• Мое избранное
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы
Внимание! Документ утратил силу с 24.10.0013 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 460 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 22.10.2013 жылғы № 1136 Қаулысына сәйкес
Редакция 25.02.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Комиссия құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 29 сәуірдегі
 № 460 қаулысымен
 бекітілген
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
Құрам жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 28.02.2012 № 263 қаулысымен; өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.02.2013 № 179 қаулысымен. (29.04.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
Ахметов                    - Қазақстан Республикасының Премьер-
Серік Нығметұлы              Министрі, төраға
Орынбаев                   - Қазақстан Республикасы
Ербол Тұрмаханұлы            Премьер-Министрінің орынбасары,                               төрағаның орынбасары
Егемберді                  - Қазақстан Республикасының Еңбек және  Ерғали Қуандықұлы            халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі,                               хатшы
Сағынтаев                  - Қазақстан Республикасы
Бақытжан Әбдірұлы            Премьер-Министрінің бірінші орынбасары –
                      Қазақстан Республикасының Өңірлік даму                               министрі
Исекешев                   - Қазақстан Республикасы
Әсет Өрентайұлы              Премьер-Министрінің орынбасары –
                      Қазақстан Республикасының Индустрия                               және жаңа технологиялар министрі
Әбденов                    - Қазақстан Республикасының Еңбек және  Серік Сақбалдыұлы            халықты әлеуметтік қорғау министрі
Жәмішев                    - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы            министрі
Жұмағалиев                 - Қазақстан Республикасының Көлік
Асқар Қуанышұлы              және коммуникация министрі
Жұмағұлов                  - Қазақстан Республикасының Білім
Бақытжан Тұрсынұлы           және ғылым министрі
Мамытбеков                 - Қазақстан Республикасының Ауыл
Асылжан Сарыбайұлы           шаруашылығы министрі
Құл-Мұхаммед               - Қазақстан Республикасының Мәдениет және  Мұхтар Абрарұлы              ақпарат министрі
Досаев                     - Қазақстан Республикасының Экономика және  Ерболат Асқарбекұлы          бюджеттік жоспарлау министрі
Бижанов                    - Қазақстан Республикасы
Ақан Құсайынұлы              Парламенті Сенатының депутаты,                               Әлеуметтік-мәдени даму                               комитетінің төрағасы                               (келісім бойынша)
Исімбаева                  - Қазақстан Республикасы
Гүлмира Истайбекқызы         Парламенті Мәжілісінің                               депутаты (келісім бойынша)
Смайылов                   - Қазақстан Республикасы
Әлихан Асханұлы              Статистика агенттігінің төрағасы
Айтжанов                   - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі»
Дулат Нулиұлы                акционерлік қоғамының басқарма төрағасы                               (келісім бойынша)
Бишімбаев                  - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат
Қуандық Уәлиханұлы           қоры» акционерлік қоғамының                               басқарма төрағасының орынбасары                               (келісім бойынша)
Құсайынов                  - Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар
Әбілғазы Қалиақпарұлы        федерациясының басқарма төрағасы                               (келісім бойынша)
Мырзахметов                - «Атамекен» Одағы» Қазақстан
Абылай Исабекұлы             ұлттық экономикалық палатасының                               басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 29 сәуірдегі
 № 460 қаулысымен
 бекітілген
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асыру  жөнінде ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан  Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері мен функциялары
4. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары:
1) Бағдарламаны іске асыру жөнінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасауды және үйлестіруді жүзеге асыру;
2) Бағдарламаны жалпы және оның жеке бағыттарын іске асыру тетіктері;
3) республикалық және жергілікті бюджеттер тарапынан қоса қаржыландыру критерийлерін ескере отырып, Бағдарламаның облыстар мен  Астана, Алматы қалалары бөлінісінде бағыттар бойынша қаржыландыру  көлемі;
4) Бағдарламаға қатысушылар санын к-рсете отырып, Бағдарлама бағыттары бойынша қаржыландыру лимиттері;
5) Бағдарламаны іске асыру шеңберінде бюджет қаражатын тиімді пайдалану;
6) Бағдарламаны іске асыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
7) микрокредиттер бойынша ең тиімді пайыздық ставканы белгілеу;
8) Бағдарламаның орындалуын бақылау және Бағдарламаны іске асыру бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың есептерін  тыңдау;
9) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына Бағдарламаны іске  асыруға байланысты мәселелер жөнінде ұсыныстар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссияның құқықтары
5. Комиссияның белгіленген тәртіппен және өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
2) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттарды тартуға;
3) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік  органдардан, ведомстволар мен ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға;
4) Комиссия мүшелері отырыстарында комиссияның қарауына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың жауапты өкілдерін тыңдауға;
5) Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
4. Комиссия қызметін ұйымдастыру
6. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, комиссия отырыстарына төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия тобы жүзеге асыратын қызмет, ведомствоаралық үйлестіру үшін және комиссия әзірлейтін шешімдер үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес дербес жауап береді. Төраға болмаған кезде оның функцияларын  орынбасары атқарады.
7. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
8. Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті  құжаттар, материалдар дайындауды және оны өткізгеннен кейін хаттама ресімдеуді Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
Хатшы комиссия мүшесі болып табылмайды.
9. Комиссияның жұмыс отырыстарының материалдары төрағамен келісілгеннен кейін Комиссияның әрбір мүшесіне отырысқа дейін кемінде  үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жеткізіледі.
10. Комиссияның отырыстары қажетіне қарай өткізіледі және Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан болса, заңды деп саналады.
11. Комиссия шешімдері Комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен, сондай-ақ сұрау салу жолымен қабылданады және егер, оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген болса, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және хаттамаға қоса берілуі тиіс. Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.
11-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 25.02.2013 № 179 қаулысымен. (28.02.2012 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Комиссияның қызметін тоқтату
12. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Комиссияның қызметін тоқтатуға негіз болып табылады.