Bestprofi Logo

Қаулы № 266 от 2007-04-04г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру қағидаларын бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 16.10.2023 г.

Документ на казахском языке

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі N 266 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жояды 2023 жылғы 16 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 03.10.2023 жылғы № 854 Қаулысына сәйкес Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 17.08.2017 жылғы № 490 Қаулысына сәйкес (08.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.01.2023 жылғы № 15 Қаулысына сәйкес (17.08.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 27.01.2023 жылдан бастап)

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.01.2023 жылғы № 15 Қаулысына сәйкес (17.08.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 27.01.2023 жылдан бастап)

1. Қоса беріліп отырған Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру қағидалары бекітілсін.

1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 17.08.2017 жылғы № 490 Қаулысына сәйкес (08.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.01.2023 жылғы № 15 Қаулысына сәйкес (17.08.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 27.01.2023 жылдан бастап)

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі N 266 қаулысымен бекітілген

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру қағидалары

Ереже жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 05.03.2013 жылғы № 212 Қаулысымен (04.04.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.12.2016 жылғы № 753 Қаулысына сәйкес (05.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.12.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Қағида тақырыбының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалды ҚР Үкіметінің 08.06.2017 жылғы № 350 Қаулысына сәйкес Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.01.2023 жылғы № 15 Қаулысына сәйкес (17.08.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 27.01.2023 жылдан бастап)

1. Осы Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру қағидалары «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына , «Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына сәйкес әзірленді және мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру тәртібін айқындайды.

1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.12.2016 жылғы № 753 Қаулысына сәйкес (05.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.12.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 1-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалды ҚР Үкіметінің 08.06.2017 жылғы № 350 Қаулысына сәйкес 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.01.2023 жылғы № 15 Қаулысына сәйкес (17.08.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 27.01.2023 жылдан бастап)

2. Қазақстан Республикасының құрметті атақтары мен мемлекеттік наградаларына ие болған шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін, сондай-ақ аса дарынды жас шығармашыл қызметкерлерді мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия (бұдан әрі – мемлекеттік стипендия) беріледі.

2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.12.2016 жылғы № 753 Қаулысына сәйкес (05.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.12.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 2-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалды ҚР Үкіметінің 08.06.2017 жылғы № 350 Қаулысына сәйкес 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.01.2023 жылғы № 15 Қаулысына сәйкес (17.08.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 27.01.2023 жылдан бастап)

3. Мемлекеттік стипендия алуға:

3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.12.2016 жылғы № 753 Қаулысына сәйкес (05.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.12.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары, халық жазушысы, халық әртiсi, халық суретшiсi, Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткері құрметті атақтары бар немесе әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың, халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары болып табылатын;

2) Қазақстан мәдениетін дамыту үшін шығармашылық әлеуеті бар Қазақстан Республикасының азаматтары үміткер болады.

4. Мемлекеттік стипендияны мәдениет саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкiлеттi орган) жанынан арнайы құрылған Мемлекеттік стипендияларды беру жөнiндегi комиссия (бұдан әрі - Комиссия) шешімінің негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті береді.

Комиссия өз міндеттерін қоғамдық бастама негізінде орындайтын уәкiлеттi орган мен шығармашылық одақтардың өкілдері қатарынан қалыптастырылады.

Комиссияның құрамы уәкiлеттi органның бұйрығымен бекітіледі.

Комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ санды құрауға және жеті адамнан кем болмауға тиіс.

Комиссияны төраға, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары басқарады.

5. Мемлекеттік стипендияны алуға ұсынылатын құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру құжаттарды қабылдау мерзімі басталардан бұрын екі айдан кешіктірмей уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастырылады.

5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.12.2016 жылғы № 753 Қаулысына сәйкес (05.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.12.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

6. Қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін шығармашылық одақтар мен мәдениет ұйымдары уәкiлеттi органға ағымдағы жылғы бірінші тамызға дейін мынадай құжаттарды: мемлекеттік стипендия алушыға берілген қолдаухат пен шығармашылық мiнездеменi қағаз немесе электронды түрде жібереді.

Мемлекеттік стипендия алушыға келіп түскен құжаттарды уәкiлеттi орган қабылдайды және бір күн мерзімде тіркеп, Комиссияның қарауына ұсынады. Комиссия отырысы ағымдағы жылғы бесінші қыркүйектен кешіктірілмей өткізіледі.

7. Комиссияның мемлекеттік стипендияны беруге кандидатураны бекіту туралы шешiмi Комиссия отырысында қарапайым көпшiлiк дауыспен ашық дауыс берумен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Егер Комиссия мүшелерiнiң үштен екiсiнен астамы қатысса, отырыс заңды деп есептеледі.

7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.12.2016 жылғы № 753 Қаулысына сәйкес (05.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.12.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

Комиссия шешімі хаттамамен (бұдан әрі – хаттама) ресімделеді және оған қатысып отырған Комиссия мүшелері қол қояды.

Уәкiлеттi орган тиісті жылға мемлекеттік стипендияны беру туралы Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасын хаттама көшірмесімен қоса, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ағымдағы жылғы бірінші қазаннан кешіктірмей енгізеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті жылға мемлекеттік стипендияны беру туралы Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасын қарап, ағымдағы жылғы бірінші қарашадан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы»4 сәуірдегі N 266 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

1. "Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 мамырдағы N 812 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 24, 288-құжат).

2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 мамырдағы N 812 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 30 қазандағы N 1376 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 36-37, 482-құжат).

1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 49, 567-құжат).

«4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 ақпандағы N 173 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 9, 94-құжат).

5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 маусымдағы N 588 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 23, 236-құжат).

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание