1. Парламент Мәжiлiсiнiң Регламентi:
1-тармақ өзгертілді ҚР Парламенті Мәжілісінің 12.10.2005 № 407-III қаулысымен; ҚР Парламенті Мәжілісінің 17.10.2007 № 64-IV қаулысымен (08.02.1996 жылғы редакцияны қараңыз)










Консультации
Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Регламенті Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 1996 жылғы 8 ақпандағы Қаулысы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ РЕГЛАМЕНТІ
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 1996 жылғы 8 ақпандағы Қаулысымен қабылданды (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 2005 жылғы 12 қазандағы, 2007 жылғы 17 қазандағы, 2011 жылғы 9 қарашадағы қаулыларымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қоса)
1-БӨЛIМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Парламент Мәжiлiсiнiң Регламентi:
1-тармақ өзгертілді ҚР Парламенті Мәжілісінің 12.10.2005 № 407-III қаулысымен; ҚР Парламенті Мәжілісінің 17.10.2007 № 64-IV қаулысымен (08.02.1996 жылғы редакцияны қараңыз)
1) Парламент Мәжiлiсiнiң отырыстарын өткiзу жағдайлары мен тәртiбiн;
2) Парламент Мәжiлiсiнiң жұмыс органдарын құру тәртiбiн;
3) Парламент Мәжiлiсi мен оның жұмыс органдарының қызметiн ұйымдастыруды;
4) Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттары мен лауазымды адамдарының өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру жағдайлары мен тәртiбiн;
5) саяси партиялар фракцияларының жұмысын ұйымдастыру мен жұмыс тәртiбiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi.
Парламент Мәжiлiсiнiң Регламентi, оған енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар Палатаның жалпы отырыстарында Мәжiлiс депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады және Парламент Мәжiлiсiнiң қаулысымен бекiтiледi.
2. Парламент Мәжілісінің жалпы отырыстары ашық болып табылады және Мәжілістің интернет-ресурсында онлайн режимде трансляциялануы мүмкін.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Парламенті Мәжілісінің 23.12.2020 жылғы № 1413-VI ПМ Қаулысына сәйкес (07.09.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-тармақ өзгертілді ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 жылғы № 653- VII ПМ Қаулысымен (23.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Регламентте көзделген жағдайларда Палата жабық отырыстар өткізуге құқылы.
3. Парламент Мәжiлiсi тоқсан сегіз депутаттан тұрады.
3-тармақ өзгертілді ҚР Парламенті Мәжілісінің 12.10.2005 № 407-III қаулысымен; ҚР Парламенті Мәжілісінің 17.10.2007 № 64-IV қаулысымен (08.02.1996 жылғы редакцияны қараңыз) 3-тармақ өзгертілді ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 жылғы № 653- VII ПМ Қаулысымен (23.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Парламент Мәжiлiсi депутатының өкiлеттiгi оны Республиканың Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты ретiнде тiркеген кезден басталады.
4. Парламент Мәжiлiсiнде жұмыс қазақ және орыс тiлдерiнде жүргiзiледi.
2-БӨЛIМ. ПАРЛАМЕНТ МӘЖIЛIСIНIҢ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСТАРЫН ӨТКIЗУ ТӘРТIБI
1-тарау. Парламент Мәжiлiсiнiң жалпы отырыстары
5. Парламент Мәжiлiсiнiң жалпы отырысын Мәжiлiс Төрағасы шақырады.
5-тармақ өзгертілді ҚР Парламенті Мәжілісінің 12.10.2005 № 407-III қаулысымен; ҚР Парламенті Мәжілісінің 17.10.2007 № 64-IV қаулысымен (08.02.1996 жылғы редакцияны қараңыз) ;ҚР Парламенті Мәжілісінің 09.11.2011 № 1926-IV қаулысымен 5-тармақ өзгертілді ҚР Парламенті Мәжілісінің 23.12.2020 жылғы № 1413-VI ПМ Қаулысымен(07.09.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 5-тармақ өзгертілді ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 жылғы № 653- VII ПМ Қаулысымен (23.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мәжілістің жалпы отырыстары сәрсенбі және бейсенбі күндері 13 сағат 00 минуттан 15 сағат 00 минутқа дейін үзіліспен сағат 10-нан 18-ге дейін өткізіледі.
