1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік тіркелуге тиісті тамақ өнімдерін әкелу (импорттау) ережесі бекітілсін.
Отправить по почте
Мемлекеттік тіркелуге тиісті тамақ өнімдерін әкелу (импорттау) ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 ақпандағы N 165 Қаулысы
"Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік тіркелуге тиісті тамақ өнімдерін әкелу (импорттау) ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 ақпандағы N 165 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік тіркелуге тиісті тамақ өнімдерін әкелу (импорттау) ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік тіркелуге тиісті тамақ өнімдерін әкелу (импорттау) ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі, ветеринария және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Ереженің талаптары Қазақстан Республикасының аумағына мемлекеттік тіркелуге тиісті тамақ өнімдерін әкелуді (импорттауды) жүзеге асыратын барлық субъектілерге қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының аумағына мемлекеттік тіркелуге тиісті тамақ өнімдерін әкелуге (импорттауға), тіркеу сынақтарын өткізу үшін қажетті үлгілерді әкелу (импорттау) жағдайларын қоспағанда, олар мемлекеттік тіркелгеннен кейін ғана рұқсат етіледі.
4. Ветеринария саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының шекарасы мен көлігінде алғаш рет әкелінетін (импортталатын) азықтарды және азық қоспаларын бақылауды жүзеге асырады.
5. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының шекарасы мен көлігінде балалар тағамы азық-түлігінің, тамаққа тағамдық және биологиялық активті қоспалардың, генетикалық түрлендірілген объектілердің, бояғыштардың, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдардың, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттардың, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерінің әкелінуіне (импортталауына) бақылауды жүзеге асырады.
6. Осы Ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) тамақ өнімдерін әкелуді (импорттауды) жүзеге асыратын субъект (бұдан әрі - субъект) - тамақ өнімдерін әкелуді (импорттауды) жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
2) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдар (бұдан әрі - уәкілетті органдар) - өз құзыреті шегінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және бақылауды жүзеге асыратын ветеринария және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органдар.
2. Тіркеу сынақтарын өткізу үшін қажетті үлгілерді қоспағанда, мемлекеттік тіркелуге тиісті тамақ өнімдерін әкелу (импорттау) тәртібі
7. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін (импортталатын) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 13 және 28-баптарында белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс.
8. Қазақстан Республикасының аумағына мыналар болған кезде басқа мемлекеттерден мемлекеттік тіркелуге тиісті тамақ өнімдерін (бұдан әрі - тамақ өнімдері) әкелуге (импорттауға) жол беріледі:
1) экспорттаушы ел берген тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін куәландыратын құжат;
2) азықтарды және азық қоспаларын ветеринария саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғасы берген әкелуге (импорттауға) рүқсат;
3) балалар тағамы азық-түлігіне, тағамдық қоспаларға, тамаққа қосатын биологиялық активті қоспаларға, генетикалық түрлендірілген объектілерге, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарға, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарға, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлеріне тіркеу куәлігі немесе Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген заттар мен өнімдердің мемлекеттік тізілімдерінде тіркеудің (одан әрі - тіркеу куәлігі) болуы.
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.01.2009 № 88 Қаулысымен (19.02.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
9. Субъект мыналарды көрсете отырып, әкелудің (импорттаудың) белгіленген жері бойынша ветеринария саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі - бөлімше) азықтар мен азық қоспаларын әкелуге (импорттауға) өтінім береді:
1) азықтар мен азық қоспаларының атауы және сипаттамасы;
2) саны (көлемі);
3) шыққан елі, импорттау мақсаты;
4) көлік құралының түрі;
5) жүретін бағыты;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту пункті;
7) сақтау, қайта өңдеу орындары;
8) сату мерзімі мен орны;
9) Халықаралық Эпизоотиялық Бюроның жер бетінде өмір сүретін жануарлардың санитарлық кодексіне, Мал шаруашылығы жүктерін халықаралық және мемлекетаралық тасымалдау кезінде мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың бірыңғай ережесіне сәйкес азықтар мен ашық қоспаларының транзитіне қатысты басқа да ақпарат.
Өтінім бір данада мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ресімделеді және оған тамақ өнімдерін өндірушімен (дайындаушымен) жасаған шарттың (келісім-шарттың) көшірмесі қоса беріледі.
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.01.2009 № 88 Қаулысымен (19.02.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
10. Ветеринария саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі 2 жұмыс күні ішінде өтінімді ветеринария саласындағы уәкілетті органға жібереді.
10-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 30.01.2009. № 88 (19.02.2008 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
11. Ветеринария саласындағы уәкілетті орган өтінімді 5 жұмыс күні ішінде қарайды және азықтар мен азық қоспаларын әкелуге (импорттауға) рұқсатын беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Бас тартқан жағдайда себебін көрсетіп, жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.
