Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және жергілікті атқарушы органдар көрсететін қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 тамыздағы № 1033 Қаулысы
Редакция 03.06.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5) «ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
6) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
7) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
8) «II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 8 тамыздағы
№ 1033 қаулысымен
бекітілген
«Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 8 тамыздағы
№ 1033 қаулысымен
бекітілген
«Озон қабатын бұзатын заттарды және құрамында сондай заттар бар өнімдерді экспорттауға және импорттауға лицензия беру, лицензия телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 8 тамыздағы
№ 1033 қаулысымен
бекітілген
«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызмет көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 8 тамыздағы
№ 1033 қаулысымен
бекітілген
«І санат объектілері үшін экологиялық рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 8 тамыздағы
№ 1033 қаулысымен
бекітілген
«ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. «ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің Табиғат ресурстарын және табиғатты пайдалануды реттеу басқармаларымен (бұдан әрі – уәкілетті орган) не баламалы негізде осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес көрсетілген мекенжайларындағы халыққа қызмет көсету орталығы (бұдан әрі – Орталық), «электрондық үкімет»: www.e.gov.kz веб-порталы арқылы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы көрсетіледі.
Шалғай елді мекендердегі тұрғындардың мемлекеттік қызметке қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызмет Ұтқыр Орталықтар арқылы көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 20-бабының 3-1) тармақшасына, 68 -79-баптарына, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабына сәйкес көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
1) уәкілетті органның интернет-ресурсында:
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – Орталық РМК) интернет-ресурсында www.con.gov.kz;
3) уәкілетті органның немесе Орталықтың үй-жайларындағы стенділерде және ақпараттық тақталарда;
5) call-орталығында: (1414) орналастырылады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі қағаз тасығышта немесе уәкілетті органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түрінде II, III және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру немесе қайта ресімдеу немесе уәкілетті органның мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тартылады деген дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет ІІ, ІІІ және IV қауіптілік санатына қызмет түрлері бойынша жатқызылатын объектілері бар жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тұтынушы уәкілетті органға, оның аумақтық бөлімшелеріне тапсырған сәттен бастап – 1 (бір) айдан аспайды;
2) ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресімдеу үшін осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тұтынушы уәкілетті органға, оның аумақтық бөлімшелеріне тапсырған сәттен бастап - (1) бір ай ішінде;
3) уәкілетті органда көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды;
4) уәкілетті органда көрсетілетін мемлекеттік қызметті тұтынушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды;
5) Орталықта қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне жатпайды;
6) уәкілетті орган мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бітуіне бір күн қалғанда Орталықтарға ұсынады.
8. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде ұсынылады.
1) уәкілетті органда - демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады;
2) Орталықтар – күн сайын дүйсенбіден сенбіге дейін қоса алғанда, демалыс және мейрам күндерін есептемегенде, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін, үзіліссіз.
Қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібінде жүзеге асырылады.