Мәжіліс немесе Мәжілістің Бюросы жалпы отырысты өткізудің өзге уақыты туралы шешім қабылдай алады.
Төрағалық етушi өзiнiң бастамасы бойынша немесе Парламент Мәжiлiсiнiң қатысып отырған депутаттарының көпшiлiгiнiң ұсынысы бойынша жалпы отырыстарда үзiлiс жариялайды.
Парламент пен Мәжiлiстiң жалпы отырыстары өткiзiлмейтiн кезеңде депутаттар Парламенттiң жұмыс органдарында жұмыс iстейдi.
Парламенттiк тыңдау, әдетте, жұма күндерi, ал «үкiмет сағаты» дүйсенбi күндерi өткiзiледi.
Мәжіліс немесе Мәжілістің Бюросы өңірлерге шығудың өзге мерзімдері мен мерзімділігі туралы шешім қабылдай алады.
Парламент Палаталарының бiрлескен және бөлек отырыстарын өткізу кезiнде Парламенттiң жұмыс органдарының отырысын өткiзуге жол берiлмейдi.
6. Егер Парламент Мәжiлiсiнiң жалпы отырысына Палата депутаттары жалпы санының кем дегенде үштен екiсi қатысатын болса, жалпы отырыс заңды деп саналады.
6-тармақ өзгертілді ҚР Парламенті Мәжілісінің 12.10.2005 № 407-III қаулысымен
Жалпы отырыстың заңдылығын анықтау үшiн ол басталар алдында, сондай-ақ әрбiр үзiлiстен кейiн депутаттарды дербес тiркеу өткiзiледi. Дауыс берудiң алдында депутаттарды қосымша дербес тiркеу өткiзiлуi мүмкiн. Рәсiмдiк мәселелер бойынша дауыс берудiң алдында депутаттарды қосымша дербес тiркеу өткiзiлмейдi.
6-1. Парламент Мәжiлiсi жаңа сайланымның бiрiншi жалпы отырысын Мәжiлiстiң Төрағасын сайлағанға дейiн Республика Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы ашады және жүргiзедi.
Регламент 6-1-тармақпен толықтырылды ҚР Парламенті Мәжілісінің 12.10.2005 № 407-III қаулысына сәйкес
Мәжiлiстiң Төрағасын сайлағаннан кейiн Палатаның жалпы отырысын одан әрi Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасы жүргiзедi.
6-2. Мәжiлiстiң бiрiншi жалпы отырысында төрағалық етушi Мәжiлiстiң бiрiншi жалпы отырысы ашылатын күнге жасалған, Орталық сайлау комиссиясы ресми тiркеген депутаттар тiзiмiне сәйкес Мәжiлiстiң сайланған депутаттарының тектерiн Палатаға хабарлайды.
Регламент 6-2-тармақпен толықтырылды ҚР Парламенті Мәжілісінің 12.10.2005 № 407-III қаулысына сәйкес
6-3. Жаңа сайланымның бiрiншi жалпы отырысында Мәжiлiс Палатаның сайланған депутаттары санының көпшiлiк даусымен ашық дауыс беру арқылы Электрондық жүйенiң пайдаланылуын бақылау жөнiндегi комиссияны сайлайды.
Регламент 6-3-тармақпен толықтырылды ҚР Парламенті Мәжілісінің 12.10.2005 № 407-III қаулысына сәйкес; 6-3-тармақ өзгертілді ҚР Парламенті Мәжілісінің 17.10.2007 № 64-IV қаулысымен (08.02.1996 жылғы редакцияны қараңыз); ҚР Парламенті Мәжілісінің 09.11.2011 № 1926-IV қаулысының редакциясында. (08.02.1996 жылғы редакцияны қараңыз) 6-3-тармақ өзгертілді ҚР Парламенті Мәжілісінің 17.10.2007 № 64-IV қаулысымен (08.02.1996 жылғы редакцияны қараңыз) 6-3-тармақ өзгертілді ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 жылғы № 653- VII ПМ Қаулысымен (23.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Бұл мәселе бойынша Мәжiлiстiң шешiмi қаулымен бекiтiледi.