Әкелуге (импорттауға) рұқсат белгіленген үлгідегі бланкіде ресімделеді және бөлімшеге жіберіледі, ол субъектінің қолына береді. Әкелуге рұқсаттың көшірмесі ветеринария саласындағы уәкілетті органның мұрағатында және оның бөлімшелерінде сақталады.
11-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 30.01.2009 № 88 (19.02.2008 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
12. Ветеринариялық-санитариялық бақылануға тиісті азықтар мен азық қоспаларын әкелуге (импорттауға) рұқсаттың қолданылу мерзімі 60 күнтізбелік күннен аспайды.
12-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.01.2009 № 88, 08 (19.02.2008 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).12.2009 № 2038 Қаулыларымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
13. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде шекара мен көлікте мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органдардың лауазымды тұлғалары (бұдан әрі - лауазымды тұлғалар) өз құзыреті шегінде тамақ өнімдерін қарап-тексеруді, оның тауарға ілеспе құжаттарын және азықтар мен азық қоспаларын әкелуге (импорттауға) рұқсатты немесе тіркеу куәлігін және экспорттаушы ел берген тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін куәландыратын құжатты тексеруді жүргізеді.
13-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.01.2009 № 88 Қаулысымен (19.02.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
14. Қазақстан Республикасының аумағына әкелу (импорттау) жүзеге асырылатын тамақ өнімдері Заңда белгіленген талаптарға сәйкес болмаған жағдайда лауазымды тұлғалар өз құзыреті шегінде тамақ өнімдерін әкелуді (импорттауды) уақытша тоқтата тұру және оларды зертханалық сараптамаға жіберу туралы шешім қабылдайды немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге (импорттауға) тыйым салады.
15. Заңның 20-бабының талаптарына сәйкестігі және азықтар мен азық қоспаларын әкелуге (импорттауға ) рұқсатының немесе тіркеу куәлігінің бар-жоғы анықталған жағдайда, лауазымды тұлғалар осындай тамақ өнімдерін жібереді және оның әкелінуі (импортталуы) мен соңғы белгіленген пункті туралы оған қызмет көрсетілетін аумақта белгіленген пункт орналасқан шекара мен көліктегі уәкілетті органдардың бөлімшелеріне хабарлайды.
15-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.01.2009 № 88 Қаулысымен (19.02.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
16. Шекара мен көліктегі уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшесінің басшысы соңғы белгіленген келу пунктте тамақ өнімдері келіп түскен (импортталған) күннен бастап жұмыс күні ішінде сынама алуды ұйымдастырады және оны тиісті сараптама жүргізу үшін аккредиттелген зертханаға жібереді. Зертханалық сараптаманың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының аумағында тамақ өнімдерін одан әрі өткізуге және/немесе сатуға рұқсат беру немесе тыйым салу туралы шешім қабылдайды.
17. Субъект тиісті сараптаманың нәтижелері бойынша қауіпті деп танылған тамақ өнімдерін үш күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге әкетуге міндетті.
Егер қауіпті деп танылған тамақ өнімдері белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге шығарылмаса, олар Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасына сәйкес кәдеге жаратылады немесе жойылады.
3. Тіркеу сынақтары үшін тамақ өнімдерінің үлгілерін әкелу (импорттау) тәртібі
18. Қазақстан Республикасының аумағына мыналар болған кезде басқа мемлекеттерден тіркеу сынақтары үшін тамақ өнімдерінің үлгілерін (бұдан әрі - үлгілер) әкелуге (импорттауға) жол беріледі:
1) экспорттаушы ел берген тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін куәландыратын құжат;
2) уәкілетті органдардың лауазымды тұлғасы берген әкелуге (импорттауға) рұқсат.
19. Субъект мыналарды көрсете отырып, уәкілетті органдарға үлгілерді әкелуге (импорттауға) рұқсат беруге өтініш береді:
1) үлгілердің атауы мен сипаттамасы;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте тіркеу сынақтарын жүргізу үшін саны (көлемі);
3) шыққан елі, импорттау мақсаты.
Өтініш бір данада мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ресімделеді.
20. Уәкілетті органдар өтінішті түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қарайды және тиісті лауазымды тұлғаның үлгілерді әкелуге (импорттауға) рұқсатын беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Бас тартқан жағдайда субъектіге себебі көрсетіліп, жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.
Тиісті Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің орталық мемлекеттік ветеринариялық қызметтерімен транзитке келісуді талап ететін азықтар мен азық қоспаларын әкелуге өтінішті қарау мерзімі 30 күннен аспайды.
20-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.01.2009 № 88 Қаулысымен (19.02.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
21. Әкелуге (импорттауға) рұқсат белгіленген үлгідегі бланкіде ресімделеді және субъектінің қолына беріледі. Рұқсаттың көшірмесі уәкілетті органдардың мұрағатында сақталады. Үлгілерді әкелуге (импорттауға) рұқсаттың қолданылу мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспайды.
22. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде лауазымды тұлға, өз құзыреті шегінде, тауарға ілеспе құжаттарды және әкелуге (импорттауға) рұқсатты тексеруді жүргізеді.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |