Toggle Dropdown
15
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы N 1729 Қаулысы
Toggle Dropdown
ҚР Үкіметінің 07.04.2020 жылғы № 182 Қаулысымен «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының» 19-тарауын қолдану кезінде 13-тармақтың, 20-тармақтың 4, 10-тармақшаларының, 21-тармақтың 5-тармақшасының қолданылуы ҚР төтенше жағдай қолданылатын кезеңге тоқтатыла тұрады
Toggle Dropdown
Редакция 28.08.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Toggle Dropdown
1) "Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі N 632 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 25, 298-құжат);
Toggle Dropdown
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі N 632 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы N 448 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., N 17, 150-құжат).
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 қазандағы
N 1729 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
7
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары
Toggle Dropdown
1-бөлім. Негізгі ережелер
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 6-бабының 12) тармақшасына, 10-бабының 7) тармақшасына, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының немесе бірыңғай дистрибьютордың үлестес тұлғасы – тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютордың шешімдерін тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) олар қабылдайтын шешімдерге, оның ішінде шартқа байланысты ықпал етуге мүмкіндігі бар тұлға (берілген өкілдіктер шеңберінде оның қызметін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда), сондай-ақ өзіне қатысты тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютордың осындай құқығы болатын кез келген тұлға;
Toggle Dropdown
2) әлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғасы – әлеуетті өнім берушiнiң шешiмдерiн тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешімдерге, оның iшiнде шартқа немесе өзге де мәмiлеге байланысты ықпал етуге құқығы бар жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзіне қатысты осы әлеуетті өнім берушiнiң осындай құқығы болатын жеке немесе заңды тұлға;
Toggle Dropdown
3) тапсырыс берушілер – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер, ведомстволық бөлімшелер (ұйымдар), сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарға, дауыс беру акцияларының (үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға жататын денсаулық сақтау субъектілері;
Toggle Dropdown
4) бірыңғай дистрибьютор – қызметін Кодекстің 77-бабына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асыратын заңды тұлға;
Toggle Dropdown
5) сатып алу – тапсырыс берушінің, бірыңғай дистрибьютордың, лизинг берушінің осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен және тәсілдермен, оның ішінде сатып алу веб-порталын пайдалана отырып, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
Toggle Dropdown
6) сараптамалық бағалау – лизинг беруші, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың оңтайлы техникалық сипаттамалары мен клиникалық-техникалық негіздемесіне сараптамалық бағалауды жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес жүзеге асыратын бағалау;
Toggle Dropdown
7) дәрілік зат – затты не заттардың құрамасын білдіретін немесе қамтитын, адам организмімен байланысқа түсетін, адамның ауруларын емдеуге, олардың профилактикасына немесе оның физиологиялық функцияларын фармакологиялық, иммунологиялық не метаболизмдік әсер ету арқылы қалпына келтіруге, түзетуге немесе өзгертуге немесе адамның аурулары мен жай-күйінің диагностикасына арналған зат;
Toggle Dropdown
8) иммунологиялық дәрілік препарат (иммундық-биологиялық дәрілік препарат) – белсенді немесе белсенді емес иммунитетті қалыптастыруға немесе иммунитеттің бар-жоғын диагностикалауға немесе аллергия тудыратын заттарға иммунологиялық қарсылықтың өзіндік жүре пайда болған өзгерісін диагностикалауға (табуға) арналған дәрілік препарат;
Toggle Dropdown
9) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
10) медициналық бұйымдар – медициналық мақсаттарда жеке немесе өзара ұштастырылып, сондай-ақ арнайы бағдарламалық қамтылымды қоса алғанда, көрсетілген бұйымдарды мақсаты бойынша қолдану үшін қажетті керек-жарақтармен бірге қолданылатын, аурулардың профилактикасы, диагностикасы, оларды емдеу, медициналық оңалту және адам организмінің жай-күйін мониторингтеу, медициналық зерттеулер жүргізу, организмнің анатомиялық құрылымын немесе физиологиялық функцияларын қалпына келтіру, алмастыру, өзгерту, жүктілікті болғызбау немесе үзу үшін медициналық бұйымды өндіруші арнап шығарған және функционалдық мақсаты адам организміне фармакологиялық, иммунологиялық, генетикалық немесе метаболизмдік әсер ету жолымен іске асырылмайтын және дәрілік заттарды қолдану арқылы сүйемелденуі мүмкін кез келген құралдар, аппараттар, аспаптар, жабдық, материалдар және басқа да бұйымдар;
Toggle Dropdown
11) біртекті тауарлар – бiрдей болмаса да, сол бiр функцияларды орындауына және өзара алмастырушы болуына мүмкiндiк беретiн ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрауыштардан тұратын тауарлар;
Toggle Dropdown
12) әлеуетті өнім беруші – осы Қағидаларға сәйкес шарт жасасуға үміткер, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, егер олар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе);
Toggle Dropdown
13) өнім беруші – осы Қағидаларға сәйкес шарт жасасқан, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қаржы лизингі шартын жасасқан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда егер олар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе);
Toggle Dropdown
14) тендер – әлеуетті өнім берушілер арасында ашық бәсекелестікті көздейтін және сатып алу туралы шарттың анағұрлым тиімді талаптарын айқындауға бағытталған сатып алу тәсілі;
Toggle Dropdown
15) екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып өткізілетін тендер (бұдан әрі – екі кезеңдік тендер) – әлеуетті өнім берушілер арасында ашық бәсекелестікті көздейтін және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын аукционды қолдана отырып, шарттың анағұрлым тиімді талаптарын айқындауға бағытталған сатып алу тәсілі;
Toggle Dropdown
16) тендерлік құжаттама – осы Қағидаларға сәйкес тендерлік өтінімді дайындау үшін әлеуетті өнім берушіге тапсырыс беруші немесе тендерді ұйымдастырушы ұсынатын құжаттама;
Toggle Dropdown
17) тендерлік өтінім – тендерлік құжаттамаға немесе осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес жасалған әлеуетті өнім берушінің ұсынысы;
Toggle Dropdown
18) сатып алуды ұйымдастырушы – тапсырыс беруші немесе қор және бірыңғай дистрибьютор айқындаған, осы Қағидаларда көзделген тәсілдермен сатып алуды ұйымдастыратын және сатып алу қорытындысын тапсырыс берушіге немесе қорға және бірыңғай дистрибьюторға сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге шарт жасасу үшін жіберетін адам;
Toggle Dropdown
19) отандық тауар өндіруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға немесе мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын заңды тұлға:
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының аумағында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды немесе медициналық техниканы өндіру жөніндегі фармацевтикалық қызмет «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсат (хабарлама) негізінде жүзеге асырылады;
Toggle Dropdown
тұтынуға (қолдануға) дайын тауарлар Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркелуіне (тіркеу куәлігіне) сәйкес Қазақстан Республикасында орналасқан өндірістік алаңдарда өндіріледі;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының аумағында тауарды жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сәйкес өндірілген немесе жеткілікті қайта өңдеуге ұшыраған және «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында одан әрі айналыста болуға арналған тауарлар;
Toggle Dropdown
«Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тауарды жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтарының аумағында жеткілікті қайта өңдеуге ұшыраған және Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігіне әкетілетін тауарлар;
Toggle Dropdown
20) шетелдік өндіруші (дайындаушы зауыт) – тұтынуға (қолдануға) дайын тауарлары Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде толық өндірілген немесе қайта өңделген, бұл экспорттаушы елдегі құзыретті органдар берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттармен расталған, шет мемлекеттің заңнамасы бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын шетелдік заңды тұлға;
Toggle Dropdown
21) бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың тізімі (бұдан әрі – бірыңғай дистрибьютордың тізімі) – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін:
Toggle Dropdown
дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың сипаттамаларын, олардың халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағаларын, отандық тауар өндірушілермен өнім берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу мүмкіндігін;
Toggle Dropdown
дәрілік заттар үшін халықаралық патенттелмеген атауын немесе құрамы, медициналық бұйым үшін – атаулары немесе құрамы үшін нұсқаманы;
Toggle Dropdown
сервистік қызмет көрсетуді, техникалық ерекшелікті және жиынтықты талап ететін медициналық бұйымдар үшін – атаулары, бір бірлігі үшін және жиынтық бөлінісіндегі құны, тауардың әрбір атауы бойынша беру мерзімдерін қамтитын құжат;
Toggle Dropdown
22) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган – индустрия және индустриялық-инновациялық даму, елдің фармацевтикалық және медициналық өнеркәсібін дамыту, мемлекеттік инвестициялық саясат және инвестициялық қолдау саясаты саласында басшылық жасауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Toggle Dropdown
23) Қазақстан Республикасының резиденттері – Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде шетелдіктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар азаматтығы жоқ тұлғалар, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған барлық заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде орналасқан филиалдары мен өкілдіктері;
Toggle Dropdown
24) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері – осы тармақтың 23) тармақшасында көрсетілмеген жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері;
Toggle Dropdown
25) бекітілген баға – сатып алу нәтижелері бойынша айқындалған өнім беруші дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды бірыңғай дистрибьюторға беруге міндеттенетін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасы;
Toggle Dropdown
26) фармацевтикалық көрсетілетін қызмет – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды, тасымалдауды, сақтауды, есепке алуды және өткізуді қоса алғандағы халықты амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етумен байланысты дәрілік заттардың, медициналық бұйымның айналысы саласындағы субъектілердің қызметі;
Toggle Dropdown
27) өнім берушіге фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің шығындарын өтеу – қор қаражаты немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының қаражаты есебінен бірыңғай дистрибьютордың немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды тасымалдау, сақтау, есепке алу және өткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қоса алғанда, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу нәтижелері бойынша белгіленген құны бойынша шығындарды фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді берушіге өтеу;