6-4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Регламент 6-4-тармақпен толықтырылды ҚР Парламенті Мәжілісінің 12.10.2005 № 407-III қаулысына сәйкес 6-4-тармақ алынып тасталды ҚР Парламенті Мәжілісінің 23.12.2020 жылғы № 1413-VI ПМ Қаулысымен (07.09.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Егер Палата дауыс берудiң өзгеше тәртiбiн белгiлемесе, осы мәселе бойынша шешiм ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Шешiм Мәжiлiс депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданып, Палата қаулысымен ресiмделедi.
7. Төрағалық етушi Мәжiлiстiң жалпы отырысында:
7-тармақ өзгертілді ҚР Парламенті Мәжілісінің 12.10.2005 № 407-III қаулысымен; ҚР Парламенті Мәжілісінің 17.10.2007 № 64-IV қаулысымен (08.02.1996 жылғы редакцияны қараңыз)
1) Палатаның жалпы отырыстарын ашады, жүргiзедi және жабады;
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Парламенті Мәжілісінің 23.12.2020 жылғы № 1413-VI ПМ Қаулысымен (07.09.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) жарыссөзде сөйлеу үшiн электронды жүйе арқылы жазылғандар туралы мәлiметтi жария етедi. Бұл ретте сөз сөйлеуге жазылу әрбiр қаралатын мәселе бойынша жеке жүргiзiледi;
4) сөз сөйлеу үшiн электронды табло бойынша қатаң түрде кезектiлiк тәртiбiмен сөз бередi;
5) сөйлеушi Регламенттi бұзған жағдайда - оған жасауға, ал қайталап бұзған ретте сөзден айыруға құқылы;
6) рәсiмдiк мәселелер бойынша кезектен тыс сөз бередi;
7) заңдардың, Мәжiлiс қаулылары мен басқа да актiлерiнiң жобалары, депутаттардың жалпы отырыста қаралатын мәселелер жөнiндегi ұсыныстары бойынша дауыс берудi ұйымдастырады және дауыс беру нәтижелерiн жариялайды;
8) жалпы отырысты өткізудің осы Регламентте белгiленген тәртiбiн қамтамасыз етедi.
Мәжiлiстiң жалпы отырысында мәселелердi талқылау кезiнде төрағалық етушi депутаттардың сөздерiне баға беруге және түсiнiктеме беруге құқылы емес.
8. Жалпы отырыстың күн тәртiбi және мәселелердi қарау ретi Бюрода (соның iшiнде сұрау салу арқылы) алдын ала қаралады және жалпы отырыста Палата депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен ашық дауыс беру арқылы бекiтiледi.
8-тармақ өзгертілді ҚР Парламенті Мәжілісінің 12.10.2005 № 407-III қаулысымен
Күн тәртiбi мен жұмыс ретi жөнiндегi ұсыныстар мен ескертпелер әрбiр ұсыныс бойынша Палата депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
9. Палатаның жалпы отырыстарында баяндамалар үшiн - он бес минутқа дейін, қосымша баяндамалар үшін – он минутқа дейін, жарыссөзде сөз сөйлеу үшін – жеті минутқа дейін, жарыссөзде қайта сөз сөйлеу үшiн - бес минутқа дейiн, кандидатураларды талқылау кезiнде - үш минутқа дейiн, рәсiмдiк мәселелер бойынша сөз сөйлеу үшiн, анықтамалар мен сұрақтар үшiн екi минутқа дейiн уақыт берiледi. Белгiленген уақыттан асып кеткен кезде микрофон автоматты түрде өшiрiледi. Қажет болған жағдайда төрағалық етушi екi минуттан аспайтын қосымша уақыт беруi мүмкiн.
9-тармақ өзгертілді ҚР Парламенті Мәжілісінің 12.10.2005 № 407-III қаулысымен; ҚР Парламенті Мәжілісінің 17.10.2007 № 64-IV қаулысымен (08.02.1996 жылғы редакцияны қараңыз) 9-тармақ өзгертілді ҚР Парламенті Мәжілісінің 23.12.2020 жылғы № 1413-VI ПМ Қаулысымен (07.09.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 9-тармақ өзгертілді ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 жылғы № 653- VII ПМ Қаулысымен (23.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Сұрақтар қою және оларға жауап қайтару үшiн - бiр сағаттан аспайтын, ал жарыссөз үшiн бiр жарым сағаттан аспайтын уақыт бөлiнедi. Жарыссөз аяқталғаннан кейiн баяндамашы мен қосымша баяндамашының он минутқа дейін қорытынды сөз сөйлеуге құқығы бар.

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |