• Мое избранное
Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқауын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 29.12.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқауын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 ақпандағы N 68 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 3 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5574 болып енгізілді.

Бұйрықтың атауына өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 28.07.2010 № 376 Бұйрығымен. (16.02.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 29 желтоқсаннан бастап ҚР Қаржы министрінің 30.11.2016 жылғы № 629 Бұйрығына сәйкес
Редакция 26.10.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 112-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
кіріспе өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 28.07.2010 № 376 Бұйрығымен. (16.02.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік мониторинг жүргізу Нұсқаумен  бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 28.07.2010 № 376 Бұйрығымен. (16.02.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау және оның әдіснамасы департаменті (Қалиева А.Н.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 
3. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және жергілікті атқарушы органдар бюджеттік мониторинг жүргізген кезде осы Нұсқауды басшылыққа алсын.
3-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 28.07.2010 № 376 Бұйрығымен. (16.02.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
4. "Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалық есепті жасау және табыс ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 24 шілдедегі N 263 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 17 тамыздағы N 4881 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ақпараттық технологиялар департаменті (Күнтубаев Д.Ж.) 2009 жылғы 17 сәуірдегі мерзімге дейін осы Нұсқаудың қосымшаларын ескере отырып, "Бюджеттік процесс мониторингі" бағдарламалық қамтамасыз етуін пысықтасын және оның бюджеттік мониторинг жүргізу үшін республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінде орнатылуын қамтамасыз етсін.
5-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 28.07.2010 № 376 Бұйрығымен. (16.02.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр                                             Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
 2009 жылғы 16 ақпандағы
 N 68 бұйрығымен
 бекітілген
Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқауы
Ереженің атауына өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 28.07.2010 № 376 Бұйрығымен. Нұсқаудың барлық мәтіні бойынша «Астана» деген сөз «Астананың» деген сөзбен ауыстырылды ҚР Қаржы министрінің 28.07.2010 № 376 Бұйрығымен. (16.02.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Жалпы ережелер
1. Бюджеттік мониторинг жүргізу туралы осы Нұсқау (бұдан әрі – Нұсқау) Бюджеттік кодекстің 112-бабына сәйкес әзірленген. 
Бюджеттік мониторинг - міндеттемелердің уақтылы қабылданбау, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдердің уақтылы жүргізілмеу себептерін анықтау, бюджет түсімдері мен шығыстарының атқарылу болжамдарын жасау мақсатында жүзеге асырылатын бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін тұрақты және жүйелі жинау, бақылап отыру және талдау. 
Бюджеттік мониторингті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар жүзеге асырады.
1-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 28.07.2010 № 376 Бұйрығымен. (16.02.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Мақсаты мен міндеттері
2. Осы Нұсқаудың әзірлену мақсаты республикалық және жергілікті бюджеттерді тиімді атқару мақсатында бюджет қаражатын пайдалану жөніндегі мониторинг рәсімдерін жүйелеу, сондай-ақ бюджет түсімдерінің атқарылуын қадағалап отыру.
2-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 28.07.2010 № 376 Бұйрығымен. (16.02.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Түсімдердің атқарылуы кезінде және бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру кезінде бюджеттік мониторинг міндеттері:
3-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 28.07.2010 № 376 Бұйрығымен. (16.02.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
3-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 26.02.2015 жылғы № 129 Бұйрығымен (24.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 30.03.2015 жылы тіркелді
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 23.11.2015 жылғы № 583 Бұйрығына сәйкес (26.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 14.12.2015 жылы тіркелді
түсімдердің атқарылуын талдау;
төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын және төленген міндеттемелерді салыстыру жолымен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатын игеруін талдау;
төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына (бұдан әрі – төлемдер бойынша жоспар) сәйкес төлемдердің уақтылы жүргізілмеу және міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларына (бұдан әрі - міндеттемелер бойынша жоспар) сәйкес міндеттемелердің уақтылы қабылданбау себептерін анықтау болып табылады.
3. Бюджеттің атқарылуын талдау $ 1 Бюджеттің түсімдерінің атқарылуын талдау
1 параграфтың атауына өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 28.07.2010 № 376 Бұйрығымен. (16.02.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Бюджет кірістерінің атқарылуын талдау объектілері: салықтық түсімдер; салықтық емес түсімдер; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер; тиісті қаржы жылына арналған бюджет түсімдерінде көзделген ресми трансферттер түсімдері болып табылады.
4-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 28.07.2010 № 376 Бұйрығымен. (16.02.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Бюджет кірістерінің атқарылуын талдау субъектілері бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган, өндіріп алуға жауапты және олардың түсуіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар болып табылады. 
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы бойынша талдау жүргізеді. 
Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар облыстың, атап айтқанда облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің атқарылуы бойынша талдауды, сондай-ақ бюджеттің төмен тұрған деңгейіне бөлінген нысаналы трансферттердің талдауын жүзеге асырады. 
Бюджеттік мониторинг бюджеттің атқарылуына талдау жүргізу функциясына кіретін бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдардың құрылымдық бөлімшелері алған ақпараттың негізінде жүзеге асырылады.
5-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 28.07.2010 № 376 Бұйрығымен. (16.02.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
6. Бюджеттің кіріс бөлігін талдау кезінде пайдаланылатын негізгі құраушы база бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қалыптастыратын есепті деректердің айлық көлемі және Қазақстан Республикасының салықтық және кедендік заңнамаларға сәйкес салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар және салықтық емес түсімдерді, негізгі капиталды сатып алудан түсетін түсімдерді, трансферттерді қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша есептіден кейінгі айдың 12-не дейінгі мерзімде өндіріп алуға жауапты уәкілетті органдар ұсынатын түсімдердің тиісті түрлерін орындамау немесе асыра орындау себептері болып табылады.
6-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 28.07.2010 № 376 Бұйрығымен. (16.02.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
7. Алдыңғы аймен салыстырғанда ағымдағы айдағы жергілікті (облыстық бюджеттердің (республикалық маңызы бар қала, астана) бюджеттер түсімдерінің санаттары бойынша кірістер түсімдерінің өсу немесе төмендеу себептерін талдау осы Нұсқаудың 1-қосымшасына сәйкес І, ІІ нысандар бойынша жасалады.
7-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 28.07.2010 № 376 Бұйрығымен. (16.02.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.07.2016 жылғы № 411 Бұйрығына сәйкес (23.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 29.08.2016 жылы тіркелді
Көрсетілген қосымшаның І нысанында жергілікті (облыстық бюджеттердің (республикалық маңызы бар қала, астана) бюджеттердің салық және төлемдерінің негізгі түрлері бойынша, өткен аймен салыстырғанда есепті айдағы түсімдердің өсу немесе төмендеуі байқалатын ерекшеліктер көрсетіледі. Салықтар мен төлемдердің өсу немесе төмендеу себептерінің түсіндірмелерде көрсетілген кезеңдер бойынша түсімдердің құлдырауына немесе өсуіне әсер еткен факторлар көрсетіледі.
ІІ нысанда олар бойынша есепті айда жоспарланбаған сипаттағы біржолғы түсімдер байқалған ерекшеліктер көрсетіледі.
8. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның салықтық, салықтық емес түсімдерді, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер мен трансферттер түсімдерін өндiрiп алуға жауапты құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 12-сі күнінен кешіктірмей, жылдың басынан бастап республикалық бюджетке түсетін түсімдердің түрлері бойынша жоспарды асыра орындау немесе орындамау себептерін талдауды осы Нұсқаудың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның кірістерді талдау функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне ұсынады.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.07.2010 № 376 Бұйрығымен. (16.02.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
8-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 24.06.2013 жылғы № 294 Бұйрығымен (04.10.2012 ж. редакцияны қараңыз)
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.07.2016 жылғы № 411 Бұйрығына сәйкес (23.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 29.08.2016 жылы тіркелді
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның кірістерді талдау функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі есепті тоқсаннан кейінгі айдың 17-сі күнінен кешіктірмей, республикалық бюджетке түсетін салықтар мен төлемдердің түрлері бойынша жыл басынан жоспарды асыра орындау немесе орындамау себептерін талдауды осы Нұсқаудың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бюджеттің атқарылуын талдау жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшеге ұсынады.
Республикалық және жергілікті (облыс бюджеті (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қала)) бюджеттерге түсетін түсімдердің түрлері бойынша жыл басынан жоспарды асыра орындау немесе орындамау себептерін талдау осы Нұсқаудың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.
Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар тоқсан сайын есептіден кейінгі айдың 25-і күніне дейін жергілікті бюджет кіріс бөлігінің артығымен атқарылу немесе атқарылмау себептерін талдауды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және жергілікті атқарушы органдарға ұсынады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тоқсан сайын есептіден кейінгі айдың 25-і күніне дейін республикалық бюджет жоспарының асыра орындалу немесе орындалмау себептерін талдауды Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.
8-1. Бюджеттік кредиттерінің өтеуін талдау объектілері бюджетке түсетін түсімдердің түрлері: республикалық және жергілікті (облыс бюджеті (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қала)) бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, төленген мемлекеттік кепілдіктер бойынша талаптарды қайтару болып табылады.
8-1-тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы министрінің 28.07.2010 № 376 Бұйрығымен.
Республикалық және жергілікті (облыс бюджеті (республикалық маңызы бар қала, астана) бюджеті), аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қала)) бюджеттеріне бюджеттік кредиттерінің өтеуін бойынша жыл басынан бастап жоспарын асыра орындалу немесе орындалмау себептерін талдау тоқсан сайын осы Нұсқаудың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.
8-2. Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдердің атқарылуын талдау объектілері заңды тұлғалардың, оның ішінде мемлекеттік меншіктегі халықаралық ұйымдардың, мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге де мемлекеттік мүлікті сатудан бюджетке түсетін түсімдер.
Республикалық және жергілікті (облыс бюджеті (республикалық маңызы бар қала, астана) бюджеті), аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қала)) бюджеттеріне мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер бойынша жыл басынан бастап жоспар орындалу талдау мемлекеттік меншіктегі заңды тұлғалардың қатысу үлестерін, акциялардың және түсімдердің жоспар мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер жоспар асыра орындалу немесе орындалмау себептерін талдау көрсетіле отырып, тоқсан сайын осы Нұсқаудың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.
8-2-тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы министрінің 28.07.2010 № 376 Бұйрығымен.
8-3. Қарыздар түсімі атқарылуын талдау объектілері қарыздар мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздардың шығаруымен және (немесе) қарыздар шарт жасасулармен байланысты бюджетке түсетін қаражаттар. 
Республикалық бюджетіне қарыздар түсімі бойынша жыл басынан бастап жоспарын асыра орындалу немесе орындалмау себептерін талдау тоқсан сайын осы Нұсқаудың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.
Қарыздар түсімдерінің жоспарын орындау талдауында жылдың басынан бастап ерекшеліктер бөлігінде қарыздар түсімдерінің жоспарын артығымен орындау немесе орындамау себептерін көрсете отырып жоспарланған және іс жүзіндегі түсімдердің сомасының салыстырмалы талдауы жүргізіледі.
8-3-тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы министрінің 28.07.2010 № 376 Бұйрығымен.
9. Республика бойынша және аумақтар шеңберінде есептік мерзімде мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттерге (облыс бюджеті (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қала)) салықтардың және төлемдердің түсімі жоспарларының асыра орындалуы немесе орындалмауы салдарына талдау жүргізу барысында төлемдермен салықтардың түсуіне ықпал еткен факторлар анықталады (сыртқы сауда айналымының мөлшерінің өзгеруі, минералдық шикізатқа әлемдік баға, салық салу базасының өзгеруі, салықтық және кедендік заңнамадағы өзгерістер, жүйелік сипаттағы бер реттік төлемдер және басқа да факторлар).
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.07.2010 № 376 Бұйрығымен. (16.02.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
10. Республика бойынша және аумақтар шеңберінде ағымдағы жылдың есептік мерзімінде былтырғы жылдың осындай мерзімін салыстырмасы мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттерге (облыстық бюджет, (республикалық маңызы бар қала, астана)) түсімдерді талдау Нұсқаудың 3-қосымшасына сәйкес нысанда құрастырылады, және бюджеттің атқарылуы бойынша орталық уәкілетті органмен (жергілікті атқару органдарымен) тоқсан сайын 25 күнге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне табыс етеді.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.07.2010 № 376 Бұйрығымен. (16.02.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
10-1. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ағымдағы жылдың есепті кезеңінде республикалық және жергілікті (облыстық бюджет (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қала)) бюджеттерге мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдердің талдау бойынша кірістер түсімдерін талдау осы Нұсқаудың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.
Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ағымдағы жылдың қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер талдауда түсімдерінің өсу немесе төмендеу себептері көрсетіледі.
10-1-тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы министрінің 28.07.2010 № 376 Бұйрығымен.
10-2. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ағымдағы жылғы есепті кезеңге республикалық бюджетке түскен қарыздар түсімдерін талдау осы Нұсқаудың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тоқсан сайын жүзеге асырылады.
Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ағымдағы жылғы есепті кезеңде түскен қарыздар түсімдерінің талдауында ерекшеліктер бөлінісінде өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда есепті жылдың басынан түскен түсімдерінің төмендеу немесе арту себептері көрсетіледі.
10-2-тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы министрінің 28.07.2010 № 376 Бұйрығымен.