Табиғи монополиялар субъектілері қызметтерінің реттеліп көрсетілетін түрлері бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемесін келісу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 14 наурыздағы N 85-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 31 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3531
Редакция 22.01.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілері қызметтерінің реттеліп көрсетілетін түрлері бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемесін келісу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Труба құбырлары және су кәріздері жүйелері саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (А.Г.Асқарова) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.М.Досмағамбет) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төрағаның міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
міндетін атқарушының
2005 жылғы 14 наурыздағы
N 85 НҚ бұйрығымен
бекітілген
Табиғи монополиялар субъектілері қызметтерінің реттеліп көрсетілетін түрлері бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемесін келісу ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Табиғи монополиялар субъектілері қызметтерінің реттеліп көрсетілетін түрлері бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемесін келісудің осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және уәкілетті органмен табиғи монополиялар субъектілері қызметтерінің реттеліп көрсетілетін түрлері бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемесін (бұдан әрі - Әдістеме) келісу тәртібін айқындайды.
2. Ережені әзірлеудің негізгі мақсаты табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша және уәкілетті орган бекітетін экономикалық негізделген тарифтерді белгілеу үшін тұтастай реттеліп көрсетілмейтін қызметтер бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу қағидаттарын, ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін айқындау болып табылады.
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) өтініш беруші - әдістемені уәкілетті органға келісуге жолдайтын табиғи монополия субъектісі;
2) уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
4. Осы Ереже барлық табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылады.
2. Әдістемені ұсыну мен келісу тәртібі
5. Өтініш беруші табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тізіліміне енгізілген сәттен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес әзірленген әдістемені уәкілетті органға келісуге ұсынады.
6. Егер Әдістеме есептік саясаттың бөлігі түрінде орындалған жағдайда, өтініш беруші Ереженің 5-тармағында көрсетілген мерзімдерде уәкілетті органның келісуіне есептік саясатты ұсынады.
7. Келісуге арналған әдістеме немесе есептік саясат:
1) уәкілетті органға, екі және одан көп облыстардағы (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында қызметті жүзеге асыратын өтініш берушілерге, сондай-ақ табысы жылына үш жүз елу мың айлық есептік көрсеткіштерден асатын не егер реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) түпкілікті тұтынушыларының кем дегенде жиырма бес пайыздан асатынының орналасқан жері (тұратын орны) өтініш беруші тұратын облыстан тыс (республикалық маңызы бар қала, астана) жерлерде орналасса, өтініш берушілерге;
2) егер уәкілетті орган өтініш берушінің қызметін реттеу бойынша функцияларын аумақтық органдарға табыстаған жағдайда, өтініш берушінің орналасқан жері бойынша уәкілетті органның тиісті аумақтық органына;
8. Уәкілетті орган әдістемені алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде оны қарайды және өтініш берушіні қабылданған шешім туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.
9. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
10. Әдістемені (есептік саясатты) келісуден бас тартқаны туралы шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган қабылданған шешім туралы хабарламасында бас тартудың себептерін көрсетеді.
Өтініш беруші уәкілетті орган әдістемені келісуден бас тартқаны туралы шешім қабылдаған күннен бастап жиырма күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде келісуден бас тартқаны туралы хабарламада көрсетілген жөнсіздіктерді жояды және Әдістемені уәкілетті органның келісуіне қайтадан ұсынады.
Табиғи монополиялар
субъектілері қызметтерінің
реттеліп көрсетілетін түрлері
бойынша табыстарды, шығындар
мен қолданысқа енгізілген
активтерді бөлектеп есепке
алуды жүргізу әдістемесін
келісу ережесіне қосымша
Бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемесінің үлгі құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады 1. Жалпы ережелер
Оларға сәйкес әдістеме әзірленген негізгі нормативтік құқықтық актілер көрсетіледі. Негізгі пайдаланылған терминдер мен ұғымдар, бөлектеп есеп бойынша сөздіктер келтіріледі. Өтініш берушінің (филиалдар, бірлестіктер, дирекция, орталықтар) ұйымдастырушылық және иерархиялық құрылымы бейнеленеді.
2. Қызметтердің Жіктегішіне сәйкес өтініш берушінің қызметіне бөлектеп есеп жүргізілетін қызметтердің түрлері (қызмет бағыттары )
Өтініш беруші көрсететін (реттеліп көрсетілетін және өзге) қызметтердің толық тізбесі келтіріледі. Егер бөлектеп есепке алуды жүргізу мақсаттары үшін қызметтер қызметтің түрлері бойынша топтастырылады, осы бөлімде қызметтің жүзеге асырылатын түрлерінің тізбесі көрсетіледі. Егер бөлектеп есепке алуды жүргізу кезінде өтініш берушінің табыстары, шығындары мен қолданысқа енгізілген активтері бизнес-процестерге бөлінеді, бизнес-процестердің тізбесін келтірген жөн.
3. Табыстар, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтер
Өтініш берушінің қызметтердің түрлері бойынша табыстарын айқындау тәртібі көрсетіледі.
Қызметтің тиісті бағыттарына және реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлеріне арналған табыстардың, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерінің себеп-салдарлық байланысы көрсетіледі. Кестелі схемаларды пайдалануға жол беріледі.
Көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша қолданысқа енгізілген активтерді бөлу қағидаттары келтіріледі.
4. Шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлу
Барлық кезеңдердің сипаттарын келтіре отырып, шығындарды бөлу кезеңдері бойынша табиғи монополия өтініш берушісінің шығындарын бөлу тәртібі көрсетіледі. Кестелі схемаларды пайдалануға жол беріледі.
Әдістемені Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге ережелермен толықтыруға жол беріледі.