (27.06.2012 ж. редакцияны қараңыз)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 153-бабының 8-тармағына, 154-бабының 13-тармағына, 157-бабының 10-тармағына сәйкес әзірленді және мыналарды:
1) бюджеттік инвестициялық, оның ішінде техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу, қарау және іріктеу;
2) бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу;
3) техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу;
4) сметалық құнын ұлғайту болжанатын бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу;
5) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды мониторингілеу және бағалауды жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі – бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган;
2) инвестициялық ұсыныс – тиісті іс-шаралардың жиынтығын қоса алғанда, оның мақсатын, оған қол жеткізу жолдарын көрсететін, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері әзірлейтін бюджеттік инвестициялық жобаның тұжырымдамасы;
3) бюджеттік инвестициялық жоба – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын және аяқталған сипаттағы жаңа объектілерді тұрғызуға (салуға) не қолда барларын қайта құруға, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құруға, енгізуге және дамытуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;
4) инвестициялық ұсыныстың ақпараттық парағы – бюджеттік инвестициялық жоба бойынша негізгі ақпаратты қамтитын, оны іске асыру орындылығын ашып көрсететін құжат;
5) салалық сараптама – инвестициялық ұсынысты және/немесе бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін саланы дамыту басымдықтарына сәйкестігі, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың оңтайлы нұсқасын таңдау мәніне бағалау;
6) бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі – негізгі техникалық, технологиялық және өзге шешімдер, сондай-ақ негізгі техникалық-экономикалық параметрлерді айқындай отырып, пайда мен шығындарды экономикалық талдау негізінде жүргізілетін бюджеттік инвестициялық жобаның жүзеге асырыла алатындығын және тиімділігін зерттеу нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын құжаттама;
7) техникалық-экономикалық негіздемені түзету – техникалық жобалық құжаттаманы (жобалау-сметалық) бекіткенге дейін немесе бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеде көзделмеген қосымша құрауыштарды енгізу қажет болған жағдайда жобалау-сметалық құжаттама белгіленгеннен кейінгі экономикалық қорытындысы бар техникалық-экономикалық негіздемедегі белгіленген техникалық-экономикалық параметрлерінің өзгеруі;
8) бюджеттік инвестициялық жобаны әзірлеуге және түзетуге арналған техникалық тапсырма – бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптарды, оның ықтимал әзірлеушісіне қойылатын біліктілік талаптарын айқындайтын, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету жөніндегі жұмыстардың мерзімдері мен көлемін регламенттейтін құжат;
9) инвестициялық ұсынысқа арналған экономикалық қорытынды – бюджеттік инвестициялық жоба ретінде, инвестициялық ұсыныс құрамындағы инвестициялық жобаны іске асырудың экономикалық орындылығы, жоба мақсаттарының стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарда белгіленген экономика саласының (аясының) даму басымдықтарына сәйкестігі мәніне мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның қорытындысы;
10) бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін экономикалық сараптау – техникалық-экономикалық негіздемеде ұсынылған ақпаратты салалық сараптама қорытындысы мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалардың қорытындылары негіздемесінде жүргізілетін жобаның іске асырылуын және тиімділігін айқындау мәніне кешенді бағалау;
11) бюджеттік инвестициялық жоба бойынша экономикалық қорытынды – бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың экономикалық орындылығы, оның ел экономикасына әсері мен стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттамаларға сәйкестігі мәніне бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы негіздемесінде дайындалған мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның қорытындысы;
12) сметалық құн – құрылысқа арналған жобалық құжаттаманы әзірлеу кезінде сметалық нормативтерге сәйкес айқындалатын объектіні (кешенді) салу құны;
13) бюджеттік инвестициялық жобалардың мониторингі – бюджет қаражатын бөлу сәтінен бастап пайдалануға беру сәтіне дейінгі жаңа объектілерді құру (салу), қолданыстағыларын қайта құру барысы туралы ақпаратты жинау және талдау жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;
14) бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалау – пайдалануға беру сәтінен бастап жобаның мақсатына қол жеткізу дәрежесін және нақты алынған нәтижелердің жоспарланғандарға сәйкестігін айқындау жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;
15) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның электрондық порталының бюджеттік инвестициялық жобалар мониторингісінің модулі – жоспарланған және іске асырылып жатқан бюджеттік инвестициялық жобаларды есепке алу мен мониторингті автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – БИЖ электрондық порталы);
16) бюджеттік инвестициялық жобаның паспорты - бюджеттік инвестициялық жоба туралы жалпы ақпарат;
17) Гант диаграммасы – жобаның жоспары мен уақыт бойынша жұмыс дәйектілігі мен кестесінің ұзақтылығын графикалық көрсетуді безендіру үшін БИЖ электрондық порталында қолданылатын диаграмма;
18) бюджеттік инвестициялық жобаның ресурстық және инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуі – жобаның ресурстық және инфрақұрылымдық қамтамасыз етілу қажеттілігінің жоспарланған және қол жеткізілген деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер;
19) бюджеттік инвестициялар бойынша қаржыландыру көздері – бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты, оның ішінде сыртқы нарықтарда қарыз алу, концессиялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру және мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы.
2. Бюджеттік инвестициялық, оның ішінде техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу, қарау және іріктеу тәртібі
  • 1
1. Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу, қарау және іріктеу тәртібі
3. Инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу, қарау және іріктеу үдерісі мынадай негізгі кезеңдерді қамтитын іс-шаралар кешенін білдіреді:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің инвестициялық ұсыныстарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға беруі;
2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру және бекіту, техникалық-экономикалық негіздемелерін (бұдан әрі - ТЭН) әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу.
4. Инвестициялық ұсыныстарды әзірлеуді мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын әзірлеу кезеңінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүзеге асырады.
5. Инвестициялық ұсыныстар мынадай құжаттарды қамтуы тиіс:
1) инвестициялық ұсыныстың ақпараттық парағы;
2) бюджеттік инвестициялық жобаның ТЭН-ін әзірлеудің немесе түзетудің, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізудің құнын негіздейтін ақпарат;
3) бекітілген бюджеттік инвестициялық жобаның ТЭН-і бойынша өзгеруі болжамданған техникалық шешімдер көрсетілген салыстырма кестесі, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаның бекітілген ТЭН-і (бюджеттік инвестициялық жобаның ТЭН-і түзетілген жағдайда);
4) бюджеттік инвестициялық жобаның ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуге техникалық тапсырма;
5) инвестициялық ұсыныстың салалық сараптамасы.